Автор: admin
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Tarazy.kz Ширек финалда қазақстандық теннисші Джессика Пегуламен (АҚШ) кездесті. Матч екі сетке созылды. Нәтижесінде Рыбакина 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда отандасымыз Элина Свитолинамен (Украина) кездеседі. Айта кетейік, рейтинг ресми түрде жаңартылғаннан кейін Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады.
Жамбыл облысында авторлардың рұқсатынсыз кітап көшірмелерін сатқан тұлғадан моральдық зиян өндірілді, деп хабарлайды Tarazy.kz Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың мәліметінше, сот шешімімен жауапкерден әр талапкердің пайдасына 100 мың теңгеден моральдық өтемақы, сондай-ақ сот шығындары өндірілген. Сот анықтағандай, талапкерлер екі әдеби шығарманың авторлық құқық иелері болып табылады. Бұл құқықтар мемлекеттік тізілімдегі тиісті куәліктермен расталған. Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылы авторлар өз кітаптарының көшірмелері Kaspi Магазин платформасы арқылы олардың келісімінсіз және белгіленген бағадан төмен сатылып жатқанын анықтаған. Сот барысында бұл дерек кітап сатып алу бейнежазбалары және баспа өкілдерінің куәліктері арқылы дәлелденді. Мамандар заңсыз сатылған кітаптардың түпнұсқадан баспа сапасы мен безендірілуі бойынша айтарлықтай айырмашылығы…
Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолды төрт жолаққа кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытын төрт жолақты етіп кеңейту жобасының бірінші кезеңінің басталу рәсімі өтті. «Үкіметтің ерекше қолдауымен 2022-2025 жылдары аймағымыздағы 1 600 шақырым тасжол мен көшелерді, 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуден өткізуге 150 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті. Биыл да жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 56 жобаға бюджеттен 37 млрд. 845 млн. теңге қаралған. Бұл…
Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, азық-түлік алаяқтығынан болатын жаһандық шығын жылына 40–50 млрд долларды құрайды. Адал емес өндірушілердің ең кең таралған тәсілі — қымбат ингредиенттерді арзанырақ баламалармен алмастыру. «Мысалы, арзан балық түрлері лосось немесе тунец ретінде сатылуы мүмкін, ал сүт өнімдері су немесе өсімдік майларымен сұйылтылады. Сондай-ақ таңбалаумен манипуляция жасау да жиі кездеседі: құрам туралы бұрмаланған мәліметтер немесе жалған сертификаттар көрсетіледі», — деп жазады Qazaq Expert Club-тың азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшысы Лаура Аутелеева өзінің Telegram-арнасында. Оның айтуынша, Қазақстанда өнімнің қауіпсіздігін сату кезеңінде бақылауды Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жүзеге асырады. Сәйкес келмейтін өнімдердің (тауарлардың) тізілімі бар. «Азық-түлік өнімдерін зерттеу нәтижелерін…
Қазақстан азаматы Екатерина Шилова Варшавада өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz. Бұл туралы «Айран» арнасына оның әпкесі хабарлаған. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел адам кісі қолынан қаза тапқан. Бұған дейін Екатерина Шилованың Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені белгілі болған еді. Ол Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болған, алайда ұшаққа отырмаған. Осыдан кейін онымен байланыс үзіліп кеткен. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилова қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. «Қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі марқұмның туған-туыстарымен, сондай-ақ, Польша тарапының құзыретті органдарымен байланыста және консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде мәйітті…
Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде өткен жоспарлы атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алып, көз жұмды, деп хабарлайды Tarazy.kz Атырау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 наурыз күні далалық атыс жаттығулары барысында болған. Алдын ала деректер бойынша, қайғылы жағдай қаруды пайдалану кезінде жіберілген абайсыздықтың салдарынан орын алған. Жарақат алған әскери қызметші бірден медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Қазақстан Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан сарбаздың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі…
Абай университеті еліміздегі әйелдер қауымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған бірегей бастаманы қолға алды. Университет қабырғасында 7M04120 «Саясат жобасы және әйелдер көшбасшылығы (EMBA)» білім беру бағдарламасы іске қосылмақ, деп хабарлайды Tarazy.kz Білім беру бағдарламасы мемлекеттік басқару, қоғамдық саясат, азаматтық қоғам институттары мен үкіметтік емес ұйымдар саласында қызмет етіп жүрген мамандарға арналған. Оны сәтті аяқтағандарға мемлекеттік басқару және қоғамдық саясат саласындағы магистрлік дәреже беріледі. EMBA (Executive Master of Business Administration) форматындағы бұл оқу курсы заманауи мемлекеттік менеджменттің барлық талаптарын ескере отырып әзірленген. «Саясат жобасы және әйелдер көшбасшылығы» білім беру бағдарламасының мазмұны стратегиялық менеджмент, қоғамдық саясатты жобалау, гендерлік саясат, инклюзивті даму және цифрлық…
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) ақпараттық кеңістікте заңға қайшы контенттің бар-жоғын тексеру ережелерін әзірледі. Құқық бұзушыларға контентті бұғаттау, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, ҚМА өз құзыреті шеңберінде ақпараттық кеңістікті тексеріп, заңға қайшы контентті анықтайды. Нені тексереді? Тексеру барысында ашық дереккөздерде жарияланған ақпарат талданады. Атап айтқанда:– интернет-ресурстар;– әлеуметтік желілер;– мессенджерлер;– бұқаралық ақпарат құралдары;– өзге де ақпараттық-коммуникациялық платформалар. Сонымен қатар агенттік мониторинг жеке деректер және оларды қорғау туралы заң талаптарын сақтай отырып жүргізілетінін мәлімдеді. Егер заңға қайшы контент анықталса, ҚМА мынадай шаралар қабылдайды: – егер қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса — іс…
Қазақстан Ұлттық банкі елдің ірі қалаларындағы тұрғын үй бағасының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларға талдау жасады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, баспана нарығындағы баға айырмашылығы көбіне орналасқан жердің артықшылықтары мен тұрғын үйдің сапалық сипаттамаларына байланысты қалыптасады. Бұл өз кезегінде инвестициялық белсенділіктің ең тартымды аудандар мен нарық сегменттеріне шоғырланғанын көрсетеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Астана Астанада пәтердің сол жағалауда орналасуы бір шаршы метрдің бағасын орта есеппен 11,3%-ға қымбаттатады. Ал өзен жағалауына (1 км радиуста) жақын орналасқан тұрғын үйлердің бағасы шамамен 10,4%-ға жоғары. Керісінше, саябақтардан 1 шақырымнан артық қашықта орналасқан пәтерлердің құны орта есеппен 10,5%-ға төмендейді. Сондай-ақ ірі сауда-ойын-сауық орталықтарына жақындық та бағаның өсуіне ықпал…
Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Тараз қаласындағы ауруханада хирургиялық ота жасатты. Қазіргі уақытта спортшы дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы Turaninfo.kz жазды. Елдос Сметов – қазақстандық дзюдо спортының ең танымал өкілдерінің бірі. Ол 60 келі салмақ дәрежесінде халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап келеді. Спортшы әлемдік деңгейдегі бірқатар турнирлерде жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстан спортының дамуына зор үлес қосып жүр. Еске сала кетейік, Елдос Сметов дзюдодан өткен ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, Олимпиада ойындарының чемпионы атанған. Сонымен қатар ол әлем және Азия біріншіліктерінде де жүлделі орындарға ие болған. Алдын ала жоспар бойынша, 2026 жылы спортшы халықаралық жарыстарға қатысуға дайындалып жатқан.…