Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мемлекеттік рәміздерді түсіндіруге 5,2 млн теңге: Түркістандағы даулы лот

    Мемлекеттік рәміздерді түсіндіруге 5,2 млн теңге: Түркістандағы даулы лот

    Басты тақырып 26.01.2026
    gov.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекеттік сатып алу порталында Түркістан облысында мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне арналған семинарлар өткізу үшін 5 219 827 теңгеге лот жарияланған, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Тапсырыс беруші — Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы.

    Порталда жарияланған мәліметке сәйкес, сатып алу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылмақ. Лот бір қызмет ретінде рәсімделген және 2026 жылға жоспарланған.


    Сатып алу сипаттамасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранын пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын түсіндіруге бағытталған семинарлар өткізу көзделген. Яғни, жоба мемлекеттік рәміздерді өндіру немесе сатып алуға емес, оларды пайдалану тәртібін оқытуға бағытталған.

    Осыған байланысты кейбір қоғам белсенділері бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына күмән келтіріп отыр. Олар мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары заңда нақты бекітілген жағдайда, оны бөлек семинар арқылы түсіндіруге қомақты қаржы бөлу орынсыз екенін айтып жатыр.


    Айта кету керек, Түркістан облысы республикалық бюджеттен субвенция алатын өңірлердің қатарына жатады. Осыған байланысты қоғамда бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына қатысты сауалдар көтерілуде.

    Қазіргі уақытта лот жарияланған, талқылау және өтінім қабылдау кезеңдері белгіленген. Ал бұл бастаманың қаншалықты тиімді әрі негізді екені конкурс нәтижелері мен көрсетілетін қызметтің нақты мазмұны айқындалғаннан кейін белгілі болмақ.

    лот мемлекеттік сатып алу рәміз тендер Түркістан облысы

    Оқылып жатыр

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Шахмурат Мүтәліп енді ERG-ге ауыз салды

    25.05.2026

    Алматыда танымал блогер әрі кәсіпкер пластикалық ота жасатамын деп қайтыс болды

    21.05.2026

    Халықаралық іздеудегі Мәсімовтің күйеу баласына қатысты тағы бір іс қозғалмақшы

    21.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.