Автор: admin

Қазақстан Қытайға экспортты 1,6 млрд долларға ұлғайтуды ұсынды, — деп хабарлайды LS қаржы агенттігі. Сауда және интеграция министрлігі тауар айналымы 60 тауар позициясы бойынша өсуі мүмкін деп түсіндірді. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары барысында, Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ҚХР Коммерция министрі Чжун Шань өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Қазақстандық тарап отандық өнімнің Қытайға экспортын 1,6 млрд долларға ұлғайтып, өзара саудадағы оң трендті нығайтуды ұсынған», — деп түсіндірді Сауда министрлігі. Министрлікте атап өткендей, Қытаймен сауда айналымының үлесі 2018 жылы Қазақстанның жалпы саудасының 12,3% құрады. Өткен жылы өзара сауда көлемі 11,4 пайызға артып, 11,7 млрд долларды құраған. «Биыл біз…

Read More

Анастасия Заворотнюк ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті, — деп жазады Mash Telegram-арнасы. «Моя прекрасная няня» сериалымен танылған актриса екі апта бұрын аурухунаға түскен. Бүгін жағдайының нашарлағанына байланысты оны жан сақтау бөліміне ауыстырған. «Заворотнюк Еуропада ем алған, өкінішке қарай, ол оң нәтиже бермеді», — деп жазды арна. Бұған дейін Mash Анастасия Заворотнюктің ауыр сырқатына байланысты миы ісінгенін жазған болатын. Актриса күні бойы жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болған. Оған төрт жыл бұрын Жанна Фрискенің сырқатымен бірдей диагноз қойылған. Сыртқаттың өзі актрисада бір жыл бұрын анықталды, соңғы уақытта Еуропада емделген еді.

Read More

Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі. Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан) дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: экономика, мемлекеттік басқару. Әр жылдары мемлекеттік қызмет істері агенттігін, бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарды, премьер-министр кеңсесінің Басшысы, президент әкімшілігі басшысының орынбасары және «Нұр Отан»партиясының хатшысы болды.

Read More

В Таразе питбультерьер насмерть загрыз женщину, сообщает телеканал КТК. Трагедия произошла в одном из районов города. По словам очевидцев, днем они услышали крики пожилой женщины, на которую набросился огромный питбуль. «Вот здесь собака женщину кусать начала, потом стала тащить на улицу, сюда дотащила. Кусала, рвала ее. Я в этот момент на заборе сидел, ломом ее ударил», — рассказал очевидец. Усмирить безумную собаку соседям не удалось. Она снова и снова возвращалась к жертве. Скорая помощь около получаса ждала, чтобы помочь еще живой пострадавшей. Питбуля пристрелили полицейские. С множественными рваными ранами и в шоковом состоянии пострадавшую госпитализировали. Но спасти 54-летнюю женщину не…

Read More

«Жамбыл – адалдық алаңында» бұл жолы облыс аумағындағы жол жөндеу мәселелері қаралып, талқыланды. Осы салаға қатысы бар облыстық басқарма, қалалық бөлім және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» өкілдері қатысқан жиынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев ашып, жүргізіп отырды. «Бұған дейін «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері облыстық маңызы бар жолдарға және Тараз қаласындағы жоласты жөндеуден кейінгі жол жабындыларын қалыпқа келтіру жұмыстарына мониторинг жасаған болатын. Бүгін осы мақсатта біраз мәселелер талқыланады», – деді Равиль Қуанышбайұлы. Бұдан кейін хабарлама жасаған «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Меклисов облыс орталығында жол жөндеу…

Read More

Жамбылдықтардың «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болуына мүмкіндік артады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Тың бастама қазан айынан бастап қолға алынады. Қазір көмектің қандай санаттағы азаматтарға берілетіндігі бекітіліп жатыр. Ол туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров айтып берді. Оның айтуынша тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз және әлеуметтік қолдау ретінде яғни қайтарымды бюджеттік кредит ретінде берілмек. Сертификат мөлшері бастапқы жарнаның бір бөлігі ретінде 1 миллион теңгеге дейінгі қаржыны құрамақ. Бұл бағытта ағымдағы жылы 3,2 миллиард теңге қарастырылмақ. «Сертификат тек жаңа үйге ғана беріледі. Егер әр адам басына табысы 42 мыңнан асып кететін болса, ол сертификат әлеуметтік…

Read More

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен облыс орталығында бой көтеріп келе жатқан «Шахристан» этно-мәдени орталығының құрылысының барысы пысықталды. Бұл этно-мәдени орталықта орын алатын бірнеше нысандар басқармалар мен қала әкімдігіне бөлініп берілген. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ендігі мақсат – орталықта орналасатын бірнеше нысандарды өздерінің қолданысына қарай безендіру жұмыстарын бастау. Облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев дәл бүгінгі күнге дейін қандай жұмыстардың атқарылғандығын баяндап берді. Сондай-ақ, облыстық музейдің директоры Сейітжан Ілияс, облыстық туризм басқарасының басшысы Қарлығаш Арпалбеков өз жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, болашақта халық игілігіне жұмыс жасайтын орталықта қандай қызметкерлер қандай бағытта жұмыс жасайды? Олардың ғылыми, рухани, мәдени және әдеби әлеуеті қандай…

Read More

Жамбыл облысының орталығы Таразда көппәтерлі тұрғын үйлерге ыстық су беріле бастады. Кешеден бері «Таразэнергоорталығы» АҚ-на қарасты РК-4 магистралі бойынша ыстық су берілуін қамтамасыз ету қазандығы іске қосылған. Магистральдің су-құбыр жүйесі ыстық сумен толтырылуда, — деп хабарлайды Тarazy.kz. Айта кету керек, биыл қалада ыстық су тарату жұмыстары жылдағы жоспардан бір ай ерте басталды. Тараз қаласы бойынша ыстық су алатын тұтынушылардың жалпы саны — 610 тұрғын үй. «Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласының тұтынушыларын 11 қыркүйектен бастап ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. «Тонкуруш», «Сәтпаев», «Телецентр» массивтеріне және қала орталығының біршама бөлігіне ыстық су 1 қазанға қарай, жөндеу жұмыстары…

Read More

Жамбыл облысында орта білім беретін мектептерді толықтай цифрландыруға көшіру үшін бірқатар мәселені шешу керек, деп хабарлайды «Хабар 24». Облыстық білім басқармасы берген мәліметке сәйкес бүгінде өңірде 11 мыңға жуық пән кабинетінің 79%-і компьютермен қамтылған. Алайда, оқушыларға жаңартылған мазмұнда білім беру үшін маңызды құрал саналатын интерактивті тақта жеткіліксіз. Қазір аймақтағы білім ошақтарында негізінен биология, математика, химия, физика сияқты кабинеттер жарақтандырылып отыр. «Интерактивті тақталарды, мультимедиялық құрылғыларды алуымыз керек. Осы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде біздің жоспарымызға сәйкес жабылатын бастауыш мектептер бар. Бұл жерде оқушы санының көбеймеуіне байланысты демографиялық өсім болғандықтан, алдағы 4-5 жылда жабылады деп отырған мектептерге біз әлі алған жоқпыз.…

Read More

Ирактың Кербела қаласында Ашура күні мерекесі қайғылы оқиғамен аяқталды, — деп хабарлайды «Хабар 24». Жергілікті мешітке жиналған жұрт дүрлігіп, 31 адам ажал құшты. Қыспақ салдарынан тағы жүздеген азамат жарақат алған. Мешітте құлшылық етушілердің бірі сүрініп, адамдар бір-бірін мыжып-жанши бастады. Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы өте ауыр. Сондықтан қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.

Read More