Автор: admin
Желіде «Борат 2» фильмінің тизері пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильм 23 қазанда Amazon Prime Video сервисінде жарық көреді. Тизерден фильмнің бірнеше кадрын көруге болады. Онда Борат рөлінде ұлыбританиялық актер Саша Барон Коэн ойнайды. Айта кетейік, осыған дейін «Борат» фильмінің авторлары Twitter-де Қазақстан үкіметінің жалған парақшасын ашқаны хабарланған еді.
Илон Маск вакцина дайын болған кезде оны салғызудан бас тартты, — деп хабарлайды Daily Star. Tesla иесінің айтуынша, ол және оның отбасы қауіп тобына жатпайды. Сондықтан осындай шешім шығарған. «Бұл жағдай жалпы адамдардың иррационалдығы үшін адамзатқа деген сенімімді әлсіретті», — деді Маск подкастта. Айта кетейік, пандемия басында Маск коронавирусқа байланысты шектеулерге қарсы шықты. Сол кезде ол COVID-19-ға байланысты шыққан дүрбелеңді орынсыз деп атаған.
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Der Spiegel журналына берген сұхбатында оның улануына жауапты Ресей президенті Владимир Путин екенін айтты, — деп хабарлайды DW. «Бұл қылмыстың артында Путин тұрғанын мәлімдеймін, менде болған жағдайдың басқа нұсқасы жоқ», — деді Навальный. Ол қорықпайтынын және Ресейге оралуды жоспарлап отырғанын айтты. «Менің енді міндетім — батыл болу және менде қорқыныш жоқ!», — деді ол. Навальный уланғанда не сезгенін айтып берді. «Ешқай жерің ауырмайды, бірақ өліп бара жатқаныңды білесің», — дейді ол. Осыған байланысты Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володин Навальныйды «ұятсыз және оңбаған» деп атады. «Путин оның өмірін қорғап қалды. Оған жасалған істі батыс мемлекеттерінің арнайы қызметтері ұйымдастырса,…
Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев су тасқынынан зардап шеккен Қабыл провинциясының тұрғындарына қазақстандық гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрлік мәліметінше, ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы және қоюлатылған сүттен тұратын азық-түлік 5 мыңнан астам мұқтаж отбасына беріледі. Іс-шараға қатысқан Қабыл провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және АИР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Гулам Бахауддин Жилани Ауғанстан Үкіметі мен халқының атынан қиын кезеңде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді. Елші өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстанға достас қарым-қатынасын атап өтті. Сонымен қатар, еліміз осы күрделі жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау…
Париж тұрғындарын жойқын жарылыс даусы шошытты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарылыс теннистен «Ролан Гаррос» турнирінің трансляциясында да естілді. РИА Новости мәліметінше, Париж полициясы жарылыс туралы мәліметті жоққа шығарды. Полиция мәліметінше, қала үстінен жойғыш ұшып, дыбыс жылдамдығынан асып өткен.
Бүгін Тараз қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Қазақ халқына мың алғыс» монументі ашылды. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз төрінде бой көтерген жаңа нысанмен танысты. «Біздің ең үлкен жетістігіміз – Қазақстанда тұрып жатқан халықтар арасындағы достық. Елбасы Н.Назарбаев еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап осы қағиданы қазақстандықтардың бойына сіңіріп келе жатыр. Елбасы «біз барлығымыз көпұлтты Қазақстанның достығын, бірлігі мен ынтымағын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек» деп жиі айтады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда тұңғыш рет Ұлттар ассамблеясы құрылды. Биыл сол Ассамблеяның құрылғанына 25 жыл толып отыр. Еліміздегі достық пен ынтымақ дами берсін, әрдайым тұрақтылық пен бейбітшілік болсын», — деген облыс әкімі аталған…
Шөлейітті жерде аққайың ағашын отырғызу қаншалықты миға қонымды іс? Әрине фантастика дерсіз. Қанша қияли болса да осындай бір бастаманы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының еріктілері қолға алыпты. Әрине шөлейтті деп қатты айтқан шығармыз, бірақ дәл сол Мойынқұм ауылының аты айтып тұрғандай жерінің көп бөлігі шөлейтті болып келеді екен. Мұндай бастаманы қолға алуға биыл еріктілер жылы болып жариялануының тікелей қатысы бар. Көктемде «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасының шағын гранттар байқауы аясында жеңімпаздар анықталып, 60-қа жуық шағын грант осы экология саласына бөлінген. Жеңімпаздардың бірі — Мойынқұм ауылындағы бір топ азамат шөлейтті жерде шырша және аққайың ағаштарының түрлерін отырғызуды жоспарлап отыр. Осы істің басы…
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, — деп хабарлайды Elbasy.kz сайты. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа пандемия жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуына байланысты және Қазақстанның сауда-экономикалық серіктестерінің нарықтарындағы жағдайға қатысты болжамдар таныстырылды. Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қаржы нарығындағы жағдай мен елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берілді. «Қаржы нарығындағы жағдай тұрақты. Биылғы сегіз айда инфляция жеті пайызға жетті. Бұл көрсеткіш біз болжап отырған деңгейде тұр. Базалық мөлшерлемені тоғыз пайыз деңгейінде сақтап қалдық», — деді Досаев.
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы сәтімен жүзеге асуда. Жаңа жоба жамбылдық жұртшылық тарапынан қолдау тапқан. «Ақпараттық-түсіндіру», «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу», «Ауылда бизнесті дамыту», «Діни мәселелер», «Құқық қорғау саласы» топтарының мүшелері өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған аудандарда болып, тұрғындармен кездесулер, көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуде. Тұрғындардың өтініш-тілегін тыңдап, мұң-мұқтажын біліп, түйіні тарқамаған түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуда.Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Арубаев ауданымызға ат басын тіреген «Құқық қорғау саласы» тобы мүшелерінің қатысуымен жиын өткізді. – «Бейбітшілік пен келісім» жобасының мақсаты ел бірілгі мен ынтымағын сақтау, тұрғындарды адамгершілік құндылықтарға үндеу, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін…
Если прикоснуться к земле, каждый уголок казахской степи, история которой полна, священен. Мы знаме, что если выделить четыре угла нашей необъятной земли, то Туркестану достанется самое почетное место. Ни для кого не секрет, что родовое поселение, долгое время считавшееся колыбелью тюрков, сейчас многие называют «духовной столицей». Прошло два года с тех пор, как город, являвшийся маяком этой духовности, стал областным центром. В последние 2 года, что слишком мало для истории, строительные работы в Туркестанской области набирают обороты, строятся фундаментальные объекты. Есть также существенные различия в сельском хозяйстве. В этой связи мы решили сгруппировать мннения известных личностей о потенциале области, на…