Автор: admin
Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің қатысуымен Конституциялық реформаларға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары қатысты. Жиынды ашқан облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов жаңа Конституцияның мән-маңызына тоқталып, оның қоғам мен мемлекет үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті. — Бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата Заңның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу көзделгенімен, талқылау барысында реформаның ауқымы әлдеқайда кең екені айқындалды. Конституцияда Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, бірлік пен келісім, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітіліп, білім мен ғылымға, адами капиталға, цифрландыруға айрықша мән берілген. Отбасы институты, неке, әйелдердің құқықтары, зайырлы мемлекет қағидаттары Ата…
АҚШ Әділет министрлігі жариялаған Джеффри Эпштейн ісіне қатысты материалдарда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі әрі ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің есімі бірнеше мәрте кездеседі. Құжаттарда оның аты кемінде сегіз фрагментте, соның ішінде электронды хаттар мен хабарлама форматындағы жазбаларда аталған, деп хабарлайды Tarazy.kz Жарияланған материалдар 2011–2015 жылдар аралығын қамтиды. Атап айтқанда, 2011 жылдың тамызында Эпштейнге жолданған хаттардың бірінде жіберуші өзін Қазақстанда Кәрім Мәсімовтің көршісі ретінде таныстырып, адресаттан онымен таныс-таныс еместігін сұрайды. Тағы бір хат-хабар алмасуда есімі көрсетілмеген жіберуші Эпштейнге Мәсімовке «сәлем айтқанын» хабарлаған. Сонымен қатар материалдарда Қазақстанның бұрынғы вице-премьері әрі Ұлттық банктің экс-төрағасы Қайрат Келімбетовтің есімі де бірнеше рет аталады. 2014 жылға тиесілі хаттардың бірінде…
Үндістан қазақстандықтарға тегін туристік және медициналық визалар береді, деп хабарлайды Tarazy.kz Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына тегін туристік, медициналық және медициналық сүйемелдеу визаларын беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, қазақстандықтарға 30 күнге дейін визалар визалық төлемсіз рәсімделеді. «Екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және халықтар арасындағы туристік алмасуды дамыту мақсатында Үндістан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасы азаматтарына 30 күнге дейін тегін туристік, медициналық және медициналық сүйемелдеу визаларын беру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім дереу күшіне енеді», – деп жазылған ресми хабарламада. Сонымен қатар, Үндістан азаматтары Қазақстан аумағында 14 күнге дейін визасыз бола алады.…
Шымкентте жасөспірім кішкентай қызды көшеде ұстап алып, зорламақ болған. Оқиға 1 ақпанда болған. Күдіктінің әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Tarazy.kz Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, баланың ата-анасы полицияға арызбен жүгінген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жасөспірім ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сонымен қатар оның ата-анасы да полиция бөлімшесіне жеткізілген. «1 ақпанда полицияға жасөспірімнің кәмелетке толмаған қызды ұстап алып, оған қатысты заңсыз әрекет жасауға талпынғаны туралы арыз түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті», – деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті. Қызбен психологтың қатысуымен әңгіме жүргізілді. Қазіргі таңда оның өмірі мен…
Ақпанның 5-нен бастап отандық кинотеатрларда режиссер Думан Еркімбек пен продюсер Жалын Тілеубергеннің «Ғашықпын саған» атты фильмі жарық көреді. Бұл заманауи әлемдегі махаббаттың орны мен адам өміріндегі рөлін қайта ой елегінен өткізіп, жаңаша бағамдауға тырысқан тың туынды, деп хабарлайды Tarazy.kz Сюжет бойынша Алматыға арман қуып келген Еңлік тезірек байып кетіп, ауылдағы анасы мен інісін қалаға көшіріп әкелуді мақсат етеді. Әкесіз өскен қыз оқу мен жұмысты қатар алып жүріп, өмірдің ауыртпалығына қарсы тұруға тырысады. Алайда үлкен қаланың өз заңдары мен күтпеген сынақтары бар. Мыңдаған тағдыр тоғысқан қалада Еңлік әнші болуды армандайтын Арман деген жігітпен күтпеген жерден танысады. Бұл кездесу екі жастың өмірін түбегейлі…
Өткен сенбіде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы мерзімді басылымдарда ресми түрде жарияланды. Қоғамның талқысына ұсынылған заң жобасы 84%-ға жаңарғаны мәлім болды. Жаңа Конституция 11 бөлім, 95 баптан тұрады. Саяси өзгерістер мен билік тармақтарындағы реформаларды заңдастыруға бағытталған құжат жарияланған соң, қоғамда оны талқылау қызу жүріп жатыр. Президенттің мәртебесі және сайлану тәртібі бойынша президент 7 жылдық бір мерзімге ғана сайланады. Қайта сайлануға тыйым салынған. Құрылтай, Үкімет, Қазақстан Халық Кеңесі туралы жаңа баптар енді. Негізгі өзерістер осыдан басталады. Алайда өткен екі күнде әсіресе жаңа Конституциядағы мемлекеттік тілге қатысты тұсына ел назары ерекше ауып отыр. Әсіресе әлеуметтік желіде қазақ тілінің Ата заңдағы мәртебесіне байланысты пікір…
Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тіл туралы не деп жазылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Tarazy.kz Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тіл туралы 9-бапта жазылған 9-бап: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет біртұтас Қазақстан халқының тілдерін үйрену және дамыту үшін жағдай жасауға қолдау көрсетеді.
31 қаңтар 2026 жылы еліміздің саяси құқықтық бағытында жаңа серпіліс болды, конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Еліміздің негізгі заңының жаңа нұсқасы сарапшылар мен мамандардың ұзақ талқылауынан өткен, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардын түскен ұсыныстарының негізінде әзірленіп халыққа ұсынылып отыр. Бүгінгі таңдағы мемлекетіміздің өмірі үшін аса маңызды құжаттын дәл қаіргі уақытта жаңартылуы уақыт ағымына қарай мемлекеттің жарқын болашағына бағытталған батыл қадам болып отыр. Себебі, кез келген мемлекеттің конституциясы ол мемлекетті басқа саяси ұйымдардан ажырататын басты белгісі және қоғамның даму бағытын анықтайтын құқықтық компасы деп бағалауға болады. Ал мемлекеттің дұрыс бағытта дамуы сол негізгі заңымыздың…
Ұлттық спорт түрлеріне берілген ерекше мәртебеге байланысты барлық ұлттық спорт федерациялары Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қайта аккредиттеуден өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Министрлік талаптарына сәйкес, кемінде 11 аймақта 11-ден астам мүшелік ұйымы бар федерацияларға ұлттық мәртебе беріліп, ресми аккредитация жасалады. Аталған талаптарға толық сай келген Тоғызқұмалақ федерациясы еліміздің 20 аймағында жұмыс істейтін 20 өңірлік федерацияны біріктіріп, ұлттық мәртебе алып, ресми түрде аккредиттелді.
«Қазақ кітабы және нарық» деген аса зор проблема 30 жылдан бері шешілмей келеді. Жұрттың бәрі де қаламгерлердің билік тендермен шығаратын 1-2 мың тиражбен шығатын кітабын місе тұтып, ол қолында барлардан атан-түйедей сұрап алатын күйге ұшырады. Міне, осыны ескермей, былайғы жұрт «қазақ кітап оқымауға айналды» деп қара аспанды төндіретін күйге жеттік. «Ұра берсең Құдайда өледі» демекші, қазақ жұртының санасына осы пікір әбден сіңіп те кетті. Қазақ кітап оқымайды емес, нарықтағы жағдай оқытпайды деген жөн сөзді ұғатын жан табылмайтын болды. Осы догманың сеңін белгілі ақын, әрі қарымды да, алымды жазушы Ақберен Елгезек «Дардай» романымен бұзды. Бұған дейін Ақберен бауырымыз прозада өзінің бағын…