Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

      06.05.2026

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » 15 шағын ауданда 195 тұрғын үй салынады

    15 шағын ауданда 195 тұрғын үй салынады

    Өңір тынысы 27.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қаланың сəулеттік келбетіне облыс әкімі айрықша көңіл бөлуде. Аймақ басшысы шаһардағы бірқатар тұрғын үйдің сыртқы келбетімен, №15 шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

    Бердібек Сапарбаев облыс əкімдігі ғимаратынан шыққан бойда қарсы бетте орналасқан үйлердің жағдайына баса назар аударды. Мұндағы №132, 128, 123, 121, 117 үйлердің сəулеттік келбеті қайта жаңғыртылмақ. Бұл көпқабатты тұрғын жайларды толық жөндеу үшін біркелкі эксиздік жоба әзірленген.

    «Бұл көшенің бойында орналасқан үйлердің сәулеттік келбетіне, әрлеу мен сырлауына баса мән берген дұрыс. Өйткені, Абай есімін иеленген көше атына заты сай болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл үйлердің шатыры қатты тозған. Осыған мән бере отырып, қасбеттері мен шатырын ауыстыруға көмек беретін демеушілерді тарту керек. Қала басшылығы мән беруі керек», — деді өңір басшысы.

    Тараз қаласында 1300-ден астам көпқабатты үй бар. Солардың 521-і жөндеуді қажет етеді. Бүгінге дейін 270-і жаңартылды. Биыл 80 үйге «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 3,3 млрд.тг. бөлінді. Қазіргі таңда 41 үйге жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл шаруамен 13 құрылыс компаниясы айналысуда. Бағдарлама шеңберінде көпқабатты үйлердің жертөлесі жөнделіп, шатыры ауыстырылады. Кіреберістері де қайта қалпына келтіріледі. Атап өтерлігі, жауапты компанияны тұрғындар өздері таңдап, жұмыс барысын бақылайды.

    Бұдан кейін облыс әкімі «Астана» шағын ауданына барды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салынған «Сарайшық» скверінде болған Бердібек Сапарбаев нысанның қазіргі жағдайына көңілі толмады. Қалаға көрік беріп тұрған сквердің кірпіштері құлап, тас төсеніштері мүжіле бастаған. Субұрқағы да істемей тұр. Осыған байланысты, қала әкімдігіне кемшіліктерді тез арада түзеу тапсырылды. Сондай-ақ, осы шағын аудандағы үйлердің қабырғасына салынатын суреттер жобасы таныстырылды.

    » Абай көшесінің бойында Абай Құнанбайұлының, Әл-Фараби көшесіне Әл-Фарабидің суреттерін салу керек. Сонымен бірге, бұл өңірден шыққан қаншама белгілі тұлғалар бар. Атап айтсақ, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Мұхамед Хайдар Дулати. Сол секілді көптеген спорт саңлақтары, Олимпиада чемпиондары мен басқа да белгілі тұлғалардың суретін бейнелеуге ден қойған абзал», — деді аймақ басшысы.

    Келесі кезекте Бердібек Сапарбаев ҚР Тұңғыш Президент паркінде болды. Саябақта бұлақ көздерін ашып, ондағы су тоғанын балдырдан тазартуды, ашық аспан астындағы сахна мен сол маңайдағы тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін ретке келтіруді шегелеп тапсырды.

    Бұдан әрі облыс әкімі №15 шағын ауданындағы құрылыс жұмыстарын көрді. 2017-2019 жылдары бұл аумаққа жаңа тұрғын үйлер салуға 18,7 млрд. теңге жұмсалған. Ал биылғы тұрғын үй құрылысына 20,2 млрд.теңге қарастырылған.
    Ондағы жұмыстар барысы туралы құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров баяндады. Бұған дейін жаңа ауданда 26 үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 38 үйді тапсыру жоспарлануда. Жоба бойынша шағын ауданда 195 көпқабатты үй болуы тиіс. Бұдан бөлек, 4 мектеп, 5 балабақша салынбақ.

    «Шағын ауданда 1200 орындық мектеп құрылысын бастау қажет. Осылайша бір білім ошағын салу арқылы 2 мың оқушыны мектеппен қамтуға болады. Сөйтіп кезең-кезеңімен мектеп, балабақша, кәсіпкерлердің көмегімен сауда орталықтарын саламыз. 41 мыңнан астам адам тұруы көзделген шағын ауданның болашақ жағдайын қазірден ойлаған жөн», — деді Бердібек Сапарбаев.

    Өңір басшысы «Арбат-1» жаяу жүргіншілер аллеясындғы абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Мұнда алдағы уақытта бірнеше су бұрқақ пайда болады. Демалыс орны жасыл-желекпен көмкеріліп, жастардың серуендейтін саялы мекеніне айналмақ.
    «Барлық нысанда жұмыс жоспарға сай жүргізіліп, қойылған міндет сапалы әрі уақыты орындалуы тиіс», — деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

    Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026

    Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

    27.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.