Автор: admin

Қазақстанда бүгіннен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Енді кейбір құқықбұзушылықтар полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз-ақ, цифрлық жүйе мен «ақылды камералар» арқылы автоматты түрде тіркеліп, айыппұл рәсімделеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұған дейін бейнебақылау камералары негізінен көлік жылдамдығын асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту немесе жол белгілерін бұзу сияқты құқықбұзушылықтарды ғана анықтайтын. Ал жаңа өзгерістерге сәйкес, цифрлық жүйе енді басқа да бірқатар тәртіп бұзушылықтарды тіркеп, айыппұл салуға мүмкіндік береді. Мәселен, жүргізушілер рөлде отырып телефон қолданса, қауіпсіздік белдігін тақпаса, көліктің жарық шамдарын дұрыс пайдаланбаса немесе жол қозғалысына кедергі келтірсе, жүйе мұндай әрекеттерді автоматты түрде тіркейді. Сондай-ақ техбайқаудың мерзімі өтіп кетсе немесе сақтандыру…

Read More

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында әкімдік ғимаратын жөндеуге 156 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Tarazy.kz Goszakupturaly парақшасының мәліметінше, Петропавл қаласындағы БАҚ өкілдері аудан әкімдігі ғимаратына қатысты жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы бейнематериал жариялаған. Видеода көрсетілгендей, ғимарат су тасқынынан зардап шекпеген әрі айтарлықтай жөндеуді қажет етпейді. Соған қарамастан, әкімдік 156 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын сатып алу рәсімін жүргізген. Сатып алу қалай жүргізілген Жөндеу жұмыстары бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілі арқылы жүзеге асқан. Тапсырыс беруші бұл тәсілді төтенше жағдай салдарын жою қажеттілігімен түсіндірген. Алайда бейнематериал мен ашық деректерге сүйенсек, бұл нысанға қатысты нақты төтенше жағдай болмаған. goszakupturaly парақшасының жазуынша, мұндай негіздеме…

Read More

Әлемде мұнай бағасының өсуі Қазақстандағы бензин бағасына әсер етпейді, деп хабарлайды Tarazy.kz Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты мұнай бағасы өсіп жатқанына қарамастан, Қазақстанда бензин құны өзгермейді. «Парсы шығанағы елдері мен Америкада бензин бағасына бұл жағдай әсер етіп жатыр. Біз де жаңалықтардан көріп отырмыз. Ал Қазақстанда – жоқ», – деді министр Мәжіліс кулуарында. Министрдің сөзінше, қазіргі таңда мұнай нарығы өте құбылмалы. Соңғы уақытта баға бірнеше рет өзгерген. «Бір кезде мұнайдың баррелі 119 долларға дейін көтерілді. Қазір шамамен 87 доллар деңгейінде. Бағаның 80 доллар шамасында қалыптасуына алғышарттар бар. Себебі Парсы шығанағы елдерінің мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдар туралы ақпараттар…

Read More

АҚШ-тың Иранмен бір аптаға созылған әскери текетіресі шамамен 6 млрд доллар шығын әкелген, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл мәліметті АҚШ Қорғаныс министрлігі -Пентагон Конгресс алдында өткен аптада мәлімдеді. Мәліметке сүйенсек, шығынның шамамен 4 млрд доллары оқ-дәріге жұмсалған. Қаражаттың басым бөлігі Иран аумағынан ұшырылған зымырандарды әуеде жоюға арналған қорғаныс жүйелерінің ракеталарына кеткен. Сарапшылар қақтығыс созылған жағдайда АҚШ-тың әскери шығындары бұдан да ұлғаятынын айтып отыр. Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағаны, Тегеранда жарылыс естілгені хабарланды. АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times басылымына берген сұхбатында қажет болған жағдайда америкалық әскер Иранға жасалатын шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыра алатынын айтты.

Read More

Алматы қаласында жоғалып кеткен 25 жастағы Әсел Сербаева табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz CMN.KZ-ке сілтеп. Ол 10 наурызда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздың денсаулығында кінәраты бар болғандықтан, анасы дабыл қаққан. Кейін оның қиын жағдайға тап болғаны анықталды. Әсел қоғамдық дәретхананың ішіне құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған. Қызды Алматы қаласы Түрксіб аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Олжас Оразалиев тауып алған. Тәртіп сақшысы Әселге алғаш болып көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге шығарған.

Read More

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді. Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айында Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан өте алмаған. Осы жағдайдан кейін Қазақстан кәсіби бокс федерациясы спортшыны алты айға жекпе-жектерден шеттеткен болатын. Соған қарамастан, Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мәртебесін әлі де сақтап отыр. Алайда осы жылдың ақпанында бұл ұйым да допинг сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты боксшыны бір жылға, яғни 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдаған.

Read More

Қазақстанда Ресей азаматтарына берілген уақытша тұруға рұқсат құжаттарына қатысты қылмыстық іс тексеріліп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Tarazy.kz Ресейлік БАҚ мәліметінше, Қазақстанда жалған уақытша тұруға рұқсат (РВП) құжаттарына байланысты іс қозғалған. Бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тергеп жатқаны айтылуда. Ақпаратқа сәйкес, іс бойынша әскери жасындағы ондаған Ресей азаматы куәгер ретінде өтіп жатыр. Тергеу 2026 жылдың ақпан айының соңында басталған, ал жауап алу бірнеше адамнан топ-топ болып жүргізіліп жатыр деген мәлімет бар. Уақытша тұруға рұқсат (РВП) – шетел азаматтарына Қазақстан аумағында бір жылға дейін заңды түрде тұруға мүмкіндік беретін құжат. Оны алу үшін ресми жұмыс орны және тұрғылықты мекенжай…

Read More

Павлодар соты Еңбек мобильдігі орталығының директоры Меруерт Есембаеваны кінәлі деп таныды. Ол 2026 жылғы 22 ақпанға қараған түні қызметтік Chery Tiggo 7 Pro көлігімен жүріп келе жатып, полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған, деп хабарлайды Tarazy.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.  Полиция қызметкерлері оны қуып жетіп тоқтатқан. Алайда әйел алкогольдік мас күйін тексеру процедурасынан өтпеген. Меруерт Есембаева – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаевтың жұбайы. Тексеру барысында оның мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтіні және ресми түрде декреттік демалыста болғаны анықталған. Соған қарамастан ол қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған. Сотта Есембаева мен оның қорғаушылары айыпты жоққа шығаруға тырысқан.…

Read More

UNICEF-тің “Kids Online Kazakhstan” зерттеуінің мәліметінше, 9–10 жастағы балалардың шамамен 60%-ының әлеуметтік желілерде аккаунттары бар, ал 11–12 жастағы жасөспірімдердің шамамен үштен екісі белсенді түрде өз профильдерін жүргізеді. Qazaq Expert Club медиа білім беру саласының сарапшысы Жанар Жақанованың айтуынша, әлеуметтік платформалар елдегі интернет аудиториясының басым бөлігін қамтиды: TikTok-ты Қазақстанда 15 миллионнан астам пайдаланушы қолданады, ал Instagram-ның аудиториясы 12 миллионнан асады, деп хабарлайды Tarazy.kz «Біз балалар мен жасөспірімдердің цифрлық контент жасаушылары деген құбылыстың пайда болғанын байқап отырмыз. Сонымен қатар, қатарластары жасаған жарияланымдарды жасөспірімдер анағұрлым шынайы деп қабылдайды. Сондықтан жасөспірім блогерлер көбіне трендтер мен мінез-құлық үлгілерінің таратушысына айналады», — дейді сарапшы. Халықаралық тәжірибеде…

Read More

Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалған қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы оның әпкесі әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазір Әсем консулдың жанында екені айтылды. Алайда қыздың әпкесі оқиғаның мән-жайын нақтыламады. Айта кетейік, бұған дейін 26 жастағы Әсем 6 наурызда Вьетнамның Хошимин қаласында байланысқа шығуын тоқтатқаны хабарланды. Туыстарының айтуынша, Әсем сол күні Ханой қаласына ұшып барып, Қазақстан консулымен кездесуді жоспарлаған. Алайда әуежайға шамамен 20 шақырым қалғанда ол байланысқа шықпай қалған. Жақындарының сөзінше, жоғалар алдында қыз қатты қорқып жүргенін және өзін біреулер аңдып жүргенін айтқан.

Read More