Автор: admin

Оқу-ағарту минстрлігі жыл басынан бері 69 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізген. Оның 53-інде заң бұзушылықтарды анықтаған, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамалық талаптарын сақтау бойынша профилактикалық бақылау жүргізген. Бақылау шараларының нәтижесінде 16 білім беру ұйымында анықталған бұзушылықтар толық жойылды, ал 37 ұйымда оны жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Бұзушылықтарды жоюға білім беру ұйымдарының басшылары ғана емес, тиісті басқару органдары да жауапты. Бақылау іс-шаралары шеңберінде Министрлік тарапынан ұйымдарға білім беру саласындағы заңнама нормаларын қолдануда әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді», – деп атап өтті Комитеттің бас сарапшысы Гүлжиян…

Read More

Елімізде қазақтілді мультфильм жасауға 350 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Депутат қазақ тіліндегі мультфильмдер өте аз, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы екенін атап өтті. «Бүгінгі күні бұл үлкен мәселе, өйткені балалар теледидардан гөрі интернет пен YouTube-ты көбірек таңдайды. Балалар «Синий трактор» мен «Маша и Медведь» сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс. Осы мақсатта, келесі жылдың бюджет жобасын қарастыру барысында, қазақ тіліндегі мультфильмдер жасауға 350 миллион теңге бөлуді және олардың тек теледидарға емес, міндетті түрде интернетке, соның ішінде YouTube-қа жүктелуін қамтамасыз ететін…

Read More

Алдағы жылдары бюджет тапшылығы Ұлттық қорға салмақ салуы мүмкін дейді Парламент Мәжілісінің отырысына қатысқан Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов. Соңғы жылдары Ұлттық қордың кірісінен шығысы басым дегенді айтты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Қазақстанның Ұлттық қорындағы қаражатты пайдалану тәуекелдеріне тоқталды. Бюджет тапшылығының жоғары болуы шығындарды жабу үшін Ұлттық қордан тікелей трансферттер жасауға үкіметті мәжбүрлеп отыр дейді Т.Сүлейменов. «Соның салдарынан қордан алынатын қаражат кірістерден асып түсуде. Қордың балансының сақталуы тек инвестициялық табыс есебінен мүмкін болып отыр: 2024 жылдың алғашқы 9 айында қордың инвестициялық кірісі 10,27%-ға жетіп, 6,16 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш Ұлттық қордың активтерін 4,5%-ға ұлғайтып,…

Read More

Бұған дейін мемлекеттік туын өзгерткен Қырғызстан енді әнұранын қайта жазбақшы, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Қырғызстанның мемлекеттік әнұранын қайта жазу жоспары туралы Парламент спикері Нұрланбек Шәкиев мәлімдеді. Бұл бастаманы қырғыз басшысы Садыр Жапаров қолдады. Қазіргі әнұран 33 жыл бұрын Қырғызстан тәуелсіздік алған кезде жазылған. Қырғыз Республикасының Мемлекеттік әнұраны 1992 жылғы 18 желтоқсанда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бекітілді. Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан өзінің мемлекеттік туын өзгерткен болатын.

Read More

Жамбыл облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп есірткі заттарын сату мақсатында дайындап, сақтады деген күдікпен Байзақ ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында Тэя атты қызметтік ит ішінде өткір иісті жасыл түсті өсімдік тектес заты бар қапшықты табуға көмектесті. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 13 келі 60 г кептірілген марихуана. — Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық мән-жай анықталуда, — дейді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы…

Read More

Алматы облысында орналасқан еліміздің жауһары көрікті Көлсайда тоғызқұмалақтан TaryCup турнирі өтті. Respublica партиясының ұйытқы болуымен өткен зияткерлік ойын жарысына спортшылар Қазақстанның әр аймағынан келді. Партияның Алматы агломерациясы мұрындық болып, Respublica партиясының тең төрағалары, кәсіпкер азаматтар Руслан Берденов пен Сырымбек Тау қолдау білдірген турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жарысқа 50 ер, 50 әйел тоғызқұмалақшы тіркеліп, өзара бақ сынасты. 6 турға созылған турнир нәтижесінде ерлер арасында үздік шыққандар: 1 орын — Дәкен Ельдар, Алматы қаласы 2 орын — Темірбаев Ғалымжан, Шымкент қаласы 3 орын — Ауталипов Ерасыл, Павлодар облысы және Нұржанұлы Мейірлан, Алматы қаласы; Ал қыздар арасында үздік шыққандар: 1 орын — Намаз Ақбота, Түркістан…

Read More

Алматы қаласында Зағиптар қоғамы 15-қазан – Ақ таяқтылар күніне орай ерекше оқиғаның куәсі болды. Параспортшы Мадьяр Жанысбаевтың бастамасымен Ганди саябағында өткізілген турнир көру қабілеті шектеулі жандар үшін ерекше маңызға ие болды. Бұл турнир инклюзивті спортты насихаттап қана қоймай, зағип жандардың спорттық шеберлігін көрсетуге мүмкіндік берді. Әр қатысушының талпынысы мен күш-жігері көпшілікті жігерлендірді. Осы маңызды шараның өтуіне «Respublica» партиясының Алматы қалалық филиалы үлкен қолдау көрсетті. Партия өкілдері шараны ұйымдастыруда белсенділік танытып, волонтерлармен толықтай қамтамасыз етті. Сонымен қатар, партия инклюзивті қоғамды қолдауға бағытталған арнайы бағдарламаны жүзеге асырып, турнир жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табыстады. Бұл сыйлықтар турнир қатысушыларына қосымша мотивация беріп, олардың болашақта спорттық…

Read More

Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан «Ерекшем» оңалту орталығы ерекше балаларға арнап мекерелік думан ұйымдастырды. Елімізде қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар күні болып белгіленген. Ерекше балаларға арналған арнайы орталық есігін айқара ашып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Ашылғанына 1 жыл енді толған «Ерекшем» оңалту орталығы Абай ауылында орналасқан. Мекеменің ашуға тер төккен Қаршыға Амантаева да ерекше баланың анасы. Перзенті үшін оңалту орталығын іздеп, қолайлысын таппаған ана қолдауды қажет ететін балалардың көптігіне көзі жетіпті. Ауыр диагнозбен туған балалар үшін оңалту орталығын ашуды Қаршыға Амантаева өзі қолға алған. «Барлықтарыңызды ерекше балапандар мерекесімен құттықтаймын. Ең алғаш ашылғанда осы орталық киелі…

Read More

Әр адамның өмір жолында өзі үлгі тұтып, ерекше құрметтейтін тұлғалары болады. Менің өмірімде түп нағашым болып келетін филология ғылымдарының докторы, профессор Ғабдолла Қалиұлының орны ерекше. Ағатайым адамдармен қарым-қатынаста адалдығымен, ешқашан асып-таспаған ерекше бекзат болмысымен, ғылымға деген тазалығымен жадымда сақталып қалды. Ағатайымның менің тұлға ретінде де, ғалым ретінде де қалыптасуымда алар орны ерекше. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмәмдағаннан кейін саяси ғылымдар саласы бойынша 1994-1997  жылдар аралығында аспирантурада оқыған кезімде сабақ арасында Ағатайыма келіп, дидарласып кететінмін. Сол кездегі Ағатайымның мейірімге толы жылы жанары, жан дүниесіндегі бауырмашылдық сезімі бар болмысыма шуақ құйып, ғылымға енді ғана қадам басқан менің бойыма күш-жігер…

Read More

“Алатау” дәстүрлі өнер театрында 9 қазан күні «VIІІ театр маусымныңі» ашылуы болды.  Маусымашар «Алатау FM радиосы» музыкалық комедиясының премерасымен басталды. Қойылым режиисері: Еслям Нұртазин. Қойылым шағын радиостанцияның бүкіл қаланың дауысына айналғаны туралы оқиғаны баяндайды. Бір сәтте спутникте ақау пайда болып барлық ақпарат құралдары мен телефон байланысы істен шығып, бірақ жабылудың алдында тұрған «Алатау FM» радиосы ғана эфирден үзілмейді. Бұл эфир продюсері Айбек үшін таптырмас орай еді. Бірақ, Айбектің эфирге байланысты жоспарын көптеген оқыс оқиғалар іске аспауы үшін кедергі етеді. Ештеңеге қарамастан Айбек эфирді жалғастырып, барлық қиындықты жеңеді. Тіпті, өзінің сүйгенінен де айырылып қала жаздап, ақыр соңында радионың тыңдарман санын  10…

Read More