Автор: admin

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласына арнайы келді. Қаланы қалпына келтіру бойынша өңірлердің штаб жұмыстарын барлаған үкімет басшысы Жамбыл облысының штабына да бас сұқты. Штабтың белсенділігін, жамбылдық құрылысшылардың жемісті жұмысын атап өтіп, жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, өзге де өңірлердің штабтарының жоспарлы шараларымен танысқан Асқар Ұзақбайұлы қаланы қалпына келтіру жұмыстары уақытылы әрі сапалы орындалуы керектігіне көңіл бөлді. Айта кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша Жамбыл облысының штабы жемісті жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде кешеге дейін 21 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Сондай-ақ, қазіргі таңда жамбылдық 300-ден астам құрылысшы 180 жеке тұрғын үйдің демонтаж жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін xабарлағанымыздай өңірімізге тиесілі…

Read More

Ресейлік музыкант, продюсер Бари Алибасовтың продюсерінің көмекшісі дәрігермен музыкантты ауруханаға жатқызу туралы алдын ала келісіп алған. Олардың хат алмасу үзіндісі «Бірінші арнадағы» «На самом деле» бағдарламасының эфирінде көрсетілді, — деп хабарлайды Lenta.ru. Эфирде көрсетілген хабарламаларға қарағанда, Алибасов уланғанға дейін бір ай бұрын оның көмекшісі дәрігермен сөйлескен. Ол музыкантты емдеуге жатқызудың алдын ала себептерін талқылаған. «Емдеуге жатқызу себебін ішімдіктен емес, асқазан немесе бауырға қатысты сылтау ойлап табу керек шығар? Кеңсе мен мысықты өзім реттеймін», — деп жазған көмекші. Дәрігер онымен келіседі. «Бірінші арна» скриншоты Скриншоттар жариялағаннан кейін Алибасов студиядан шығып кетті. Оның алдында ол қайда уланғанын және қандай ауруханада жатқанын есіне алмайтынын мәлімдеген. Бағдарлама…

Read More

Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды, — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі. «Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Н.Қ. Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі («Пара алу») бойынша кінәлі деп танылды. Оған осы баппен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Р.И. Андрианов ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген елордалық баспасөз қызметінде. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 17 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері пара алды деген күдікпен «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшыларын ұстады. Кейін Қазгидромет өкілдері…

Read More

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ерслан Шакенов пен Аян Жапсар Крэнфилд университетіне оқу-танымдық сапарға аттанады. Аталған мүмкіндікті балалар Nazarbayev Fund Schools Challenge байқауына қатысу арқылы жеңіп алды. Аян мен Ерслан ұшақтардың ұшу тиімділігін арттыруға бағытталған дизайнерлік, технологиялық, техникалық шешімдер мен идеяларын таныстырды. «Біздің алдымызда аса тиімді ұшақты жобалау міндеті тұрды. Оның конструкциясы үшін біз жеңіл және берік материалдарды пайдаландық, сондай-ақ екі электр қозғалтқышын енгіздік. Ұшақтың көтерілу күшін арттыратын аэродинамикалық қанаттар пайдаландық. Байқау ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз. Өз жұмысымыз бен еңбегімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік берді, – дейді жас өнертапқыштар. Байқаудың финалына 100 үздік команда қатысты, бұл – Қазақстанның барлық аймақтарынан келген…

Read More

Алматыда Қазақстандық фермерлерге жайылымдағы малды бақылау құрылғыларын салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті. Samsung және корейлік Lives’talk стартап-тобы Алматы облысының мал шаруашылық иелеріне 50 GPS трекерін сыйға тартты. Lives’talk командасының көшбасшысы Юн Янгчен жергілікті әкімдік өкілдеріне, фермерлер мен инвесторларға жоғары технологиялық шешімді өзі таныстырды. Ал салтанатты шараның арнайы қонағы ретінде Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Талғат Байназаров шақырылды. Құрылғының бір данасы мектеп директорына сыйға тартылды. Еске салайық, Тараздық Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Бекнұр Қалмаханбет пен Дәурен Тенельбаев GPS Tracker-ді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ететін арнайы желілік генератор ойлап тауып, құрылғыны жетілдірген болатын. Осы жылдың сәуір айында Тараз қаласының Назарбаев…

Read More

«Казахи» көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалды. Нұрдәулет Шертім жаңа қызметке тағайындалуына қуанышты екенін және осы спорт түрін дамытуға барын салатынын жасырмады. «Менің жұмысым осы спорт түрін дамыту және қазақстандықтар үшін осы жекпе-жектің маңызды оқиғалары туралы ақпарат беру. Бұл қауіпсіз спорт түрі. Жастардың жаман іспен айналыспағаны дұрыс, спортпен шұғылдану қажет», — деді ол. «Казахи» көңілді тапқырлар клубы командасының мүшесі өзі де спортпен шұғылданатынын айтты. Ол бокс, самбо, күрес және панкратионмен айналысады екен. Оның осы қызметке тағайындалуымен Тobet top team жекпе-жек академиясының өкілдері әлеуметтік желіде құттықтады. https://www.instagram.com/p/Bzvvh6ihsld/?utm_source=ig_embed «@nurdaulet_shertim Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы…

Read More

Ребенка похитили из роддома в Таразе, передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. 8 июля в полицию Тараза обратилась молодая женщина с заявлением о том, что из областного перинатального центра был похищен ее новорожденный ребенок. Правоохранители проверили записи видеокамер, установили, в какую сторону похитительница ушла после того, как покинула роддом. «Досконально проверен весь близлежащий жилой сектор, осмотрены все номера в расположенной поблизости гостинице, в одном из которых и был обнаружен похищенный младенец. Тяжкое преступление удалось раскрыть в течение двух часов, ребенок возвращен матери», — рассказали в полиции. По подозрению в похищении младенца была задержана 22-летняя жительница села Каракемер Жамбылской области. Полицейскими…

Read More

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада. Осы орайда Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметінен босатылды. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылы 6 тамыз — 2019 жылы 17 маусым аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Бұл лауазымға Ақтоты Райымқұлова тағайындалды.

Read More

Ермек Аманшаев ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары —  ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі. Биыл ақпан айынан Ермек Аманшаев ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болды. Мәдениет және спорт вице-министрі және «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті болған Ермек Аманшаев отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткерi» белгісімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.

Read More