Автор: admin

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді, деп хабарлайды Tarazy.kz – Сіз конституциялық реформа тарихи өзгерістердің бастамасы екенін, ал түбегейлі жаңғырту жыл соңына дейін, тіпті, келесі жылы да жалғасатынын айтқан едіңіз. Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі іске кірісіп, Вице-Президент лауазымы тағайындалғаннан кейін елде қандай өзгерістер болады? – Жұрттың бәрі Вице-Президент лауазымы туралы сұрап жатыр. Расында, бұл – айтулы өзгеріс. Біз Конституциямызға жаңа лауазымды әдейі енгіздік. Бұл лауазым аса қажет деп айтсақ, қателеспейміз. Себебі қазіргі бұлыңғыр заманда мұндай лауазым елімізге өте қажет. Келесі аптада немесе он күн ішінде Вице-Президент кім екені мәлім болады. Мен оны қазір анық айта алмаймын. Ол…

Read More

Қазақстанның тұңғыш президенті Құрылтай депутаттарын сайлау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Tarazy.kz Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Құрылтайы сайлауында дауыс берді. «Жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты тұңғыш президент өз дауыс беру құқығын үйде жүзеге асырды», — деп жазылған хабарламада.

Read More

Бір ара ұясы. Ондаған мың ара. Таудың таза ауасы. Ал оның ішінде – Қазақстанның жаңа өндірістік мүмкіндігі жатыр. Текеліде кәсіпкерлер балды қасықпен сатудың орнына, одан дәрумен жасап, жаңа нарыққа шығуды көздеп отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазақстан жылына 10–12 мың тонна бал өндіреді. Бірақ осы байлықтың 1 пайызына да жетпейтін бөлігі ғана өңделеді. Қалғаны шикізат күйінде нарыққа шығады. Яғни біз бал өндіреміз. Бірақ оның негізгі құнын басқа біреу жасауы мүмкін. Текелідегі «Kausar Shifa Kz» жобасы осы қалыптасқан жағдайды өзгертуді көздейді. Мұнда таулы өңірдің табиғи балы терең өңделіп, дәрумендік кешендер мен табиғи қоспаларға айналады. Өндірістің қуаты – сағатына 1,5 мың шыны құты…

Read More

Қазақстанда АҚШ долларының ресми бағамы айтарлықтай төмендеді. 21 тамызға белгіленген курс бойынша бір доллар 458,23 теңге тұрады. Бір күн бұрын америкалық валютаның құны 462,22 теңге болған еді, деп хабарлайды Tarazy.kz Доллардың арзандауына 20 тамызда Қазақстан қор биржасында өткен сауда-саттық нәтижесі әсер еткен. Күндізгі сессия қорытындысында оның орташа бағамы 3,82 теңгеге төмендеп, 458,23 теңгені құрады. Осылайша, америкалық валюта 460 теңгелік межеден қайта түсті. 21 тамыздағы ресми бағам бойынша бір еуро – 535,99 теңге, ал бір Ресей рублі – 5,46 теңге. Айта кетейік, ақша айырбастау орындары валютаны сатып алу және сату бағасын өз бетінше белгілейді. Сондықтан ондағы көрсеткіш Ұлттық банктің ресми бағамынан өзгеше…

Read More

Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Санжар Тәшкенбайдың алдағы спорттық мансабына қатысты жаңа пікір айтылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Санжар Тәшкенбай 2023 жылы 48 келі салмақта әлем чемпионы атанса, араға екі жыл салып 50 келіде тағы да алтын медаль жеңіп алды. Алайда қазіргі таңда оның өнер көрсететін салмағы Олимпиада бағдарламасына кірмейді. Халықаралық Олимпиада комитеті мен World Boxing талаптарына сәйкес, ерлер арасындағы олимпиадалық салмақ дәрежелері 55 келіден басталады. Осыған байланысты қазақстандық боксшының келешекте қай бағытты таңдайтыны жанкүйерлер арасында талқыланып жатыр. Спорт мамандарының пікірінше, Санжар Тәшкенбайға 55 келіге ауысу оңай болмайды. Себебі бұл салмақта Қазақстан құрамасында Махмұд Сабырхан бар. Сонымен қатар ол Тәшкенбайдың 55…

Read More

Ресейдің алтын қоры соңғы алты жылдағы ең төмен көрсеткішке дейін азайды, деп хабарлайды Tarazy.kz Ресей Орталық банкінің мәліметінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша елдің алтын резерві 73,2 миллион унцияны құраған. Бұл – 2020 жылдың қаңтарынан бергі ең төмен деңгей. Жыл басынан бері Ресейдің алтын қоры 1,6 миллион унцияға қысқарған. Сонымен қатар резервтердің ақшалай құны 33,7 млрд долларға төмендеген. Сарапшылардың айтуынша, қордың азаюына алтын мен шетел валютасын сату әсер еткен. Мұндай операциялар мемлекеттік бюджетті қолдау және қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында жүргізілген. Ресей билігі бұл тетіктер рубль бағамына және қаржы жүйесіне түсетін қысымды азайтуға бағытталғанын атап отыр. Bloomberg дерегінше, алтын қорының қысқаруы Ресейдің…

Read More

Қазақстанға әкелінетін кофе көлемі кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 2026 жылдың қаңтар-маусым айларында елге 3,2 мың тоннаға жуық өнім жеткізілген. Бұл былтырғы алғашқы жартыжылдықпен салыстырғанда 38 пайыз артық, деп хабарлайды Tarazy.kz Ұлттық статистика бюросының дерегінше, импорт құны да едәуір өскен. Алты айда шетелден сатып алынған кофеге 27,2 млн доллар жұмсалды. Былтыр осы кезеңде жұмсалған қаражат көлемі бұдан 30 пайызға аз болған. Сөйтіп, кофе импортының көлемі мен құны кемінде 2015 жылдан бергі алғашқы жартыжылдықтар арасында рекорд жаңартты. Қазақстанға негізінен қуырылмаған арабика дәндері жеткізіледі. Бұл өнім елге әкелінген кофенің шамамен 40 пайызын құрайды. Дегенмен арабика импорты бір жыл ішінде айтарлықтай өзгермеген. Негізгі өсім басқа…

Read More

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысы букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Олар ойын шоттарына аударған қаражаттың жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтаған. Тексеріс нәтижесінде олардың біреуі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударғаны белгілі болды. «Маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді», — деп ескертті прокуратура өкілдері. Прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды…

Read More

Қазақстандық банктер шағын және орта бизнесті қаржыландыруды ұлғайтып жатыр. Алайда кәсіпкерлерге берілген несиелердің сапасы нашарлай бастаған, деп хабарлайды Tarazy.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен проблемалық несиелердің көлемі 473,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 40%-ға көп. Соның нәтижесінде проблемалық қарыздардың ШОБ несие портфеліндегі үлесі 3,9%-ға дейін өсті. Басқаша айтқанда, кәсіпкерлерге берілген әрбір 25 теңгенің шамамен бір теңгесі уақытында қайтарылмай отыр. Осылайша, нарықта екі үрдіс қатар байқалады: кәсіпкерлер банктерден бұрынғыдан көбірек қарыз алып жатыр, бірақ олардың несиені уақытында өтеуі қиындай түскен.

Read More

Биыл бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,1%-дан астамы қазақ тілінде білім беретін сыныптарды таңдады, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 2026 жылы бірінші сыныпқа 380 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарланған. Құжаттарды қабылдау 27 мамырдан 31 тамызға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі. «Қабылданған балалардың 71,1%-дан астамы қазақ тілінде, 26,6%-дан астамы орыс тілінде, ал 2,3%-ы басқа тілдерде білім беретін сыныптарды таңдады», деді Жұлдыз Сүлейменова. Сонымен қатар биыл ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 202 бала білім беру ұйымдарына қабылданды. Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде ата-аналардың 88,7%-дан астамы өтінішті электронды форматта QazTech платформасы арқылы берген. Министрдің мәліметінше, бірінші сыныпқа…

Read More