Автор: admin
Кеше Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясын өткізіп, БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді. Сұрақ-жауап барысында әкімді асыра мақтаған блогер Бақытжан Көпбаев жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды Tarazy.kz Блогер көпшіліктің ойында «әкім басқа жаққа ауысып кете ме?» деген қорқыныш бар екенін айтты. «Ғабеке, Шымкент қаламыз сіз келгенге дейін бір үлкен ауыл сияқты дамып бара жатқан. Мегаполис дегенге ұялатын едік. Қазір сіз келгелі бері қала дамыған, шетелдегі мегаполистер сияқты өзгеріс барына қатты қуанып жатырмыз. Тұрғындардың уайымы қаламызды сондай көркейтіп, еңбек сіңіріп келе жатқан әкіміміз ертең басқа жаққа кетіп қалып, біз жетімсіреп қалмаймыз ба деп қорқады», — деді блогер. Шымкент…
Қазақстанда коуч-тренерлердің бірыңғай ұлттық тізілімі құрылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Жаңа ереже Реестр career.enbek.kz платформасы базасында кәсіби стандарт негізінде жасалады. Үкімет коучинг пен психологиялық қызметтерді лицензиялауды қарастыратын жеке заң қабылдауды жоспарламаған. Оның орнына халықаралық тәжірибеде кең тараған “кәсіби стандарттар мен өзін-өзі реттеу жүйесі” енгізіледі. Министрлер кабинетінің мәліметінше, АҚШ, Еуроодақ, Жапония және Ресейде коучтердің қызметі мемлекеттік лицензиямен емес, салалық ассоциациялар жүргізетін кәсіби сертификаттау арқылы реттеледі. Сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” заңға өзгерістер әзірленген. Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған түзетулер коучтерге кәсіби біліктілігін растайтын сертификат ұсынуды міндеттейді. Сондай-ақ жалған жарнама мен…
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Өзгермелі парадигмалар тұсындағы құндылықтар: ХХІ ғасырдағы тұлға, қоғам және өркениет бағдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына қазақстандық және шетелдің жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Жетісу облысы әкімінің орынбасары М.Көлбаев, облыстық мәслихат төрайымы Г.Тойлыбаева қатысты, деп хабарлайды Tarazy.kz Пленарлық мәжілісті Басқарма төрағасы – ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Бөрібаев ашып аталған конференцияның ғылыми және қоғамдық маңызына тоқталды. «ЖаҺандану, цифрландыру және жасанды интеллект тұсындағы құндылықтар трансформациясын зерттеу аса маңызды. Бүгінгі конференцияда құндылықтар талдауға, салыстыруға және эмпирикалық тұрғыда тексеруге болатын динамикалық құбылыс ретінде қарастырылады», — деді Е.Бөрібаев. Жетісу университеті ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең жоғары жалақылар мен ең сұранысқа ие мамандықтарды жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz Enbek.kz электронды еңбек биржасының мәліметінше, қараша айында жұмыс берушілер ең жоғары еңбекақыны төмендегі лауазымдарға ұсынған: бас құрылысшы – 640 мың теңгеден бастап; өндірістік учаскенің бастығы – 595 мың теңгеден бастап; авиациялық диспетчер – 568 мың теңгеден бастап. «Ең жоғары жалақыны ұшқыштар алады — орта есеппен 1,9 миллион теңге. Сонымен қатар, коммерциялық ұйымдардағы IT-бөлім басшылары мен бас геологтар да шамамен 1,2 миллион теңге көлемінде еңбекақы ала алады», – деп мәлімдеді министрлік. Қараша айындағы ең сұранысқа ие мамандықтар: мейірбике / мейіргер – 1,9 мың бос…
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа қазақстандық паспорт корей паспортының көшірмесі деген ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды Tarazy.kz Желіде жаңа паспорттың үлгісі жарияланып, оның Оңтүстік Корея паспортына ұқсастығы сынға ұшырады. Алайда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин таратылған суреттің шынайы үлгіге қатысы жоғын айтты. «Жоқ, бұл жаңа паспорттың дизайны емес. Желіде тарап жүрген өзге эскиздер де жай ғана бастама ретінде жасалған жобалар. Негізгі концепция мүлде басқа, қазір дизайн-макетті жинақтау және соңғы жұмыстары жүріп жатыр», — деді ол. Қариннің айтуынша, қазақстандық паспорт өзінің негізгі концепциясын, соның ішінде түсі мен ою-өрнегін сақтап қалады. Ал жаңарту қорғаныс және техникалық элементтерді күшейту үшін қажет.
Әлеуметтік желіде Павлодар облысында 10 жастағы екі бала 7 жасар оқушының тілін кеспек болған деген ақпарат тарады. Алайда полиция тексеріс жүргізіп, бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Tarazy.kz Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, оқиға туралы хабар түскен соң зардап шекті делінген бала ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады. Комитет төрағасы Насымжан Оспанова баланың анасына хабарласып, қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Ал полицияның ресми ақпаратына сәйкес, ешқандай зорлық-зомбылық фактісі болмаған. Тергеу барысында көршілерді сұрау, бейнебақылау жазбаларын талдау және оқиға орнын қарау нәтижесінде бала өзі тілін металл әткеншектің бөлігіне жабыстырып алғаны анықталды. Қорыққан соң ол болған жағдайды басқаша айтып…
Алматыда пойызда 50-ден аса адам газдан уланып қалған, деп хабарлайды Tarazy.kz Алдын ала ақпарат бойынша вагонда 52 адам газдан уланып қалған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Оқиға орнына бірден 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Барлығы қалалық ауруханалардың қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, тексерістен өткен. Тексеріс нәтижесінде 10 бала ауруханаға жатқызылды: екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары басқа бөлімшелерде ем қабылдап жатыр. «Жолаушылар тасымалы» АҚ ақпаратына сүйенсек, бұл пойыз құрамы жеке меншік тасымалдаушыға тиесілі, ал вагондар киностудияға түсірілім жүргізу үшін уақытша берілген. Сонымен қатар, полиция бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
Астанада Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекованың туыстарына қатысты сот жалғасып жатыр. Экс-министрдің анасы өз туысы Бекзат Кемелованы 1 миллион доллар жымқырды деп айыптаған. Сотта Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Қозыкеұлы да куәлік берді, деп хабарлайды Tarazy.kz Уәлихан Бишімбаевтың айтуынша, 2024 жылдың ақпанында Салтанат Нүкенованың қазасынан кейін бірнеше ай өткен соң марқұмның отбасы моральдық өтемақы ретінде 2,5 миллион доллар талап еткені туралы ақпарат болған. Бұл мәлімет Бекзат Кемелованың күйеуі Қайрат Кемелов арқылы берілген жазбада көрсетілген. Алайда Кемелов бұл жайтты сотта ашық айтуға қорыққан. «Мен оған: егер бұл деректі сотқа ұсынсаңыз, жазбаның берілгенін растауыңыз керек деп кеңес бердім. Бірақ Қайрат: “Олай айта алмаймын, қорқамын” деді.…
Алматыда жол құрылысына пайдаланылған материалдардан алынған үлгілерді тексеру барысында олардың үштен бірі талапқа сай болмай шыққан. Бұл туралы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының басшысы Маулен Әліпов мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Спикердің айтуынша, сынақ нәтижесі бойынша 447 үлгі (32,2%) нормативтік-техникалық талапқа сай келмеген. Тексеру барысында 154 құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша тиісті іс-шаралар қабылданды. «Біздің негізгі міндетіміз – сапасыз істелген жұмысты қабылдап, ақысын төлеуге жол бермеу. Сараптама қорытындыларының нәтижесінде мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен шамамен 100 млн теңгенің жұмысын қайта орындады», – деп атап өтті Маулен Әліпов. Сондай-ақ ол тексерудің соңына қарай Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасына…
Қазақстанның өңір-өңіріндегі әкімдіктер Жаңа жыл мерекесіне бюджеттен 1,5 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz ФБРК телеграм арнасы солардың бірқатарына шолу жасады. Дереккөз ұсынған ақпаратқа сәйкес, Семейде концерттік бағдарламаға 10 млн теңге, ал мерекелік безендіру жұмыстарына 55 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр. Көкшетауда жалпы шығынның 55,4 млн теңгеге дейін жететіні хабарланды. Қостанайда мерекелік шараларға 86 млн теңге қарастырылған. Оның басым бөлігі мұздан қалашық жасауға жұмсалады. Дегенмен қыс кеш келгендіктен, мұз қалашығы жасалмауы да мүмкін. Астанада мерекеге алдын ала болжам бойынша 365 млн теңге қарастырылған. Қаржы қаланың аудандары арасында бөлінеді: Байқоныр, Сарайшық, Сарыарқа және Алматы аудандарының әрқайсына 50 млн теңге, Есілге — 90…