Автор: admin

Дубайда автобус жол апатына ұшырады. Соның салдарынан 17 адам қаза тапты. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, 6 маусымда Оман нөмірі салынған автобус апатқа ұшырады. Автобус салонында 31 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 17 әр түрлі ұлт өкілдері қаза тапты және бесеуі зардап шекті. Кейінірек тағы екеуі қаза тапты. 50 жастағы автобус жүргізушісі қоғамдық көліктерге жүруге болмайтын тажолға шығып кеткен. Соның салдарынан ол жол ережесі белгісіне соқтығысқан. ҚР СІМ мәліметінше, жол апаты салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Read More

Есірткінің таралуына қатысты граффити- жазбалар жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Ішкіс істер министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. «Биыл 4 маусымында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, синтетикалық есірткі тарататын тұлғаларды іздестіру бойынша жедел іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде үйлердің қабырғалары мен қоршауларында есірткінің таралуына қатысты граффити- жазбалар жасаған 19 жасар Тараз тұрғыны қолға түсті», — делінген хабарламада. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Синтетикалық есірткіні таратуға қатысты басқа тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда анықталып табылған граффити-жазулар жойылды, түрлі синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды.…

Read More

Атырау облысында балықтың жаппай қырылуына қатысты тергеу ісі аяқталды, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, жарты жыл бойы жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде «Атырау су арнасы» мекемесіне айып тағылып, іс сотқа жолданады. Бастапқыда бұл дерекке қатысты екі мекеме — «Атырау жылу электр орталығы» мен «Атырау су арнасы» күдікті деп танылған еді. «Жылу электр орталығы» өзінің кінәсін мойындап, табиғатқа келген шығын көлемін өтеуіне байланысты тергеу ісі қысқартылыпты. Ал «Атырау су арнасының» Жайыққа су ағызатын нүктесінен сынама алған экологтар онда хлоридтің рұқсат етілген мөлшерден төрт есе көп екендігін анықтап, істі тиісті орындарға тапсырған болатын. Бірақ олар мұнымен келіспей, осыншама көлемдегі балықты қырып тастау үшін Жайық…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші деп атады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар — алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші», — деп жазды Президент. https://twitter.com/TokayevKZ/status/1136553413804773376?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1136553413804773376&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fkazakhstan_news%2Ftokaev-jastar-aldagyi-reformalardyin-negzg-kozgaushyi-kush-298434%2F Осыған дейін, Тоқаев Қазақстанда президенттік кадрлық резерв құрылатынын хабарлады. Оның айтуынша, елімізде талантты жастардың экономикада, ғылымда, мәдениет пен спортта өзін шыңдауға жағдай жасалады.

Read More

Жамбыл облысының Меркі және Жуалы аудандарында полицияның фронт-кеңселері ашылды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Меркі және Жуалы ауданының полиция бөлімдерінде фронт-кеңселер ашылды, бұл полицияның сервистік жұмыс моделіне көшуі бойынша кезекті қадам болып отыр. Меркідегі «Азаматтарды қабылдау бөлмесі» фронт-кеңсесі 4 маусымда  жергілікті полиция бөлімі ғимаратында ашылды. Келушілерді қабылдауға арналған кең залда күту креслолары және екі үстел бар, онда адамдарды ЕТБ мемлекеттік автоинспекторы Жандос Қалысбаев пен АПБ көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Әнуар Мамытбеков қабылдайды. Өтініш берушіге барлық қажетті қағаздарды ресімдейтін кеңсенің терезесі бар. Салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығы Арман Оразалиев атап өткендей, бұл облыстың…

Read More

Суданның Хартум қаласында тәртіп сақшылары лагерьде ереуілге шыққан наразыларды таратқан кезде 100 адам қаза тапты, — деп хабарлайды «Хабар 24». Әскерилердің мәліметінше, марқұм болған 40 адамның денесі Ніл өзенінен табылған. Алайда бұл ақпаратты елдің денсаулық сақтау министрлігі растамай отыр. Айтуларынша, мерт болғандардың саны 46-дан аспайды.

Read More

Жыл басынан бері елде 76 адам суға кеткен. Оның 40-ы жасөспірім. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы айтты, — деп хабарлайды «Астана»телеарнасы. ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, суға ағып кеткендердің 27-сі балық аулау кезінде, 22-сі шомылып жүріп, ал 2 адам басқаны құтқарам деп опат болған. Қазақстанда демалушылар мен балықшылар баратын 50 мыңға жуық өзен-көл бар. Ал құтқарушылардың саны — 1380 ғана. Яғни су қоймаларын мамандармен толықтай қамту мүмкін емес деді Беккер. Сондай-ақ, ол суға батып кеткендерді есепке алу жүйесі осы жылдан бастап өзгертілгенін айтты. «Біз енді статистиканы басқаша жүргіземіз. Бұрын біз суға шомылу кезінде қаза тапқандарды ғана есепке алатынбыз. Ал енді…

Read More

Таразда «Ұлы Дала хикаялары» деп алататын Қазақстанның замануи өнер көрмесі ашылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімідігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көрмеде Алмагуль Менлибаева, Сәуле Сулейменова, Рашид Нурекеев, Асхат Ахмедьяров сынды 10-нан астам әйгілі суретшінің туындылары қойылған. «Мұнда әлемнің 20-дан астам елдерінде үлкен баға алған туындылар қойылған. Шығармалар ұлттық болмысымзды айшықтайтын, өнер, мәдениет, табиғат тамашалары сынды құндылықтарды суреттейді», — деді өз сөзінде көрменің халықаралық жетекшісі Лиза Ахмади. Мақалада көрсетілген «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан — алма мен қызғалдақтың отаны» тараулары арқылы қазақ халқының ұлттық тарихында орын алар дүниелер туралы шығармалар…

Read More

Алматыда «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасы аясында имамдар 500 отбасыға көмек көрсетті. Сонымен қатар, Діни басқарма өкілдері мен елге танымал әншілер бірлесіп, екі көпбалалы отбасыға жаңа үйдің кілтін табыс етті, — деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы. Солардың бірі — Сандуғаш Тұрманова. 20 жылдан бері шиеттей балаларымен пәтер жағалап, көшіп жүрген ананың  жағдайы мүшкіл болған. 9 құрсақ көтерген ана қасиетті айда сол ауыртпалықтардан құтылып, жомарт жандардың көмегімен баспаналы болды. Орталық мешіт жанынан құрылған «Ықылас» қайырымдылық қорының тіркеуіндегі 600-ге жуық отбасы тегін азық-түлік алды. «Рамазан айының соңғы он күндігінде мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қуаныш сыйлау — азаматтық міндетіміз», — дейді имамдар. «Қайырымдылық акциясындағы негізгі қаражат көзі бұл халқымыздың…

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты әскери әрекеттер болуы мүмкіндігін жоққа шығармады. Бұл туралы америкалық көшбасшы ұлыбританиялық ITV басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, — деп хабарлайды Lenta.ru порталы Reuters басылымына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Иран президенті Хасан Роуханимен келіссөздер жүргізуге қуана келісетінін айтты. Алайда әскери әрекеттер мүмкіндігі туралы сұраққа ол былай деп жауап берді: «Әрдайым соғысу мүмкіндігі бар. Менің соғысқым келе ме? Жоқ. Ондайға барғым келмейді. Бірақ ондай мүмкіндік қала береді». Трамптың айтуынша, Иран оның президент қызметіне кіріскенінен бастап-ақ жау көреді екен. «Сол кезде олар әлемдегі бірінші террорлық ұлт болды, мүмкін, бүгінде солай шығар», — деді ол. 3 маусымда АҚШ Иранмен жаңа ядролық келісімшарт…

Read More