Автор: admin

2025 жылдың 26 қыркүйегінде Абай университетінде 1-курс студенттеріне арналған дәстүрлі «Qosh keldin, Student» студенттік қабылдау кеші өз мәресіне жетті. Бұл кеш студенттер мен оқуға түскен талапкерлер үшін ерекше есте қаларлық сәт болды. Кеш сағат 16:00-де салтанатты түрде ашылып, дәстүрлі фанфардың даусымен және Абай университетінің жас өнерпаздарының «Abai enerjy» биімен жалғасты. Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Болат Анапияұлының жалынды құттықтау сөзі студенттерге үлкен сенім мен шабыт сыйлады. – Ұлы Абайдың есімін иеленген қарашаңыраққа қош келдіңіздер! Сіздер үшін арман ақиқатқа айналды. Кешегі 8 мыңнан астам талапкер бүгін Абай университетінің шәкірті. Елімізде 127 жоғары оқу орны бар, бірақ сіздер еліміздің тұңғыш жоғары оқу…

Read More

67 шақырымдық жолдың 2 жолағында астыңғы негіздемесінен бастап жоғары қабатына дейін толық жасалған. Енді қалған 2 жолақ бойынша жұмыстар жүруде. Онда топырақ негіздемесі 61,7 шақырым аумаққа салынса, 53,6 километрінде асфальтбетонның 1 қабаты төселіпті. Сондай-ақ жолдың 51,4 шақырымына соңғы беткі қиыршық мастикалық асфальтбетон қабаты салынған. Нысанды жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр. Қайта жаңарту жұмысын «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-і, инженерлік қызметі СП «Egis International» және ТОО «CS Consultants» мердігер ұйымы атқарып жатыр. Аталған нысанның жұмыстары мен материалдарының сапасына «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы сараптама жасап, үнемі бақылайды. Жыл басынан бері мұнда 58 құрылыс материалы сараптамадан өткізілсе,…

Read More

Қонаев қаласында Re.Women «Әйелдер және цифрлық әлем: бизнес, медиа, шабыт» атты форум өтті. Іс-шараға 100-ден астам әйел-кәсіпкер, сарапшы, пікір көшбасшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған міндеттер аясында ұйымдастырылды. Президенттің айтуынша, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы бүкіл әлемді өзгертуде және Қазақстаннан нақты қадамдар жасауды талап етеді. «Бүгінде әйелдер түрлі салада табысты еңбек етуде. Сіздердің жасампаз энергияларыңыз бен мақсатқа адалдығыңыз ең батыл идеяларды іске асыруға мүмкіндік береді. Азаматтық ұстанымдарыңыз бен қоғамға деген жанашырлықтарыңыз айрықша құнды», – деді Президент, әйелдердің ел экономикасы мен дамуына қосып отырған үлесін атап өтіп. Форумды Respublica партиясының Алматы облыстық…

Read More

Алматы қаласында биылғы басты инфрақұрылымдық жобалардың бірі – BRT (Bus Rapid Transit) желісі. Бұл жүйе мегаполистің ең тығыз жүретін бағыттарының бірінде – Райымбек батыр даңғылы мен Желтоқсан көшесін бойлай салынуда. Жоба қаладағы көлік жүктемесін азайтып, қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыруды көздейді. Құрылыстың негізгі учаскелері Райымбек батыр даңғылы бойындағы құрылыс жұмыстары үш бөлікке бөлінген: Пушкин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралық – шамамен 1,8 км; Сейфуллин даңғылынан Ахрименко көшесіне дейін – шамамен 7,2 км; Ахрименко көшесінен Алтын Орда базарына дейін – шамамен 7,5 км. Бүгінде жобаның шамамен 35%-ы тротуарлар, ал 27%-ы инженерлік желілер бойынша орындалған. Құрылыс-монтаж жұмыстары толықтай 2026 жылдың қарашасына дейін аяқталады…

Read More

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын өңір» жобасы қарқынды дамып келеді. Соның ең жарқын бастамаларының бірі – биыл алғаш рет ұйымдастырылған «Ой шебері» зияткерлік ойыны. Шара Жамбыл облыстық «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында өтті және мыңдаған жасқа жаңа мүмкіндік сыйлады. Бұл жоба өңірдің мәдени-рухани өмірінде ерекше орын алуда. Оның басты мақсаты – интеллектуалды ортаны қалыптастыру, жастардың кітапқа деген қызығушылығын күшейту, ой-өрісін кеңейту және шығармашылық әлеуетін дамыту. «Әулиеата — кітап оқитын өңір» аясында осы уақытқа дейін «Оқушылар лигасы», «Дарынды мектептер лигасы» және «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары лигасы» бойынша 15 ойын өткізіліп,…

Read More

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті QS Quacquarelli Symonds жаһандық жоғары білім талдау агенттігі жариялаған «QS World University Rankings – 2026» рейтингінде әлемнің ең үздік университеттерінің қатарынан табылды. Ал Орталық Азия мен Қазақстанның ішінен ең үздік педагогикалық университеттердің көшін бастап тұр. Бүгін халықаралық «QS World University Rankings – 2026» рейтингіне қатысушы жоғары оқу орындарына сертификаттар мен марапаттарды табыстау рәсімі өтті. Жаңа рейтингте Абай университеті 628-орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда бірден 43 позицияға жоғары көтерілді (671–680 аралығы). Осылайша, университет әлемнің үздік 650 жоғары оқу орнының қатарына кіріп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы үздік 4 университетінің бірі ретінде өз орнын нығайтты. Сонымен қатар, ҚазҰПУ…

Read More

Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, еліміздіңмәдениеті мен өнерінің ордасы, қаржы мен кәсіпкерліктің ірі орталығы саналатын Алматы қаласында дәстүрге айналған «Қала күні» мерекесібиыл да жоғары деңгейде аталып өтті. Аталған мерекеге орай 15–21 қыркүйек күндеріаралығында қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына арналған түрлі мәдени іс-шараларұйымдастырылды. «Алатау» дәстүрлі өнертеатрының шығармашылық ұжымы мереке аясындаұлттық өнеріміздің асыл қазыналарын паш етіп, әсем әуенге толы мазмұнды концерттерін ұсынды. Мерекелік шаралар 15–19 қыркүйек күндері«Алматы аялдамасы» атты мобильді концерттікжобамен басталып, қала көшелері мен тарихиорындарында жалғасты. 20 қыркүйекте «Президент саябағында» «Асыл Қазына» дәстүрлі ән-күйконцерті және «Qazaqsha терапия» жобасының«Ғасырлар үні» қойылымы өтті. 21 қыркүйекте «Астана алаңында» аты аңызғаайналған «Дос-Мұқасан» ансамблі мен театр әртістері «Алматы кеші»…

Read More

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында «Ақ бидай» VIII республикалық ауыл спорт ойындары аясындағы тоғызқұмалақтан жарыстар мәреге жетті. Ұлттық зияткерлік ойын шеберлері өзара мықтыларды анықтау үшін бір апта сайысқа түсті. Алматы облысында 16–21 қыркүйек аралығында өткен ауыл спорт түрлерінен елішілік жарыс тартысты өтті. Жарысты ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Бұл додаға тоғызқұмалақтан еліміздің 16 облысынан (Солтүстік Қазақстаннан басқа) 123 спортшы қатысты. Оның ішінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 1, спорт шебері – 16, спорт шеберлігіне үміткер – 64 және 42 бірінші мен екінші разрядты спортшылар бақ сынады. Жарыс швейцар жүйесі бойынша…

Read More

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық алаңдар ұйымдастырылуда. Кездесулерде экология мен азаматтық белсенділіктен бастап, креативті индустриялар мен стартаптарға дейін әртүрлі тақырыптар қозғалады. Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес және ғылым саласының мамандары, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ табысты жобаларды жүзеге асырған жас көшбасшылар шақырылуда. Бұл кездесулер қатысушылар үшін тек жаңа идеяларды тыңдау мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық мектеп деуге болады. Жастар көпшілік алдында сөйлеуді, өз бастамаларын таныстыруды, серіктестер мен пікірлес достар табуды үйренуде. Мұндай диалог алаңдары алматылық жастарды қолдаудың маңызды шараларының біріне айналып, оларды қала өміріне белсенді қатысуға…

Read More

Қарақол – Кеген – Алматы бағыты бойынша жаңа автобус іске қосылды деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Қарақол – Кеген – Алматы бағытында күнделікті қатынайтын заманауи әрі жайлы автобустар жолаушыларға қызмет көрсетуді бастады. Бағыт: Қарақол → Кеген → Алматы Жүру уақыты: Кегеннен → Алматыға: 12:30 (Кеген ауылы, Шалкөде дүкені) Алматыдан → Кегенге: 10:00 (Сайран автобекеті). Билет бағасы: 2000 теңге Тасымалдаушы: Алматы облысында тіркелген жеке кәсіпкер “Садуақасова”. Жаңа бағыт – аймақ тұрғындары мен жолаушылар үшін қолайлы әрі қолжетімді көлік мүмкіндігі. Қала мен ауыл арасындағы қатынасты жеңілдететін бұл қызмет сапарды ыңғайлы етуге бағытталған.

Read More