Close Menu
    Оқылып жатыр

    Долларлық депозит пайызының өсуі теңге бағамына қалай әсер етеді?

    29/09/2026

    Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

    29/09/2026

    Тоқаев ресми сапармен Германияда жүр

    29/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 30 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Долларлық депозит пайызының өсуі теңге бағамына қалай әсер етеді?

      29/09/2026

      Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

      29/09/2026

      Қазақстанда кедейлік 5%-ға төмендеген

      29/09/2026

      Алматы мен Алматы маңында бір күнде үш рет жер сілкінді

      28/09/2026

      Алматыда коммуналдық төлемнің бір бөлігі қымбаттайды

      28/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған айрықша акция бастау алды

    Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған айрықша акция бастау алды

    Өңір тынысы 09/05/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Адамзат тарихында өшпес із қалдырған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Жамбыл облысында айрықша акция бастау алды. «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» мерекелік акциясы аясында облыстың өнер шеберлері жылжымалы экипажбен Тараз қаласының тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

    Жылжымалы экипаж бағдарламасы ең алдымен «Жеңіс» саябағынан бастау алды. К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары радио құрылғысы арқылы тұрғындарға мерекелік құттықтау жолдап, әскери және патриоттық әндерден радиокопозияциялар ұсынды. Ал облыстық қазақ және орыс драма театрларының өнер шеберлері хас батырлар Б.Момышұлының, Ә.Молдағұлованың, Р.Қошқарбавтың бейнелерін сомдап, А.Константинованың «Фронтовая любовь» диалогын орындады.

    Сұрапыл соғыстағы батырлардың өшпес ерлігіне, өлшеусіз еңбегіне құрмет көрсетуге бағытталған акцияны қала тұрғындары ерекше қабылдады. Олар экипаж мүшелерінің өнерін үйлерінің балкондарынан тамашалап, ризашылықтарын қошемет көрсету арқылы білдірді. 

    «Жеңіс» саябағанына соң экипаж бағыты орталық «Достық» алаңы арқылы Абай, Әйтеке би, Ташкент, Көшеней сияқты негізгі көшелерге ұласты. Одан соң экипаж мөлтекаудандарды, Тәуке хан, Төле би көшелерін жүріп өтіп, «Жеңіс» саябағына қайта оралатын болады.

    Қала тұрғындары аталған ацияны «Жамбыл облыстық мәдениет басқармасы» фейбук парақшасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

    1941-1945 жылдардағы Кеңес одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихта қалды. Қазақстаннан ҰОС алғашқы кезеңінде 14 атқыштар дивизиясы мен атты әскерден алты бригада майданға аттанды. Қазақстаннан 497 жауынгер Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Кеңес Одағы үшін екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс  өте қымбатқа түсті, жиырма жеті миллионнан астам жауынгер майданнан оралмады, оның 603 мыңы қазақстандық майдангерлер еді.

    Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда нацистік кезеңде басталды, 1939 жылғы  кеңес-герман шарттарын бұзған Германия КСРО-ға шабуыл жасады. Соғыс Кеңес  Одағының барлық халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды.

    Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы: соғыс біздің миллиондаған отандастарымыздың жүрегінде өшпес із қалдырды. «Ұлы Отан соғысы»  ̶  біздің заманымызда ғана емес, болашақ үшін де игілікті және толғандыратын әрі қызықты тақырып.

    Қазақстандықтар біріңғай елдің азаматтары ретінде соғысқа белсенді және жаппай қатысты. Көптеген еріктілер майданға аттанып, Мәскеу, Сталинград және Курск доғасының астында шайқасты. Майданға республиканың 18-ден 50 жасқа дейінгі ер азаматтарының 70 пайызы кетті. Ұлы Отан соғысының 1418 күні Кеңес мемлекетінің, соның ішінде Қазақстан тарихында аса күрделі кезең болды. Солдаттар мен офицерлер өз өмірлерін аямай, фашистерді талқандап, фашистік Германияны тізе бүктірген. Рейхстагқа жеңіс туын лейтенант Р. Қошқарбаев, сержант М. Егоров, кіші сержанттар М. Кантария, П. Щербина, қатардағы жауынгерлер Г. Булатов, И. Прыгунов және Н. Бык сияқты азаматтар тікті. Кеңес Одағының Батыры атағы 497 қазақстандықтарға берілді.

    Қазақстан майданды әскери техникамен, тамақпен және киіммен қамтамассыз етуде үлкен рөл атқарды. Көптеген зауыттар мен фабрикалар елге көшіріліп, майданның тұрақты арсеналына айналды. Барлық кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға көшті.Тылдың негізгі ауырлығын зауыттар, колхоздар, өнеркәсіп кәсіпорындары алды. Ауыр жағдайларда әйелдер, қарттар мен балалар майдангерлерді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ете отырып, жанкешті еңбек етті.

    Жеңіс күніне орай дәстүрлі түрде Қазақстанның барлық ірі қалаларында мерекелік іс-шаралар өтеді. Көшелерде әскери техникалар, ат шеруі, Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі, мерейтойлық отшашу өтеді. Концерттер, мәдени-көпшілік іс-шаралар, мерейтой медальдарын тапсыру, суретшілердің, халық шығармашылығының, Ұлы Отан соғысына арналған кітаптардың көрмесі және т.б. ұйымдастырылады.

    Тараз Ұлы Отан соғысы

    Оқылып жатыр

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29/06/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Долларлық депозит пайызының өсуі теңге бағамына қалай әсер етеді?

    29/09/2026

    Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

    29/09/2026

    Тоқаев ресми сапармен Германияда жүр

    29/09/2026

    Қазақстанда кедейлік 5%-ға төмендеген

    29/09/2026

    Алматы мен Алматы маңында бір күнде үш рет жер сілкінді

    28/09/2026

    Алматыда коммуналдық төлемнің бір бөлігі қымбаттайды

    28/09/2026

    Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында рекорд орнатты

    28/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.