Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 12 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

    Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

    Ел іші 01/01/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 2020 жылмен құттықтады.

    Қымбатты отандастар!

    Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды.

    Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт.

    Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек.

    Әрбір азамат, әрбір шаңырақ Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Бұл — табиғи дүние.

    Біздің бүгінгі басты бағытымыз — Жаңғыру жолы.

    Баршаға қуаныш сыйлайтын Жаңа жыл мейрамы осы мақсатпен үндеседі.

    Өтіп бара жатқан 2019 жыл еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды.

    Қазақстан тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.

    Тұңғыш Президент, мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық жолы сақталды.

    Халқымыз Президент сайлауында маған зор сенім артты. Осы орайда, қолдау көрсеткен азаматтарға және бүкіл халыққа шынайы ризашылығымды білдіремін.

    Бүгінде әлемдегі тұрақсыздыққа қарамастан экономикамыз орнықты дамып келеді.

    Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін нақты шараларды жүзеге асырдық.

    Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын, зейнетақыны, жәрдемақыны және студенттердің стипендиясын көбейтетін болдық.

    Әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қолдау көрсету үшін біз бұрын-соңды болмаған бірегей шешім қабылдадық. Соның арқасында 500 мыңнан астам борышкердің қарызы айтарлықтай азайды.

    Шағын және орта бизнесті қолдау үшін теңдессіз шаралар қабылдадық. Жаңа жұмыс орындары ашылатын болды.

    Мен ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қоғамымыздың дамуына жаңа серпін беруі қажет.

    Халық пен билік арасындағы диалогты күшейту үшін маңызды реформаларды ұсындық.

    Бұл бастамалар ынтымағымызды арттыруға бағытталған.

    Татулық – ата-бабалар өсиет еткен қасиетті ұғым.

    Сондықтан, татулық пен бірлікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек.

    Біз білімі озық, ойы ұшқыр жастарға жағдай жасап, жол ашамыз.

    Осыған орай, «Президенттік кадр резерві» жасақталды.

    Биыл Арыс қаласындағы төтенше оқиға кезінде халқымыз мызғымас бірліктің үлгісін көрсетті. Мен халқымызды мақтан тұтамын.

    Біз кез келген сыннан сүрінбей өтіп, зор табысқа бірге жетеміз деп сенемін.

    Келесі жылы Конституциямыздың
    25 жылдығын атап өтеміз.

    Ұлы даламыздың даңқты тарихын жан-жақты дәріптеуге ерекше көңіл бөліп келеміз.

    Абайдың, Әл-Фарабидің мерейтойларына дайындық жұмыстарын бастадық.

    Алтын Орданың 750 жылдығын мемлекет деңгейінде атап өтетін болдық.

    Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына ширек ғасыр толады.

    Тиісті іс-шаралардың барлығын ысырапшылдыққа жол бермей, мазмұнды ой тудыратын деңгейде өткіземіз.

    Мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан тың бастамалардың бәрі ел игілігі үшін жасалып отыр.

    Оң өзгерістер жаңа 2020 жылда лайықты жалғасын табады. Дегенмен, сын-қатерлер аз емес. Сондықтан, біз еліміз үшін, халқымыз үшін адал қызмет етуіміз керек.

    Халықтан биік, халықтан жоғары тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ.

    Қазақстан дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосылуы қажет.

    Біз үшін бұдан басқа тура жол жоқ.

          Біз 2020 жылды Еріктілер жылы деп жарияладық. Бұл игі істердің бастауы болады.

    Мұндай шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайту үшін керек.

    Келесі жылы халқымыз жағымды жаңалық пен қуанышты сәттерге кенеле берсін!

    Жаңа жыл әрбір азаматқа, әрбір отбасыға бақ-береке әкелсін!

    Отанымыз — Қазақстан өркендей берсін!

    Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

    Жаңа жыл Қасым-Жомарт Тоқаев

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Хиджаб мәселесінен кейін елге қарғыс тілеген ұстаз жұмыссыз қалды

    10/09/2026

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026

    «Бұл — менің тағдырым»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    07/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.