Автор: admin
Биылғы жылы Incentive Travel Excellence қоғамы (SITE) өзінің 2024 жылғы жаһандық конференциясын 2024 жылдың 26-29 ақпаны аралығында Cтамбұлда өткізеді. Түркияда ынталандырушы туризмді дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізетін SITE Türkiye ұйымдастырған конференция әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға Түркияны тану мүмкіндігін ұсынады. 2024 жылдың ақпан айында Cтамбұлда Жаһандық конференция өтеді, бұл Қоғамның 50 жылдық мерейтойының маңызды оқиғасы. SITE 2024 жаһандық конференциясы Cтамбұлда әлемнің түкпір-түкпірінен туризм секторына тиесілі жүздеген мүдделі тараптардың басын қосады. 90 елде 2500-ден астам мүшесі бар және жарты ғасырлық тарихы бар SITE жетекші туризм қауымдастығы саналады. Салалық тәжірибесінің сандық нәтижелерін жаһандық бизнес әлемімен бөлісетін SITE-ның дүние жүзінде 27 жергілікті және аймақтық…
Түркияға саяхат – көктем-жаз мезгілдеріндегі туристік бағыттардың көшін бастайды. Бұған себеп – жылы теңізі, жұмсақ құмы, жоғарғы класты қызмет, сәнді әрі сапалы таураларға толы дүкендері, ерекше көрікті, тарихи мекендері мен дәмі тіл үйіретін асханасы. Түркия Еуропаның оңтүстік-шығысы мен Кіші Азияда орналасқан. Елдің тамаша демалыс аймағына айналуына себеп болған – төрт теңізі. Солтүстігінде – Қара теңіз бен Мәрмар теңіз, батысында – Эгей теңізі, ал оңтүстігінде Жерорта теңізі жатыр. Сондай-ақ, аумағында бірнеше өзендер мен тұзды көлдер кездеседі. Түркияда демалу үшін Қазақстан азаматтарына виза әзірлеудің қажеті жоқ. Әуежайда шетелдік төлқұжатқа Түркия аумағында 90 күн болуға құқық беретін белгі қойылады. Бұл елге демалуға келетін саяхатшылардың санында шек жоқ. Әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған демалушылардың арасынан еуропалықтарды да,…
аразда мейрам күндері жантүршігерлік жол апаты болды. Кәмелет жасына толмаған тұрғын мінген Toyota көлігі негізгі жолда келе жатқан LADA автокөлігін соққан. Апаттан бір адам көз жұмған, — деп хабарлайды Almaty.tv. «Мен жақын маңда тұрамын, жұмысқа кетіп бара жатқан кезде бір дауыс естідім. Оқиға орнына барып, кейін көрдім. Жантүршігерлік жағдайды айтып жеткізу мүмкін емес», — деді куәгер Айбек Бекхожаев. Көлік қақтығысының қатты болғаны соншалықты, соққы алған автомобиль арықтан ары ытқып, бірнеше рет аударылып, ғимарат қабырғасына барып, бірақ тоқтаған. «Қабырғаға соғысқан көліктің сау-тамтығы қалған жоқ. Екінші көлік жолдың шетінде тұрды. Арғы жақта полицейлер куәгерлермен әңгімелесті», — деді тағы бір куәгер Имран Тохтыев. Полиция…
Қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған TikTok жетекші платформасы Қазақстандағы өз қауымдастығымен бірге көктемнің бастауы Наурыз мейрамын атап өтеді. Tik Tok мерекелік онлайн-фестиваль алаңына айналды: #наурыз2023 арнайы хэштегі бойынша қазақстандықтар мерекені еліміздің түкпір-түкпірінде қалай атап өтетінін көрсете алады, мерекелік тағамдардың мәзірін бөлісе алады немесе қызықты дәстүрлер туралы айта алады.Онлайнда өтетін іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен “Kazakh Tourism” ұлттық компаниясының қолдауымен өтеді. Бұл бастаманы TikTok-тағы танымал контент авторлары да қолдайды. Қазақстанның бай мәдениеті TikTok авторлары үшін нағыз шабыт көзі, олар әртүрлі елден келген платформаның миллиондаған қолданушысымен резонанс тудыратын шынайы және тартымды бейнероликтер жасайды. Мысалы, #историяказахстана хэштегі бойынша бейнероликтер…
Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері қару және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қарудың және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді. Қылмыстық қару мен жалған АҚШ долларын сатудың жасырын арнасы жұмысын жолға қойған қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды. Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, атқыш қару, оқ-дәрі, сонымен қатар, жалған америкалық банкноттарды әкелудің тұрақты қылмыстық жүйесі анықталды және құжаттанды. Қылмыскерлердің жасырынғаны, заманауи техникалық байланыс құралдарын қолданғаны олардың әрекетін әшкерелеуде қиындық тудырған. Күдіктінің заңға қайшы әрекеті еліміздің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер…
Таразда бес адам көміртегі тотығына уланып өле жаздады, — деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Оқиға 6 наурызда сағат 22:00 шамасында болған. Тараз қаласы ПБ 2-полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Әлішер Ермековтың айтуынша, ол мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Эльмира Еселбаевамен бірге оқушының сабаққа келмеу себебін білу үшін оның үйіне барған. Мектепке келмеген 8 жастағы баланың ата-анасы қоңырауға жауап бермеген. Мекенжайға келген полиция инспекторы қақпаны қаққанда оны ешкім ашпаған. Көршілерден сұрағаннан кейін, кешеден бері отбасын ешкім көрмегені белгілі болады. Әлішер Ермеков көршісінің рұқсатымен үйдiң ауласына кiрген. «Үйге келе жатып, терезеден баланың еденде ес-түссіз жатқанын көрдік. Ойланбастан терезені сындырып, бөлмеге кірдім. Үйде…
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Анаға тағзым» орталығында түрлі салада өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген нәзік жанды кәсіпкерлер, қоғам белсенділері және көп балалы аналармен кездесті. Аймақ басшысы әйелдерді мерекемен құттықтап, олардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. – Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Өйткені, ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Бүгінде аяулы аруларымыз өмірдің барлық саласында еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетіп жүр.Кез келген тұлға ананың ақ сүті, мейірімі мен махаббатының арқасында өсіп, қалыптасады. Бүгінде өңірімізде 43 мыңнан астам көп балалы…
Таразда ерекше режимдегі түрмеде өрт шықты. Төтенше жағдайға байланысты қала тұрғындары тұтқындардың жаппай қашуынан қорықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап. Өрт өндірістік цехтардың бірінде болғаны белгілі болды. Онда 14 шаршы метр жерде ағаш өңделіп, дайын өнім сақталады екен. Өрт тез арада шатырға тараған, бірақ қызметкерлер, кейін өртсөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтады. Колония өкілдері өрт кезінде цехта ешкім болмады деп сендірді. Бәрі басқа ғимаратта орналасқан камераларында болған. «Өрт кезінде сотталғандардың қашып құтылу әрекеті болған жоқ, өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлердің бәрі аман-сау, қызметкерлер мен арнайы контингент арасында зардап шеккендер жоқ. Мүмкін, бұл — жеке кәсіпкер, өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін олармен келісімшарт бұзылады.…
Қысқа видеороликтерді көруге және жасауға арналған TikTok жетекші платформасы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп және ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен былтыр іске қосылған және Қазақстанда қолданушылардың цифрлық сауатын арттыруға бағытталған «Қауіпсіздік академиясы» ауқымды науқанын жалғастырады. Науқанның екінші кезеңі онлайн-кеңістіктегі буллинг проблемасына арналған. Жоба аясында ЮНИСЕФ пен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің сарапшылары атақты адамдар – Санжар Мәди, Шәріп Серік, Нұрлан Батыров, Ғайни Кель және Митя Байназаровпен – онлайн-қудалау тақырыбына байланысты маңызды мәселелерді талқылайтын тікелей эфирлер сериясын өткізеді: бұл қандай құбылыс, ол неге пайда болады және оны қалай танимыз, кибербуллингтен қорғаудың қандай әдістері бар. Сонымен қатар, TikTok-тағы танымал контент…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар ірі кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты. Алдымен «Жамбыл цемент» өндірістік компаниясы ЖШС-не барған аймақ басшысына кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды. 2010 жылы іске қосылған зауыттың жылдық қуаттылығы 1,5 млн тонна цемент өндіруге шақталған. Мұнда шығарылатын цемент еліміздің қажеттілігін 20 пайызға өтеп отыр. Өткен жылы 1,4 млн тоннадан астам өнім өндірген компанияның басшысы Пьетро Кала 227 жұмысшы еңбек ететінін, олардың бірқатары жергілікті тұрғындар екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол логистикаға қатысты мәселені көтеріп, оның өнім көлемін арттыруға қолбайлау болып тұрғанына тоқталды. Облыс әкімі бұл жағдайды шешу үшін ҚТЖ басшылығымен жұмыстар жүргізілетінін баса…