Автор: admin
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында 2019 жылы 2 нысанның құрылысына (1 нысан 2018 жылы өтпелі) бюджеттен 1,7 миллиард теңге (РБ-1,5 миллиард теңге, ОБ-0,177 миллиард теңге) бөлінді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Ы.Дүкенұлы көшесіндегі насос бекетінен бастап, Саңырақ батыр мен Тәуке хан көшелерінен бойлап, РК-4 аралықтағы екі су жүйесін қайта құрып, жаңғырту» нысан құрылысы 2017 жылы басталып, қалалық бюджет есебінен 100 миллион теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2018 жылы облыс бюджет есебінен 89,0 миллион теңге, 2019 жылға 444,4 миллион теңге (РБ-400,0 миллион теңге,ОБ-44,4 миллион теңге) бөлініп, толығымен игерілді. республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеуінен нысан 2020 жылы пайдалануға тапсырылады. «Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесі бойында су тартқыш салу» нысан құрылысы 05.06.2019 жылы басталды. Бас мердігер «Тараз строй-2004» ЖШС.…
Қаланың сыртқы жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстары мердігер «Тараз-Жарық» ЖШС-гімен атқарылуда, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Келісім-шарт құны — 78,267 миллион теңге. 11.12.2018 жылы мердігер «Қазақстан электро» ЖШС-гімен жасалып, С.Сейфуллин, Қ.Тұрысов, Т.Рысқұлов, Шостакович көшелерінің сыртқы жарықтандыру желілері қайта жаңғыртудан өтті. Жұмыс құны — 65,968 миллион теңге (оның ішінде: 2019 жылғы жұмыстарға бөлінген қаржы — 20,154 миллион теңге). Жоба бойынша 4 көшеде 261 темірбетонды бағана, 15,3 шақырым СИП сымдары алынып, 191 монолитті темір бағана, 191 жарықдиодты шам, 7 жарықты басқару шкафы орнатылды, 15,7 шақырым жерасты кабель желілері жүргізілді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасы бойынша 2018 жылы Тараз қаласының 2 даңғылы мен …
Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласын газдандыру барысында биыл 37,4 шақырым полиэтиленді газ құбырлары ауыстырылады, — деп хабарлайды Тarazy.kz. газбен қамтамасыз етуші мекеме — «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы. Қаладағы газ құбырларының ұзындығы 1475 шақырым құрайды, оның ішінде: — 1112 шақырым жерасты құбырлар — (жоғарғы қысымды — 35 шақырым, орта қысымды — 994 шақырым, төмен қысымды — 83 шақырым), — 363 шақырым жерасты құбырлар — (жоғарғы қысымды — 0,045 шақырым, орта қысымды — 24 шақырым, төмен қысымды — 339 шақырым). Ағымдағы жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ инвестициялық бағдарламасы бойынша өз қаражаты есебінен «Тараз қаласының газ тарату жүйелерін жаңғырту. 2 кезең» жобасының…
Жамбыл облысының бас қаласы Тараз қаласындағы М-2 және М-4 магистральдық жылу желілерін ауыстыру жобалары жүзеге асырылып жатыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz. 2019 жылы Тараз қаласында тозығы жеткен жылу желілерін қайта жаңғырту үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2 жобаға 7,6 миллиард теңге сомасына ұзындығы 9,3 шақырым магистралды жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Олар: — М-2 жылу магистралін реконструкциялау жобасына бөлінген 4 181,0 миллион теңгеге жаңартылатын желілердің ұзындығы – 5,169 шақырым құрайды. Жобаның бас мердігері «Корпорация Жилстрй Тараз» ЖШС. Игерілген қаражат 2046,7 миллион тенге немесе 49 пайыз. Бүгінге қазба жұмыстарының орындалуы – 4,9 шақырым немесе 96 пайыз, құбырларды демонтаждау – 4,7 шақырым немесе 91…
Ағымдағы жылы «Арай» алқабының барлық көшелері мен бұрылыстарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Жалпы ұзындығы 31,086 шақырым жолға асфальт жабындысы төселеді. Жобаның жалпы құны 584 миллион 522 мың 581 теңгені құрайды. Жалпы жоба 4 комплекске бөлінген.Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды («Айя-Сервис» ЖШС). Бүгінге күнде техникалық қадағалаушыны анықтау конкурсы Қаржы бақылау органында шағымдану сатысында тұр. Шағымдарды қарау мерзімі ағымдағы жылдың 24 тамызында аяқталады. Техникалық қадағалаушы анықталғаннан кейін құрылыс-монтаждық жұмыстар басталады. 2019 жылы қала бюджетінде жол құрылыстарына 2 160 миллион теңге қаралған. Бұл қаражаттарға «Бұрыл А,Б,В» тұрғын алқаптарының 26 шақырымды құрайтын 50 көшесіне қиыршық…
Биыл Тараз қаласының 78 шақырымдық 148 көше (бұрылыстар тұйықтарымен қоса) жолы орташа жөндеумен қамтылмақ. Бүгінде бұл жұмыстар басталып кетті. «Шалғай Қарасуда» ұзындығы 520 метрді құрайтын Прибалхашская көшесінен Анарбаев көшесіне дейін қалыңдығы 6 сантиметр болатын асфальт жабындысы төселуде. Одан өзге мұнда балалардың қауіпсіздігі үшін № 21 мектепке дейін жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Құрылыс сапасы мамандармен қатаң қадағалануда, — деп хабарлайды Тarazy.kz. Айта кету керек биылғы жылы қалада орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылатын «Тайвань», «Арай» тұрғын алқаптары. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 600 миллион теңгеге қаланың көпқабатты тұрғын үйлері орналасқан шағын аудандардағы жол жабындыларын ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылатын болады. Сол сияқты «Бурыл…
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сонымен бірге көліктерде Күндуз Жолдыбаева мен Фарид Ниязовтың жақтастары бар. Келіссөздер ұзаққа созылды, бірақ соған қарағанда Алмазбек Атамбаев өзі берілген. Бұрынғы президенттің жақтастары машинаны өткізбей жатыр. Атыс басталған. https://youtu.be/NpZtea9YhvY
Шымболат Тналиев, АҚШ-тағы Вирджиния университетінің студенті: Зияткерлік мектеп оқушыларымен бір командамыз Оралдағы Зияткерлік мектеп түлектері мен оқушылары тамақтану орындарына арналған жаңа төлем жүйесін жасақтады. «Pie Pay» бойынша тұтынушы мекеме ұсынған арнайы pау карта арқылы төлем жасай алады. Жоба жетекшісі – АҚШ-тағы Вирджиния унисерситетінің студенті, мектеп түлегі Шымболат Тналиев. Талапты жас Финляндия, Түркияда білім алып жатқан мектеп түлектері мен оқушылардың басын қосыпты. – Шет елде қазақстандық студенттер маған көп көмектесті. Мен де білген-түйгенімді өзгелермен бөлісуді парызым деп санаймын. Біздің шетелде жинақтаған тәжірибе мен оқушылардың білімі бір арнада тоғысты, – деп бөлісті Шымболат. Команда мүшелерінің әрқайсысына түрлі міндеттер жүктелген: бірі бағдарламалаушы қызметін атқарса, қалғандары дизайн жасау, қаржылық сұрақтарды реттеу, маркетинг, ұйымдастыру жұмыстарына…
«100 жаңа оқулық жобасының» негізгі мақсаты — мемлекеттік тілде гуманитарлық білім бағыттары бойынша студенттердің толыққанды білім алуы үшін жағдай жасау болып табылады. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша бейнеролик даярланды, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Әлемнің озық оқулықтарын түп нұсқадан қазақ тіліне аудару. Бүгінгі таңда жоба аясында аударылған 50 кітапты Тараз қаласындағы ТарМУ, ТарМПУ, ТИГУ-дің кітапханаларынан оқуға болады. https://youtu.be/PubwN-M5tVw Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және…
Тараз қаласының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы аула клубтарына материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Қазіргі таңда баланың қызығушылығына септігін тигізіп, икеміне қарай жаңа қырынан танылуына, өмірлік жолын анықтауда аула клубтарының маңызы зор. Аула клубының мақсаты — оқушылардың мектептен тыс өмірін тиімді пайдаланып, өздері оқып жүрген пәндерін тереңдетіп оқыту, жалпы баланы жан-жақты дамытып, бейімін жетілдіру болып табылады. Жастар ресурстық орталыққа қарасты 4 аула клубтары «Арай» (Самал м\а 14 үй, 2-Б пәтер), «Ботақан» (Төле би көшесі 11 үй), «Балауса»(Қарасу м\а 5 үй, 24 пәтер), «Жас балғын» (Талас м/а 10Б) тұрақты жұмыс атқаруда. «Аталған аула клубтарында 4 жастар ісі жөніндегі инспектор 206…