Автор: admin
Өңірде бекітілген алгоритмге сай атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында, облыс әкімі Асқар Мырзахметов Байзақ ауданында жұмыс сапарымен болды. Өңір басшысы алдымен Қызыл жұлдыз ауылдық округінің тұрғындармен бетпе-бет жүздесті. Бұдан кейін округтегі ауылдық клубта шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы ауылдықтардың әлеуетін арттырудың басты бағыттарына тоқталды. Еркін форматтағы кездесуде Асқар Исабекұлы тұрғындарға тиімді табыс көзіне бейімделудің негізгі тетіктері мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысы, қосалқы шаруашылықтар жөнінде қарапайым тілде түсіндіріп өтті. Жұмыс сапарын қорытындылап, аудан активімен жиын өткізілді. Жиында ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, арнайы келген жұмыс тобы мүшелерінің елдімекендердегі зерделеу шараларының қорытындысы баяндалды. Кездесу…
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты мәселелерін шешуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Тengrinews.kzтілшісі. «Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс», — деп жазды Тоқаев. https://twitter.com/TokayevKZ/status/1146284343893078018?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1146284343893078018&ref_url=https%3A%2F%2Fkaz.tengrinews.kz%2Fkazakhstan_news%2Ftokaev-kostanaydagyi-kazaktld-mekteptn-maselesn-sheshud-299241%2F
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның ісі сотқа жіберілді. Ол процессуалдық келісімге келіп отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Вице-министр бойынша, қорғаушы-адвокат жүгінгенін ескере отырып, ол процессуалдық келісімге келу жолымен іс жүргізуге дайын. Іс жедел түрде сотқа жіберілді», — деді Шпекбаев білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңсенің ашылуында. Соттың шешімімен Суханбердиева 6 тамызға дейін қамауда болады. Оған пара алды және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. «Тестілеу орталығың директоры бойынша іс әлі тергеуде. Жақын арада аяқтаймыз деп ойлаймын. Бізде көпэпизодты, созылмалы істер болды. Бірақ қазіргі…
АҚШ Мексикамен арадағы шекарада мигранттардың мәселелерін шешуге 4,6 миллиард доллар бөледі, — деп хабарлайды «Хабар 24». АҚШ Президенті Дональд Трамп сәйкес заң жобасына қол қойды. Аталған қаржының басым бөлігі, Құрама штаттарға жалғыз өзі келген балаларды күтуге жұмсалады. Сонымен қатар, заңсыз мигранттарды азық-түлік, баспанамен қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсетуге де қомақты қаржы бөлінген. Айта кетейік, бұған дейін Техастағы мигранттарды күту орталықтарындағы жағдай көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Онда жүздеген бала бірнеше апта бойы жеткіліксіз ауыз су мен тамақсыз өмір сүріп келген. Осыған байланысты АҚШ Кеден қызметінің басшысы Джон Сандерс отставкаға кеткен болатын.
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда сайты. Қазақстан Президентіне Парламенттің жоғарғы палатасының қазіргі жұмыстары және сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, соның ішінде азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты жоспарлары туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы, есірткі таратқаны, әсіресе интернет арқылы таратқаны үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін заңнамалық нормаға енгізудің маңызды екенін атап өтті.
Жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер Арыс қаласын қалпына келтіру, әлеуметтік шараларды атқару бойынша қызу жұмыстар жүргізуде. Бұған дейін айтылғандай қала аумағы 17 секторға бөлінген десек, 3-секторға қарасты 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары Жамбыл облысына жүктелген болатын. Бұдан бөлек бұл бөліністе тағы 14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар анықталған. Бүгінде облысқа тиесілі аумақтағы 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйдің барлығы толығымен зерделеніп аяқталды. Нәтиежесінде қираған 3 үйдің екеуіне толық, біреуіне жартылай қалпына келтіру шаралары атқарылатын болды. Бұған жұмсалатын шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жиналған қаражаттан қарастырылмақ. Айта кетейік, қазіргі таңда жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 150 құрылысшысы Арыстағы 35 жеке…
Бәзбіреу Шешенстанның полиция бекетіне шабуыл жасаған. Ол гранатаны бекеттің бастырмасына лақтырып, кейін оны қуған полицейді пышақпен жарақаттаған, — деп хабарлайды РИА Новости. Оқиға Ачхой-Мартанов бақылау-бөгеуіл бекетінде болған. Бекет Бамут ауданына жақын маңда орналасқан. Шешенстанның қарулы күштері қызметкерлері оның көзін жойған. Полиция қызметкері алған жарақатынан емханаға бара жатқан жолда қаза тапқан. Полиция бекетіне жасалған шабуылды ДАИШ террористік ұйымы өз мойнына алды (Қазақстанда тыйым салынған). Бұл туралы SITE Intelligence Group мәлімдеді. Бұл портал лаңкестердің ғаламтордағы әрекеттерін бақылап отырады. Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров қаза тапқан полицейдің туыстарына көңіл айтты. «Мен ерлікпен қаза тапқан полицейдің жанұясына, туыстарына және оның жақындарына көңіл айтамын», — деді Қадыров Telegram-арнасында. Ол лаңкестердің аяусыз, дөрекі…
Осыған дейін отандасымыздың Лондон және Мәскеу қалаларында да жеке ән кештері өткен еді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, — деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Үкіметпен, Мәжіліспен, мәслихаттармен өзара іс-қимылдарды күшейту, бастауыш партия ұйымдарын нығайту қажеттігін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды уәделердің орындалуы үшін партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге назар аударды. «Партияның міндеті — сайлауалды уәделердің орындалуы үшін қоғамдық бақылауды күшейту. Халықтың барлық аманатының орындалуын қатаң бақылауға алып, олардың нақты орындалуын қамтамасыз ету керек. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін халыққа уақтылы әрі тиімді жеткізу маңызды», — деді Қазақстан Президенті. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінде және жас мамандардан президенттің кадрлық резервін жасақтауда партияның жұмысын жандандыру…
Жамбыл облысында 2018 жылы бойынша 6041 орындық 66 мектепке дейінгі ұйым ашылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырованың қатысуымен өткен брифингте айтылды. Облыста 535 мектепке дейінгі білім мекемелерінде 55 207 бала, 171 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 14 984 бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ, биыл 2899 орындық 27 мектепке дейінгі ұйым ашу көзделуде.Оның ішінде 390 орындық 5 жекеменшік балабақша ашылды. Бұған қоса, 2018-2019 оқу жылында облыстағы 446 жалпы білім беретін мектептерді 222 801 оқушы бітірді. Ал бітіруші 8813 түлектің 75-і ЖОО грант иегері атанған. Ағымдағы жылдың 11 маусым күні «Достық үйінде» облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбековтың…