Автор: admin

Бүгін Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен оның үш кәмелетке толмаған баласының мәйіті табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қайғылы жағдай газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан улану нәтижесінде орын алуы мүмкін. Марқұм әйел 1993 жылы туған. Өңір полициясының мәліметінше, 9 ақпанда шамамен сағат 12:00-де аталған үйден әйел мен балалардың денесі анықталған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Түпкілікті қорытынды тиісті сараптамалардың нәтижелері бойынша жасалмақ. Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат…

Read More

Тараз қаласында әйелдің екі кәмелетке толмаған баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Балалар Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген. Омбудсменнің айтуынша, өңірлік уәкіл балалардың жағдайымен арнайы барып танысқан. «Ұл баланың жағдайы қанағаттанарлық, ал қыз баланың жағдайы ауырлау, сүйек сынуы бар. Анасының бұрын ауыр депрессиялық жағдайы анықталған, алайда емдеу толық көлемде аяқталмаған», – деп жазды Зәкиева. Омбудсмен балаларды қорғау ісіндегі ең күрделі мәселелердің бірі – медициналық құпия екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы себепті денсаулық сақтау органдары ауыр…

Read More

Алматы қаласының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) ғимараттарының бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтарды. Тексеру барысында университет нысандары ұзақ жылдар бойы бұрынғы ректорға аффилирленген тұлғаларға заңсыз беріліп, кейін сол ғимараттар қайтадан оқу орнының өзіне жалға тапсырылғаны анықталған, деп хабарлайды Tarazy.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 31 қаңтарда прокуратура ҚазҰПУ-дың 208 шаршы метрден асатын ғимараты заңсыз жекешелендірілгенін хабарлаған болатын. Сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, қайтарылған активті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бағалауға кіріскен. Бұл іс бойынша егжей-тегжейлі мәліметті Медеу аудандық прокуратурасы ұсынды. Спорт корпусын аффилирленген компанияға сатқан Прокуратура мәліметінше, тексеру барысында «мемлекет пен университет мүддесіне қайшы түрде үшінші тұлғаларға заңсыз сатылған»…

Read More

Сара Назарбаева Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінен шығарылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Медициналық мекеменің мәліметінше, науқас 2026 жылғы қаңтарда емдеу курсын аяқтап, стационардан амбулаториялық бақылауға жіберілген. «Денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы өзге ақпарат Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігер құпиясына жатады және жариялауға болмайды», – деп мәлімдеді госпиталь өкілдері. Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та түрлі ақпарат тарап, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл жағдайға пікір білдіріп, Сара Назарбаева аман екенін мәлімдеді.

Read More

Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Тергеу барысында күдікті қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды видеоға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болған. «Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан «тексеріс ұйымдастырып, бизнесін жаптырамын» деп қорқытқан. Осылайша күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді полиция. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Read More

Астанаға кіреберісте ірі шіркеу салу бастамасы мәслихат депутаты Бауыржан Смаиловтың сынына ұшырады, деп хабарлайды Tarazy.kz Астана қалалық мәслихатының отырысында елордаға кіреберіс аумақта Орталық Азиядағы ең ірі шіркеу салу жоспары талқыланып, депутат Бауыржан Смаилов бұл бастамаға ашық қарсылық білдірді. Депутаттың айтуынша, қалада түрлі конфессияларға арналған ғибадат орындары жеткілікті, ал елорда қақпасына ауқымды шіркеу салу қоғам үшін мақтанатын жоба емес. «Орталық Азиядағы ең үлкен шіркеу салынбақ дейді. Оған қаржыны кім бөліп жатыр? Ондай нысан бізге шынымен қажет пе? Біз бұл мәселені жан-жақты талдадық па? Қалада шіркеулер бар, үлкені де, кішісі де жеткілікті. Ал елорданың кіреберісіне осындай нысан салу мақтанатын жағдай емес», – деді…

Read More

Ресейлік БАҚ мәліметінше, танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров енді Ресей аумағына 50 жыл бойы кіре алмайды, деп хабарлайды Tarazy.kz Шектеу енгізілуіне көші-қон және салық заңнамасын бұзуы, сондай-ақ оның «арнайы әскери операцияға» қатысты айтқан пікірлері себеп болғаны айтылып жатыр. Бұған дейін Сабуров Ресейде рұқсат етілген мерзімнен артық қалып, айыппұл төлеген. 2024–2025 жылдары оның Ресейдің бірнеше қаласындағы концерттері даулы мәлімдемелеріне байланысты бірнеше рет тоқтатылған. Ақпарат көздеріне сүйенсек, қазіргі уақытта әзілкештің Дубайға қайта оралуына қаражаты жоқ.

Read More

Алматы қаласында мемлекет пайдасына тәркілеуге жататын мүлікті иемдену мақсатында «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізуді ұйымдастырған адамдар тобына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tarazy.kz Еске салсақ, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Коспаевтың басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтаған. Аталған топ «AV-Construction» ЖШС, «Стекольный завод» ЖШС, «Шалқар 17» ЖШС, «Бахар-А» ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша әшкереленген. Соттың шешімімен тәркілеу мақсатында Алматы қаласындағы «Никольский» базары аумағында орналасқан «Nikolsky Investment» ЖШС-не тиесілі жер телімі мен мүлкіне тыйым салынған. Алайда 2025 жылдың қыркүйек айында Аслан Пухаев, Антон Соловьёв пен Жақсылық Сәрсенбаев…

Read More

Бүгін, 6 ақпанда Италияда қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтеді. Төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасынан 10 спорт түрі бойынша 36 спортшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Алғашқы жарыстар 7 ақпанда басталады. Олимпиада бәсекелерін Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Төменде Астана уақытымен берілген жарыс кестесі ұсынылады. 7 ақпанда Қазақстан спортшылары шаңғы жарысы мен конькимен жүгіруден сынға түседі. Әйелдер арасындағы скиатлонда Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко жарыс жолына шығады. Сол күні кешке Надежда Морозова мен Елизавета Голубева 3000 метрге конькимен жүгіруден бақ сынайды. 8 ақпанда ерлер арасындағы скиатлонда Амиргали Муратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков…

Read More

Семейде көпір астынан 23 жастағы тұрғын өлі табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Абай облысы Полиция департаменті мәліметінше, Ертіс өзеніндегі мұз үстінде, аспалы көпірдің астынан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. «Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада. 23 жастағы марқұмның өлімінің себептері де анықталып жатыр.

Read More