Автор: admin
«Культурная столица СНГ» в Шымкенте готовы к проведению знатного мероприятия на самом высоком уровне
20 марта состоится официальное открытие года Шымкента в качестве культурной столицы стран СНГ. Значимое мероприятия состоится центральном стадионе Хаджимукан в 18:00. Участие в мероприятии примут знатные гости из стран СНГ. Открытие мероприятия завершится крупным концертом с участием звёзд эстрад стран СНГ.
Шымкент қаласында 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының ресми ашылу салтанаты наурыз айының жиырмасыншы жұлдызына белгіленген. Ауқымды шара еліміздегі қазақилықтың қарашаңырағы болған үшінші мегаполистегі «Қажымұқан» орталық стадионында, сағат 18:00-де басталмақ! Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістеткен «Мәдени астана» мәртебесі жиынына ТМД елдерінен сыйлы қонақтар келіп қатысады. Аталмыш шара ТМД өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін ауқымды гала концертке ұласады!
5 наурызда кешке Мәскеудің батысындағы пәтерлердің бірінде белгілі украиналық шахматшы Станислав Богданович пен оның құрбысы Александра Вернигора өлі табылды, — деп хабарлайды «Федеральное агентство новостей». Мәйіт жанында азот тотығы бар шарлар жатқан: алдын ала болжам бойынша, спортшылар көңіл көтеретін газдан уланған. Зорлық белгілері жоқ. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды. 27 жастағы Богданович гроссмейстер, Одесса және Украина чемпионы болған. Онымен бірге қаза тапқан 18 жастағы Вернигора ММУ-де оқыған, ол әлемдік шахмат федерациясының (FIDE) рейтингінде 1861-орында тұр, қыз Украинаның намысын қорғаған. Бірнеше күн бұрын Станислав Богданович Ресей атынан Украинаға қарсы интернет-матчте ойнаған. Осылайша, оның айтуынша, ол елдер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға көмектескісі келген.…
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, мектеп, аурухана, кәсіпорын ұжымдарымен және аудан тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, “Қаралма” тау шаңғы базасында болды.Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары Теріс -Ащыбұлақ су қоймасынан басталды. Онда бүгінгі таңда 50 миллион текше метрден астам су жиналса, бұл қажетті көлемнің үштен бір бөлігін ғана құрайды. Оның басты себебі қыс мезгілінде қардың аз түсуі. Айталық биыл тауларда әдеттегіден 40 пайызға аз қар жиналған. Сондықтан жергілікті әкімдік “Қазсушар” РМК – мен бірлесе отырып, ерте бастан шаруа қожалықтарын аралап, вегетациялық кезеңде су мәселесі орын алмас үшін негізінен ылғалды көп қажет етпейтін дақылдарды егуге басымдық…
Жамбыл облысы Сарыкемер ауылында ер адам әйел мен оның үш айлық баласын қағып өлтірді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Басылымның мәліметінше, жол апаты 4 наурызда болған. «BMW 728 маркалы көліктің 28 жастағы жүргізушісі 44 жастағы әйелді үш айлық баласымен жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен. Анасы оқиға орнында қаза тапты. Нәрестені Байзақ аудандық орталық ауруханасына жеткізген, дегенмен алған жарақатынан сәби де көз жұмды. Оқиға орнын тексеру барысында жолдың құрғақ, ешқандай ақаусыз болғаны анықталды», — делінген хабарламада. Ұсталған жүргізушінің айтуынша, әйелі екеуінің арасында жанжал шығып жүргізуші жылдамдықты күшейткен. Алдында келе жатқан көлікті айналып өту кезінде ол рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қазіргі…
2 марта т.г. в Департаменте полиции Жамбылской области в рамках Дня благодарности состоялась встреча личного состава с членами Ассамблеи народов Казахстана, представлявшими около 10 национальных общественных объединений, передает Пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. В приветственном слове заместитель начальника Департамента полиции Жамбылской области полковник полиции Руслан Курумбаев отметил, что День благодарности в нынешнем году совпадает с 25-летием со дня образования Ассамблеи народов Казахстана, и сообщил, что министерством внутренних дел РК и Ассамблеей народа Казахстана подписан совместный план по укреплению межэтнических отношений на 2019 — 2020 годы. «Департамент полиции Жамбылской области, как и все наше государство, является многонациональным, — подчеркнул полковник полиции…
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген науқастар жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлімдеді. «Қазақстанның 150 азаматы Оңтүстік Кореядан Жамбыл облысына жеткізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деді комитеттегілер. Ведомство мәліметі бойынша, Жамбыл облысында коронавирустың жетуі мен таралуының алдын алу үшін барлық шара жасалып жатыр, медициналық ұйымдардың бәрі дайын, күн сайын шетелден келгендер бақылауда болады. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті халықты жалған ақпарат таратпауға шақырды. Сондай-ақ, фейк-жаңалық таратқан адамдардың жауапқа тартылатынын ескертті.
«Қазгидромет» РМК мамандары 2020 жылғы 29 ақпандағы Шу өзенінде кезектен тыс су сынамаларын алудың анықтамасын жариялады. «БАҚ және Facebook әлеуметтік желісінде Шу өзеніне құятын Қырғызстан Республикасының аймағында Аламедин және Ала-Арча өзендерінде судың жасыл түсінің пайда болуы туралы ақпаратқа байланысты, «Қазгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы Қайнар ауылының ауданында 2020 жылғы 29 ақпанда Шу өзені суының сынамасын жоспардан тыс іріктеуді ұйымдастырды (Қырғызстанмен шекарасынан шамамен 20 шақырым). Шу өзенінде көзбен шолып қарағанда су табиғи түсті, бөтен иісі жоқ, суға тән емес құбылыстар табылған жоқ», — делінген хабарламада. Ауыр металдарды, органикалық және биогенді заттарды анықтау үшін су сынамаларының физика-химиялық талдауының нәтижелері 2020 жылғы…
Тараз қаласының Полиция басқармасы бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Д.Нысанбаев М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың заң факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ, іс-шараға полиция қызметкерлері, университет деканы З.Әбдукаримова және басқа да оқытушылары қатысты. Кездесудің негізгі тақырыптарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, олардың жасалу себептері мен шарттары, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының өкілдері жастарға кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс деңгейін төмендету және оларға қатысты қандай шаралар қабылданатынын айтты. Полиция қызметкерлері ҚР Президентінің биылғы жылдан бастап балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жазалауды қатаңдату туралы Заңға қол қойғанына және балалардың құқықтарын қорғау…
2000 жылдық тарихы бар Тараз жерінде алғаш рет 7-9 наурыз аралығында «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен! «КӨРПЕ FEST» мегафестивалі өтеді. Көрмеден әйгілі этнодизайнер, «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің – негізін қалаушы, «Аманат» сыйлығының құрметті елшісі — Ырза Тұрсынзада мен шәкірттерінің туындыларымен таныса аласыздар. Фестивальдің мақсаты Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын қолдай отырып, төл өнерді дамыту. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Фестиваль барысында Ырза Тұрсынзаданың «Аналар аманаты» атты ақысыз тренинг-семинары ұйымдастырылады. Қатысушы жеңімпаздарына Ырза Тұрсынзада сертификаттар мен 30 тігін машинасын және де эксклюзивті маталарды сыйға тартады. Құрметті жамбылдықтар, семинар-тренингке қатысу үшін…