Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026

      Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

      10.02.2026

      Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

      10.02.2026

      Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

      10.02.2026

      Ақтөбедегі қайғылы жағдай: жеке үйден әйел мен үш баланың денесі табылды

      09.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026

      Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

      03.02.2026

      Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасын талқылап, қолдау білдірді

      02.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Эпштейн ісі бойынша құжаттарда Қазақстанның экс-премьері Кәрім Мәсімовтің аты кездеседі

    Эпштейн ісі бойынша құжаттарда Қазақстанның экс-премьері Кәрім Мәсімовтің аты кездеседі

    Жаһан 02.02.2026
    House Oversight Committee Democrats / Reuters.
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    АҚШ Әділет министрлігі жариялаған Джеффри Эпштейн ісіне қатысты материалдарда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі әрі ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің есімі бірнеше мәрте кездеседі. Құжаттарда оның аты кемінде сегіз фрагментте, соның ішінде электронды хаттар мен хабарлама форматындағы жазбаларда аталған, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Жарияланған материалдар 2011–2015 жылдар аралығын қамтиды.

    Атап айтқанда, 2011 жылдың тамызында Эпштейнге жолданған хаттардың бірінде жіберуші өзін Қазақстанда Кәрім Мәсімовтің көршісі ретінде таныстырып, адресаттан онымен таныс-таныс еместігін сұрайды.

    Тағы бір хат-хабар алмасуда есімі көрсетілмеген жіберуші Эпштейнге Мәсімовке «сәлем айтқанын» хабарлаған.

    Сонымен қатар материалдарда Қазақстанның бұрынғы вице-премьері әрі Ұлттық банктің экс-төрағасы Қайрат Келімбетовтің есімі де бірнеше рет аталады.

    2014 жылға тиесілі хаттардың бірінде жіберуші Эпштейннен: «Мәсімовке айта бұйымтайыңыз бар ма?» деп сұрайды.

    Эпштейн өз жауабында жай ғана «әңгімелесуді» ұсынатынын айтып, үшінші бір адам арқылы Нью-Йоркте «жақсы уақыт өткізген» Келімбетовке «сәлем айтуға» болатынын жазады.

    Құжат мазмұнына қарағанда, әңгіме тағы да Қайрат Келімбетов туралы болуы мүмкін.

    Хаттар мен хабарламалардың скриншоттары АҚШ Әділет министрлігінің ресми файлдарының құрамында жарияланған. Алайда материалдарда Кәрім Мәсімовтің Джеффри Эпштейнмен жеке кездескені туралы нақты дерек жоқ.

    Джеффри Эпштейн — америкалық қаржыгер, миллиардер, сексуалдық қылмыстармен аты шыққан тұлға.

    2008 жылы ол жезөкшелікке тарту ісі бойынша кінәсін мойындап, кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін сотталған. 2019 жылы адам саудасы мен жезөкшелікке тарту айыптарымен қайта қамауға алынған. Сот үкімін күтпестен, ол қамауда өзіне қол жұмсаған.

    Эпштейн кәмелетке толмаған қыздарды сексуалдық қанауға тартқан жүйелі желінің ұйымдастырушысы ретінде аталады.

    Джеффри Эпштейн ісі Кәрім Мәсімов

    Оқылып жатыр

    Нипах вирусының қаупі: санитариялық комитет мәлімдеме жасады

    04.02.2026

    Үндістан визасы қазақстандықтар үшін тегін болды

    02.02.2026

    Президенттің баспасөз хатшысы ауысты

    29.01.2026

    «Қазақстандық банк арқылы көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 трлн теңге аударылған» — Тоқаев

    28.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

    10.02.2026

    Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

    10.02.2026

    Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.