Автор: admin

Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Жұмыс сапары аясында Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов халықаралық әуежай маңындағы бірқатар тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын тексерген. Тексеріс барысында Bastion тұрғын үй кешенінің құрылысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдардың келісімінсіз және рұқсатсыз жүргізіліп жатқаны анықталған. «Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әуеайлаққа жақын аймақтарда және белгіленген күзет аумағы радиусында ғимараттардың қабатына шектеулер қойылады. Осы аймақта салынып жатқан барлық нысан тиісті келісім алуға міндетті. Мұндай құжатсыз құрылысты тоқтатамыз, қажет болған жағдайда сүріледі», — деді Бейбіт Шаханов. Сондай-ақ, Dream City Tech тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында құрылыс салушы қасбетті келісімсіз қаптай бастағаны белгілі болған.…

Read More

Қарашығанақ кен орнын игеріп отырған ірі мұнай-газ операторлары, оның ішінде Eni мен Shell басқаратын консорциум халықаралық арбитражда жеңіліп, Қазақстан үкіметіне 4 млрд АҚШ долларына дейін өтемақы төлеуге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы Bloomberg дереккөзі мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Агенттік мәліметінше, арбитраж процесі жабық режимде өткендіктен, аты-жөнін жарияламауды сұраған дереккөздер сот шешімі консорциумды Қазақстан пайдасына жауапты деп танығанын растаған. Алайда өтемақының нақты көлемі әзірге белгіленбеген. Сондай-ақ Қарашығанақ жобасының серіктестері бұл шешімге шағым түсіруі мүмкін екені айтылды. Арбитраж шешімі Қазақстан үшін ішінара жеңіс саналады. Өйткені ресми Астана бастапқыда операторлардан 6 млрд доллардан астам қаражат өндіруді талап еткен. Дереккөздердің айтуынша, трибунал Қазақстан үкіметінің уәждерін негізді…

Read More

Жамбыл облысында болған ауыр жол-көлік оқиғасынан кейін араға алты ай салып, қылмыстық іс тергеудің негізгі кезеңіне өтті. Бұл жөнінде Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, қазіргі таңда іске қатысушы тараптар тергеу материалдарымен танысып жатыр. Аталған іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 245-бабының 4-бөлігі бойынша қаралуда. Бұл норма жол қозғалысы талаптарының бұзылуы салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза болуына әкеп соққан жағдайларға қолданылады. Егер күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Сондай-ақ 7 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан шеттетілуі ықтимал. Еске салайық, Гүлайым Рахмонова мен…

Read More

Филиппиннің оңтүстігінде бортында 350-ден аса жолаушысы бар паром суға батты, деп хабарлайды Tarazy.kz Associated Press агенттігінің хабарлауынша, шамамен 215 адам құтқарылған, жеті адам қаза тапқан. Жағалау күзетінің мәліметінше, паром Сулу провинциясындағы Холо аралына Замбоанга порт қаласынан бағыт алған. Алдын ала болжам бойынша апатқа кеменің техникалық ақауы себеп болуы мүмкін.

Read More

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев орынбасарымен болған төбелеске қатысты тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz Сәпиев қазақстандықтарға қолдау білдіргеніне алғыс айтты. «Болған оқиғаға қатысты нақты айта кеткім келеді: бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес. Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді. Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды», — дейді Сәпиев. Еске салайық, бұған дейін Серік Сәпиев соққыға жығылып, орынбасары тергеуге алынғанын хабарлаған едік. Бұл…

Read More

Мемлекеттік сатып алу порталында Түркістан облысында мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне арналған семинарлар өткізу үшін 5 219 827 теңгеге лот жарияланған, деп хабарлайды Tarazy.kz Тапсырыс беруші — Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы. Порталда жарияланған мәліметке сәйкес, сатып алу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылмақ. Лот бір қызмет ретінде рәсімделген және 2026 жылға жоспарланған. Сатып алу сипаттамасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранын пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын түсіндіруге бағытталған семинарлар өткізу көзделген. Яғни, жоба мемлекеттік рәміздерді өндіру немесе сатып алуға емес, оларды пайдалану тәртібін оқытуға бағытталған. Осыған байланысты кейбір қоғам белсенділері бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына күмән келтіріп отыр. Олар мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары заңда нақты…

Read More

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі заңсыздықты әшкереледі, деп хабарлайды Tarazy.kz OrdaMed АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісі бар екені туралы жалған құжаттарды пайдаланып, халыққа аса қажет 28 медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференция алған. «Алайда дайын медициналық жабдық шетелден жеткізілген. Салдарынан мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келді. Тінту шаралары барысында OrdaMed АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монета тәркіленді. Interdentica, Erkin Brand және OrdaMed компанияларындағы үлестеріне тыйым салынды», — деп жазылған хабарламада. Сот санкциясымен OrdaMed АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды.

Read More

2025 жылы 207 мыңнан аса қазақстандық арнайы мемлекеттік жәрдемақы алды, деп хабарлайды Tarazy.kz Арнайы мемлекеттік жәрдемақы кімдерге беріледі? Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бұл жәрдемақыны алушылардың саны — 207,2 адам,  оларға 26,7 млрд теңге төленген. Бұл мемлекеттік қолдау түрі Қазақстанда 1999 жылы енгізілді. Жәрдемақы алуға құқылы азаматтардың 17 санаты Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген: Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен басқа мемлекеттердің аумағында өткен әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер; Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтар; Ұлы Отан соғысы…

Read More

Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Ашылу рәсіміне ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің бастығы полковник Дәурен Оразбеков, Төтенше жағдайлар департаментінің басшы құрамы, жеке құрамы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, аудан тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Tarazy.kz Аталған нысан Қазақстан ТЖ министрлігінің стратегиялық жоспары аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың айтуынша азаматтық қорғау жүйесін нығайту және ауылдық жерлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру Мемлекет басшысы қойған басым міндеттердің бірі. «Ауылдық жерлерде өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту — халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Жаңа өрт сөндіру деполарының…

Read More

Алматыда 16 қаңтар күні таңғы сағат 07:00-де жауа бастаған қар 18 қаңтар күні сағат 04:00-ге дейін толастамай, осы аралықта шаһар аумағына 18 сантиметр қар түсті. 23 қаңтар күні түнгі сағат 01:30-дан бастап қалада қар қайта жауа бастады. Ол 23:00-ге дейін жалғасады деп болжанып отыр. Кешкі сағат 20:00-дегі мәліметке сәйкес, Алматыда 8 сантиметр қар түскен. Қаланың қалыпты тіршілік ырғағын сақтап, көлік қозғалысының қауіпсіз әрі үздіксіз жүруін қамтамасыз ету, сондай-ақ қолайсыз ауа райының салдарын барынша азайту мақсатында коммуналдық қызмет көшелерді қардае арылту жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізіп жатыр. 16 қаңтардан бері жол бойына, қиылыстарға, еңіс пен өрге, жолайырықтарына тайғаққа қарсы арнайы қоспа себу…

Read More