Автор: admin
Ребенка похитили из роддома в Таразе, передает пресс-служба Департамента полиции Жамбылской области. 8 июля в полицию Тараза обратилась молодая женщина с заявлением о том, что из областного перинатального центра был похищен ее новорожденный ребенок. Правоохранители проверили записи видеокамер, установили, в какую сторону похитительница ушла после того, как покинула роддом. «Досконально проверен весь близлежащий жилой сектор, осмотрены все номера в расположенной поблизости гостинице, в одном из которых и был обнаружен похищенный младенец. Тяжкое преступление удалось раскрыть в течение двух часов, ребенок возвращен матери», — рассказали в полиции. По подозрению в похищении младенца была задержана 22-летняя жительница села Каракемер Жамбылской области. Полицейскими…
Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада. Осы орайда Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметінен босатылды. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылы 6 тамыз — 2019 жылы 17 маусым аралығында мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Бұл лауазымға Ақтоты Райымқұлова тағайындалды.
Ермек Аманшаев ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары — ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі. Биыл ақпан айынан Ермек Аманшаев ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болды. Мәдениет және спорт вице-министрі және «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті болған Ермек Аманшаев отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткерi» белгісімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.
Мәселен, өңірде жыл басынан бері 11 адам тілсіз жаудың құрбаны болған, — деп хабарлайды «Хабар 24». Ал оның жетеуі бала. Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы жағдайлардың дені азаматтардың өздерінің салғырттығынан болуда. Көбі шомылуға тиым салынған, қауіпсіздік шаралары сақталмаған жерде суға түседі. Сондай-ақ демалыс орындарында ішімдік ішудің де соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жатады. Соңғы бірнеше аптада тек Тараздың өзінде екі адам судан ажал құшты. Қазір жағажайларда 77 құтқарушы кезекшілік жасайды. Облыста 3 жағажай болса, оның тек екеуінде ғана шомылуға рұқсат берілген. Келеңсіз жайттарды алдын алу үшін мамандар өзен-көлдерде 300-ден астам рейдтік шара ұйымдастырды. Облыстық тжд басқармасының басшысы Мақсат Әкімбаев былай дейді: «Қазіргі таңда…
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов үкімет басшысына қолға алынған қосалқы шаруашылық жайында баяндады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі бастаған жұмыс тобы үш аптада 376 елді мекенді аралап шықты. Сондай-ақ, 136625 ауланың дерекқоры жиналды. Бұл сапар – шалғайдағы жұртқа тиімді жобаның шарапатын сездіру үшін жасалды. Бүгінде облыста 68 мың бизнес субъектісі тіркелген. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында барлық кәсіпкерлік субъектісіне сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде құны 70, 9 миллиард теңгені құрайтын 126 жоба қолдау тапқан. Ал, жалпы құны 497,7 миллион теңгені құрайтын 9 кәсіпорынның жобасы екінші деңгейлі банктермен мақұлданса, 20,1 миллиард теңгеге бағаланған 9 жоба әлі де қаралу үстінде. Егер ұсынылған жобалар толықтай жүзеге асатын болса,…
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева жаза ретінде ақшалай айыппұл алды, — деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz. Сот Эльмира Суханбердиеваны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 2500 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. 10 шілдеде № 2 Есіл аудандық сотының судьясы Нұр-Сұлтан Бақытжан Есенов іс бойынша шешімді жариялады. Эльмира Суханбердиева (артта) және оның адвокаты Айгүл Әмренова. © Tengrinews.kz Вице-министр Суханбердиеваға қандай айып тағылған? Сот тергеуі жүріп жатқанда Эльмира Суханбердиева қамауда болды. Сотқа тергеу изоляторынан оны айдауыл жеткізді. Шеверняева қамауға алынбады. Айта кетейік, бұған дейін сотта Эльмира Суханбердиева мен Елена Шеверняева кінәсін толық мойындаған. Бұрын олар прокурормен іс жүргізу…
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл туралы ведомство басшысы баспасөз конференциясында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Жауапкершілік пен кінәні шатастырудың қажеті жоқ. Кінәні сот анықтайды. Ашығые айтайын, өзім кездескен Арыс тұрғындарынан кешірім сұрадым. Мен біразымен кездестім, олардың арасында зардап шеккендер де бар, эвакуацияланғандар да бар. Зардап шеккендермен кездесу барысында тағы да кешірім сұрауға дайынмын. Бірақ меніңше, әскерилердің басты мақсаты — сөз сөйлеу мен популизмді дамыту емес, іспен көрсетіп, болған жағдайды қалпына келтіру деп білемін», — деді Нұрлан Ермекбаев. Ведомство басшысы, қазіргі уақытта Қарулы күштер сапында жүргендердің арасында осының барлығына жауап беретін қорғаныс министрі секілді қатты уайымдап жүрген жан жоқ…
Сауд Арабиясында мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның әпкесі Хасса бинт Салман сантехникке зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталып отыр, — деп хабарлайды РИА Новости. Бұл оқиға 2016 жылы Францияда болған. Тергеу мәліметінше, ханшайымның оққағары бірнеше сағат бойы сантехникті ұрып-соғып, тізерлеп отырғызып, ханшайымның аяғын сүюге мәжбүрлеген. Ханшайым Хасса бинт Салманның айтуынша, ер адам оны және Париждегі пәтерін рұқсатсыз ұялы телефонына түсірген. Ал мемлекеттік айыптаушылар ханшайымның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады. Сол себепті прокурор оны жарты жылға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде айыппұл салуды талап етіп отыр. Ал ханшайымның оққағарын шартты түрде сегіз айға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро мөлшерінде…
Жамбыл облысының Шу ауданында Қордай аудандық полиция бөлімі полиция қызметі майорының өртеніп кеткен денесі табылды. Майордың жүрек тұсына пышақ салынған. Бұл қылмыс туралы ақпаратты Экспресс-К газеті анықтады. Басылым мәліметі бойынша, бейтаныс әйел телефонмен Жайсан ауылының (Шу қаласынан 15 шақырым жерде) маңында адам денесін көргенін айтқан. Артынша көрсетілген жерге жедел топ қызметкерлері келіп, әріптесінің өртеніп кеткен денесін көрген. Бұл Қордай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастырушылық-сараптамалық жұмыс тобының инспекторы, полиция қызметінің майоры 30 жастағы Бағдат Мәмілеев болып шықты. Ол екі баланың әкесі болатын. Дененің қасында оның құжаттары болған: жеке куәлік және қызметтік куәлік ұялы телефонмен бірге пакеттің ішінде жатқан, онда азғантай ақша, джинс, екі жейде және басқа да киімдер…
Ішкі істер органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі. Мәселен, өткен аптада республика өңірлерінде әр түрлі қызмет атқарған полиция қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі шықты. «Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының үкімімен жол-патрульдік полиция полкі рота командирі полиция майоры М. Каскин жалпы қамқорлығы мен жүк автокөліктерінің кедергісіз жүріп өтуі үшін жеке тұлғадан пара алған. Қостанай қаласының № 2 сотының үкімімен билікті асыра пайдалану және бағынышты қызметкерлерден жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактілері бойынша 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы сотпен жеңгетайлықпен айналысқан адамдардың қылмыстық әрекетіне қамқорлық көрсету арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін…