Автор: admin

Алматы қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы аясында жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары ғалымдарының ғылыми көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өткен көрмені ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова бастаған делегация тамашалады. Мұнда 40-тан астам инновациялық жоба келушілер назарына ұсынылды. Көрмеде цифрлы технологиялар, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, нанотехнология, металлургия, тағам өнеркәсібі және өзге де стратегиялық маңызды салалардағы заманауи әзірлемелер таныстырылды. Ғалымдар өз жобаларының тәжірибелік маңызын, өндіріс пен экономикаға енгізу мүмкіндіктерін және коммерцияландыру әлеуетін жан-жақты баяндады. Соның бірі Satbayev университетінің ғалымдары өндірістік қалдықтар мен жылу электр станциясынан шыққан күлдерді…

Read More

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әскери кафедрасында студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Шараға Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы мен Әскери полиция бөлімінің өкілдері, бөлім командирлері, Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры, әскери кафедра қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында студенттер әскери техникалар мен қару-жарақ түрлерін тамашалап, кафедраның оқу-материалдық-техникалық базасымен, оқу-жаттығу және саптық алаңдарымен танысты. Сондай-ақ қызметтік иттердің көрсетілімін көрді. Атыс дайындығына арналған тренажерлық кешендерді аралады. Тәжірибелі әскери қызметшілер студенттерге әскери мамандықтың стратегиялық маңызын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді және жас буынды Отанды қорғауға, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Ашық есік күніне…

Read More

Алматы облыстық сотының апелляция алқасы Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының шағымын қарады. Сот атышулы іс бойынша бірінші инстанция шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Tarazy.kz 12 ақпанда қабылданған шешімге сәйкес Хасан Қасымбаев орташа қауіпсіздік мекемесінде тағайындалған 12 жылдық жазасын өтеуді жалғастырады. Іс бойынша сотталған өзге адамдарға шығарылған үкім де өзгеріссіз қалды. Айта кетейік, биыл 13 қаңтарда Алматы облыстық сотына Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының апелляциялық шағымы түсті. Еске салайық, 2025 жылы 11 қарашада Хасан Қасымбаевтың өзі мен сыбайластары сотталды. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Read More

Депутат Еділ Жаңбыршин мұнай компаниясының басшысын сынға алды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бүгін Мәжілісте мұнай компанияларының Қазақстанда тауарды аз көлемде сатып алып, көбіне Қытайдан әкелетіні талқыланды. Отырыста «Матен Петролеум» АҚ-ның бас директоры Лю Цзиньчэн компанияның қазақстандық тауар өндірушілермен бар болғаны алты ғана ұзақмерзімді келісімшарты бар екенін айтты. Алайда ол бұл келісімдер нақты қай кәсіпорындармен жасалғанын атай алмады, жауап беру кезінде үнемі орынбасарына қарап отырды. Бұл жағдай Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинге ұнамады. Ол мұнай компаниялары отырыстың күн тәртібін алдын ала білгенін, сондықтан қандай компаниялармен және қандай тауарларға келісімшарт жасалғаны «ауыздарынан автоматты түрде айтылуы тиіс» екенін қатаң түрде айтты. Әсіресе келісімшарттар саны небәрі алтау ғана болса, мұндай…

Read More

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Алдын ала мәліметтерге сәйкес, лудоманияға шалдыққан кәсіпорынның бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, оларды «1XBet» букмекерлік кеңсесінде бәске тіккен. Сондай-ақұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған. Мемлекетке келтірілген жалпы залал — 118 миллион теңге. Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізуде. Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр, автокөлікке тыйым салынды.

Read More

Алматыда көрнекті саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының рухына арналған еске алу жиыны өтті. Шараны марқұмның отбасы ұйымдастырды. Басқосуға оның замандас әріптестері, достары, қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділер жиналды, деп хабарлайды Tarazy.kz 2006 жылғы 11 ақпанда Алтынбек Сәрсенбайұлы көмекшісі Бауыржан Байбосын және жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге із-түзсіз жоғалған. Екі күннен кейін олардың мәйіті Алматы маңындағы таулы аумақтан табылып, үшеуінің де атып өлтірілгені белгілі болды. Алайда бұл қылмыстың барлық қыры әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Құқық қорғаушы Евгений Жовтис саяси сипаттағы кісі өлімі істері көбіне әділ тергелмей, саяси ықпалмен жүретінін айтты. Оның пікірінше, бұл іс те түбегейлі, бейтарап тергеліп, қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалар…

Read More

Ресей Қазақстан мен Ресей аумағында бірқатар білім беру жобаларын іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Дипломаттың айтуынша, гуманитарлық ынтымақтастық аясында Тараз, Қызылорда және Түркістан қалаларында ресейлік мектептер салу көзделген. Ал Ресейдің Омбы, Астрахань және Орынбор қалаларында қазақстандық білім беру ұйымдарының құрылысы басталмақ. Жоба екі ел арасындағы келісімдер негізінде жүзеге асады. Елші бұл бастамаларды білім саласындағы өзара ықпалдастықты күшейтетін маңызды қадам ретінде бағалап, жоспарланған жұмыстардың қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Алматы маңында дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған ресейлік «Сириус» білім беру орталығының филиалын ашу жоспары бар. Сұхбат…

Read More

Атырау облысы Құлсары қаласындағы №6 мектепте болған оқиғаға қатысты баланың анасы жағдайдың қалай өрбігенін айтып берді. Оның сөзінше, оқиғаға дейін ұлы ұзақ уақыт бойы әлімжеттік көрген, деп хабарлайды Tarazy.kz Анасының айтуынша, сабақ үстінде сыныпта отырған баланы төрт оқушы шақырып алып, мектеп дәретханасында қысым көрсеткен әрі намысына тиетін сөздер айтқан. Осы жағдайдан кейін ашуға булыққан жасөспірім оларды қорқыту мақсатында соңдарынан балтамен жүгірген. Сондай-ақ анасы ұлының мектепке барғысы келмейтінін бірнеше рет айтқанын жеткізді. Алайда ата-анасы оны сабырға шақырып, оқуын жалғастыруға көндірген. «Балам ауырмайды, дені сау. Видеодан қарасаңыздар, ол тек өзіне тиісіп жүрген балалардың соңынан ғана жүгірген. Бұрын да “мектепке барсам, маған бірдеңе болуы…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы тиісті құжатқа қол қойып, жалпыхалықтық дауыс беру күнін ресми түрде бекітті. Еске салайық, бұған дейін Президент жаңа Ата Заңға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдум арқылы қабылданатынын мәлімдеген болатын.

Read More

1 сәуірден бастап «Алматы жылу желілері» компаниясының жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау тарифі орта есеппен 6%-ға артады. ҚҚС-пен бірге жаңа тариф 5237,365 теңге/Гкал болады, деп хабарлайды Tarazy.kz Жеке тұлғалар үшін Тариф 9,8%-ға өседі. – Үйде ортақ есептеуіш құралдары жоқ тұрғындар үшін тариф 9004,01 теңгеден 9888,30 теңгеге дейін көтеріледі.– Ортақ есептеуіш құралдары бар үйлердегі жеке тұлғалар үшін 7364,88 теңгеден 8088,18 теңгеге дейін өседі. (Көрсетілген сомалар 16% ҚҚС-сыз берілген.) Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс инфляция көрсеткішіне жыл соңына қарай әсер етуі мүмкін. Себебі тариф көтерілгеннен кейін көп ұзамай жылыту маусымы аяқталады. Ал ыстық су тарифі 1 сәуірден бастап 9%-ға қымбаттайды.

Read More