Автор: admin

Ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқаны үшін ақ жаулықты аналарды Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қабылдап, Елбасының Жарлығына сәйкес аналарға Алтын және Күміс алқалар табыстады. 350 мыңнан астам халқы бар Тараз қаласында алтын құрсақты аналар қатары артып келеді. Қала бойынша қазір күні 2510 «Алтын алқа»,1854 «Күміс алқа» иегерлері бар. Бүгін олардың қатары тағы да толықты. – Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер, — деді құттықтау сөзінде қала әкімі Қайрат Әскербекұлы. Іс-шара барысында ақ жарма тілектер айтылып, көп балалы аналар мемлекет…

Read More

Жамбыл облысында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту» бойынша этно стильде семинар-тренинг өтті. «Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ «Жергілікті өзін өзі басқару мектебі» үшкүндік оқыту семинары аясында, әлеуметтік желіні пайдалану жолдары түсіндірілді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша семинар-тренинг барысында елімізге танымал блогер-тренер Нұрлан Жаңай жүргізді. Ол әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану жолдарын түсіндірді. «Әлеуметтік желі психологиясы», блогерлік өнер, пост жазу әдістері, жазылмаған ережелер, нетикет, әлеуметтік желілерге шолу жасаудағы өз тәжірибесін бөлісті. Мәселен, ол Іnstagram желісінде салынатын фотосуреттердің сапалы болуы…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның астанасына ‎АІӨСШК саммитіне қатысу үшін келді, — деп хабарлайды Ақордаға сайты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің V саммитіне қатысу үшін Душанбе қаласына келді. Мемлекет басшысы аталған саммиттің пленарлық мәжілісіне қатысады және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Read More

Алматы полициясы митинг кезінде күш қолдануға шақырғандардарды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, ұсталғандардың ішінде 34 жастағы дәрігер бар, Алматы облысының тұрғыны екен. Ол танымал мессенджер арқылы қоғамды тәртіптсіздік жасап, полиция қызметкерлеріне қатысты күш қолдануға шақырады. «Пышақ, темір алып шығайық та, ұстап әкетіп жатқан полицейлерді пышақтайық, басын жарайық», — дейді ер адам аудиода. Тағы бірі «бір-екі полицейдің басын кесіп тастау керек бауыздап», — дейді аудиодағы дауыс. Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады! Кейін олардың өз қатесін түсініп, кешірім сұраған видеосы жарияланды. «Қазақстандықтарға айтарым, мұндай интернеттегі айдап салушыларға ермеу керек: бізде бәрі бар, жұмыс, ақша, тамақ. Қазақстандықтардан ата-бабамыз қалдырып…

Read More

Жаңа Зеландиядағы мешіттерге теракт жасады деп айыпталған аустралиялық Брентон Таррант тағылған айыппен келіспеді, оның ісі бойынша сот процесі 2020 жылы 4 мамырда басталады, — деп хабарлайды РИА Новости. Stuff ақпараты бойынша, ерекше тәртіптегі түрменің жеке камерасында отырған Тарант сот отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты. Ал оның айыппен келіспейтінін адвокаттар жеткізді. Тарантқа лаңкестік пиғылмен 51 адамды өлтіріп, тағы 40 адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылған. Еске салсақ, 15 наурызда Жаңа Зеландияның Крайстчёрч қаласындағы екі мешітке шабуыл жасалған еді. Полиция ақпараты бойынша, сол шабуылдың салдарынан 50 адам қаза тауып, тағы 50-і зардап шеккен. Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн шабуылдың теракт екенін айтқан болатын.

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысына қатысты, — деп хабарлайды Ақордаға сайты. Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке жылы қарсы алғаны және саммитке жоғары деңгейде дайындалғаны үшін ризашылық білдіріп, саммитте қабылданған шешімдер мен қол қойылған құжаттар елдер арасындағы кооперацияны нығайтуға септігін тигізетініне сенімді екенін айтты. Мемлекет басшысы халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациясы көпжақты бірлестіктер қызметтерінің мейлінше теңестірілген және айқын қағидаттарын жасау қажеттігін көрсететініне тоқталып, осыған байланысты өзінің пікіріне сәйкес ШЫҰ-ның басты міндеттерін атап өтті. «Біріншіден, ШЫҰ кеңістігінде…

Read More

Митинг кезінде қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірмеген адамдар жақын арада босатылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Шеруге шыққандарға келсек, олар наразылығын білдіру үшін көшеге шықты. Қазір олардың талабын зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Көбінің талабы әлеуметтік сипатта. Мұндай мәселелердің барын жоққа шығармаймын. Негізінде мұндай жағдай адамдардың кедейленуіне байланысты болады. Олар үкіметтен әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуді талап етеді», — деді Тоқаев. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары заңсыз акицялардың жолын кесуді жалғастырады. «Бас прокуратура көшедегі мұндай жиындардың заңсыз екенін талай айтқан. Заңсыз митингтер, тәртіпсіздіктер — бұған қатысқысы келмейтін халыққа кедергі келтіреді», — деді Президент. Мұның алдында Ақпарат және…

Read More

Алик Шпекбаев Антикоррупциялық қызметтің басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Facebook желісінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директорының орынбасарының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов хабарлады. Еске салайық, кеше, 13 маусымда Мемлекет қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі ведомствоға бөлінген еді. Бұл жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Ал Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басшысы болып Мәжілістің экс-депутаты Анар Жайылғанова тағайындалды.

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19-шы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің отырысына қатысып жатыр. Отырыс Бішкектегі Ала-Арча резиденциясында өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамдағы жиындарға қатысады. ШЫҰ кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті аймақтық және Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша сөз сөйлейді. Сонымен қатар саммитке қатысуға 11 елдің басшылары жиналды. Олардың қатарында: Ресей, Қазақстан, Қытай, Тәжікістан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан бар. Шараның бақылаушылар ретінде Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия президенттері атсалысып жатыр. Сондай-ақ ел басшылары қосылып суретке түсті. Осыдан кейін мемлекет басшылары арасында жеке отырыс өтті. Саммиттегі жаңалықтарыды жариялау үшін 500-ден аса жергілікті және шет…

Read More

Қытайлық шопоголиктер жапондық Uniqlo брендінің жаңа коллекциясы үшін жаппай төбелес шығарды, — деп хабарлайды «Лента.ру».  Төбелестің видеосы RT порталының Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды. Роликте сатып алушылар дүкен есіктері толық ашылмастан баса көктеп кіріп жатқаны, бір-бірінің қолынан киімдерді жұлып әкетіп жатқаны және манекеннен киімді шешіп жатқаны түсірілген. Желі пайдаланушылары Uniqlo лимиттелген коллекциясына қытайлық тұтынушылардың реакциясын таң қалдырды. «Зомби-апокалипсиске ұқсайды», — деді бір пікір қалдырушы. «Бұл барып тұрған надандық. Тіпті Үндістанның өзінде бұл жерге қарағанда жақсырақ», — деді тағы бір коментатор. Алайда пайдаланушылар арасында қытайлықтарды қорғаушылар да табылды. «Содан кейін олар бұл заттарды он есе қымбат сатады. Сондықтан олар есінен адасқандай кейіп танытады. Мен де осылай жасаймын», -…

Read More