Автор: admin

Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының соңғы отырысы өтті. Жиында депутаттар бірқатар заңды мақұлдап, жоғарғы палатаның 30 жылдық жұмысына қорытынды жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, ертең Парламент палаталарының бірлескен отырысында кезекті сессия ресми түрде жабылады. Ал 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне еніп, қазіргі Парламенттің өкілеттігі тоқтайды. Осылайша, 1995 жылғы Конституция негізінде құрылған екі палаталы Парламент өзінің тарихи миссиясын аяқтап отыр. Сенат елдің заң шығару жүйесінде 30 жыл бойы маңызды рөл атқарып, мемлекеттік басқару мен құқықтық реформалардың жүзеге асуына үлес қосты. «Құрметті әріптестер, бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Алда ауқымды әрі күрделі міндеттер бар. Парламент Сенатының…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Көлік министрлігінің «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын кешенді диагностикалау мен цифрландыру жұмыстарына кірісті. Сонымен қатар жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын диагностикалауды кезең-кезеңімен толық қамту, және алынған деректерді «E-joldar» электрондық жүйесіне енгізу тапсырылды. Осыған байланысты аудандық маңызы бар көше-жол желілерінде, атап айтқанда Алматы облысының автомобиль жолдарын диагностикалау және аспаптық бағалау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 447,5 шақырымы және кепілдік мерзіміндегі 30 шақырым автомобиль жолдары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жолдарды цифрлық негізде диагностикалау — автомобиль жолдарының нақты техникалық жай-күйін анықтауға, жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлауға…

Read More

Алматы облысының қиырында орналасқан Райымбек ауданында ғалымдар форумы өтті. Осы өңірде туып өсіп, еліміздің түрлі салаларында ғылым мен білімге еңбек сіңіріп жүрген жерлестердің басын қосқан аудан әкімдігі ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды, деп хабарлайды Tarazy.kz Аудан жұртшылығы мен ғалымдардың кездесуі Қақпақ ауылында ұйымдастырылды. Басқосуға Алматы облысының әкімдігі қолдау білдірген. Шараға ұйытқы болған Райымбек ауданы әкімі Дастан Құдабаевтың айтуынша, елімізде түрлі салада өңірден шыққан 500-ден астам ғалым еңбек етіп жүр. “Біз бұл бастаманы үш ұрпақтың бас қосуы деп атадық. Ғылым мен білім – кемел келешекке нық қадам. Осы қадам біздің елде тұрып жатқан әрбір тұрған, ұстаздар қауымы мен жас ұрпаққа бір өнеге болсын…

Read More

Ақсуат ауданында дәстүрлі «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалінің алғашқы күні жоғары деңгейде өтті. Биылғы фестивальдің шымылдығы республикалық тоғызқұмалақ турнирімен ашылып, еліміздің әр өңірінен келген үздік спортшылар ұлттық зияткерлік ойында бақ сынады, деп хабарлайды Tarazy.kz Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар жинаған ұпайларына сәйкес жүлделі орындар анықталды. Тоғызқұмалақ турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері: І орын – Дәкен Елдар (Алматы қаласы) – 6 ұпай ІІ орын – Жакиев Айдын (Қостанай облысы) – 5,5 ұпай ІІІ орын – Аманқос Жантөре (Қызылорда облысы) – 5,5 ұпай IV орын – Агитаев Салахаддин (Павлодар облысы) – 4,5 ұпай V орын – Исахан Аяна (Абай облысы)…

Read More

Алматы қаласында Қазақ Спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен тұңғыш рет Ұлттық спорт түрлері федерация басшыларының қатысуымен құрылтай дүркіреп өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Ұлттық спорт түрлері – халқымыздың атадан бала мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтары болып табылады. Соңғы жылдары президентіміз Қ.Тоқаевтың ерекше қолдауымен ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спорт түрлерімен теңесіп, ерекше қарқынмен даму үстінде. Қазақ спортының қара шаңырағында өткен алқалы жиынды ҚазСТА президенті, профессор Қайрат Закирьянов өзінің құттықтау сөзімен ашып, құрылтайға келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Академия проректоры Мұхтар Есқалиев жүргізген құрылтайдың алғашқы бөлігі құттықтаушыларға арналды. Олардың қатарында ҚР Парламентінің депутаты Данияр Қасқарауов, «NOMAD ARENA» ипподромының директоры Ержан Майлыбаев, Алматы қаласы…

Read More

Алматы облысының аумағында екі үлкен мегаполистің жолына қосылатын тағы бір облыстық маңызы бар тасжолдан алынған сынамалар сараптамадан өтіп жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл Алматы-1-Шамалған бекеті-Ұзынағаш автомобиль жолының 1,5-24,7 шақырым аралығы. Аталған жолға жуықта ғана күрделі жөндеу жұмыстары жасалған еді. Боралдай, Көкөзек, Елтай, Екпінді ауылдары арқылы өтіп, Алматы-Астана республикалық маңызы жолына қосылатын аумақта жөндеу жұмыстары толық аяқталған жоқ. Нысаннан алынған материалдардың сапасына «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалы сараптама жасайды. Айта кетейік, осы нысаннан жыл басынан бері алынған 5 құрылыс материалына тексеріс жасалып жатыр.

Read More

Түркия азаматы Алматыда 1 миллиард теңгеден аса алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Тергеу дерегіне сүйенсек, күдікті өзіне тиесілі компаниялар арқылы тауар мен қызметті нақты көрсетпей, жалған шот-фактуралар рәсімдеп отырған. Заңсыз табысқа ол Астанадан коммерциялық нысан сатып алып, кейін оны жалға берген. Бірінші сатыдағы сот амнистияны ескеріп, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда бастапқыда мүлікті тәркілеу мәселесі қаралмаған. Кейін жоғары тұрған сот коммерциялық нысан мен одан түскен жалдау кірісін мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарды.

Read More

2026 жылдың мамыр айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық табысы теріс көрсеткішке шықты. Бұл туралы қордың ресми деректерінде айтылды, деп хабарлайды Tarazy.kz 1 мамырдағы жағдай бойынша, қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағы 25,71 трлн теңгеге жеткен. Алайда мамыр айының қорытындысы бойынша инвестициялық қызметтен түскен «таза» табыс минус 2,34 млрд теңгені құраған. Қор мұны теңгенің долларға шаққандағы бағамының нығаюымен байланыстырды. Жыл басынан бері есептелген инвестициялық табыс көлемі небәрі 2,78 млрд теңге болған. Ал салымшылар шотына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 0 пайызға дейін төмендеген. Сонымен қатар алғашқы бес айдағы жинақталған инфляция деңгейі 3,6 пайызға жеткен. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдай салымшылардың нақты табысына әсер етуі мүмкін,…

Read More

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Бөлінген гранттардың ішінде: – 75 371 грант – бакалавриатқа; – 11 007 грант – магистратураға; – 3 079 грант – докторантураға арналған. Министрдің айтуынша, мемлекеттік тапсырыс көлемі өткен оқу жылдарының деңгейінде сақталған және ел экономикасының 2030 жылға дейінгі кадрлық қажеттілігіне сәйкестендірілген. Гранттардың басым бөлігі техникалық және өндірістік салаларға бағытталған. Атап айтқанда: – инженерлік, өңдеу және құрылыс бағыттарына – 19 250 грант; – педагогикалық ғылымдарға – 13 738; – IT және байланыс технологияларына – 11 662; –…

Read More

Алматыда 2026 жылғы 1 мамырдан бастап жылу энергиясы мен ыстық су тарифтері өзгерді, деп хабарлайды Tarazy.kz Тиісті өзгерістер ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының 2026 жылғы 22 сәуірдегі бұйрығымен енгізілген. Жаңа тарифтер «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне қатысты бекітілді. Атап айтқанда, халық үшін жылу тарифі 7503,35 теңгеден 7878,51 теңгеге дейін өсті (ҚҚС-сыз). Ал жылу энергиясын есептейтін жалпыүйлік құралдары жоқ тұрғындар үшін тариф 9004,01 теңгеден 9454,21 теңгеге дейін көтерілді. Жалпыүйлік жылу есептегіш құралдары бар тұрғындар үшін тариф 7364,88 теңгенің орнына 7733,12 теңге болды. Сонымен қатар ыстық су тарифтері…

Read More