Автор: admin
Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Tarazy.kz 24.kg басылымының күштік құрылымдардағы дереккөздеріне сүйенсек, 12 сәуірде Қырғызстан ҰҚМК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниель Рысалиев қылмыстық іс аясында жауап алу үшін ІІМ-нің тергеу басқармасына жеткізілген. Ресми органдар әзірге істің нақты қай бап бойынша қозғалғанын және оның қандай мәртебеде өтіп жатқанын жариялаған жоқ. Ал Kaktus.media мәліметінше, Рысалиевпен бірге Ыстықкөл облысындағы 6-басқарманың бұрынғы басшысы және ҰҚМК орталық аппаратының қазіргі қызметкері де ұсталған. Алдын ала деректер бойынша, олар кәсіпкердің шағымынан кейін «жемқорлық» бабы бойынша күдікке ілінген. Кәсіпкер өзіне заңсыз ақша талап етілгенін мәлімдеген. Рысалиев 2025 жылдың желтоқсанынан бастап ҰҚМК төрағасының орынбасары қызметін атқарып, киберқауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік…
Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданатын болады, деп хабарлайды Tarazy.kz Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын қорғауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады. Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді. Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.…
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан парламенттік сайлауда жеңілгенін мойындады. Бұл туралы ол жексенбі кешінде Будапештте өткен жақтастарының митингінде айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz. Мұндай мәлімдеме Ұлттық сайлау комиссиясының алғашқы дерегі жарияланып, проеуропалық консервативтік оппозициялық «Тиса» партиясы айқын басымдыққа ие болғаннан кейін жасалды. «Сайлау нәтижелері әлі толық емес, бірақ бәрі түсінікті. Біз үшін нәтиже ауыр әрі айқын: елді әрі қарай басқару мүмкіндігі берілмеді. Мен жеңіске жеткен партияны құттықтадым», — деді Орбан. Өз кезегінде «Тиса» партиясының жетекшісі Петер Мадьяр Дунай жағасында өткен митингте Орбан үкіметін шұғыл отставкаға кетуге шақырды. Ол өтпелі үкімет құру қажеттігін айтты. Алдын ала есеп бойынша «Тиса» партиясы парламентте басым орын алатыны…
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түнде болған өрт салдарынан балалардың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Tarazy.kz. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті құқықтық баға берілмек. Оқиға орнында полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй кешенінің ауласын тұрақта тұрған көліктерден босатқан. Кейін полиция департаменті оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен қызметкерлердің бейнетіркегіштерінен алынған жазбаны жариялады. Кадрларда олардың бірден тұрғындарды эвакуациялауға кіріскені көрінеді. Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті түнгі өртке қатысты қосымша мәлімет берді.…
Әлеуметтік желіде өзбекстандық Facebook қолданушысы Абрар Зохидовтың қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева мен өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдоровқа қатысты жазбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Tarazy.kz Ол шахматшылардың бірге түскен суретін жариялап, жазбасын жеңіл әзілмен өрбіткен. “Өзбек қыздары, осындай жігітті уыстарынан шығарып алды ма деп қаласың”, — деп жазған ол. Сонымен қатар жазба авторы Бибісара Асаубаеваның жетістігін де атап өткен. “Ол блиц шахматы бойынша үш дүркін әлем чемпионы, әрі ең жас әйел чемпион ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген”, – деп жазған автор. Сондай-ақ ол Жавохир Синдоровтың да қарымды шахматшы екенін айтып, Бибісараның да осал емес екенін жеткізген. Желі қолданушылары бұл жазбаға әртүрлі пікір білдіріп…
2026 жылғы 10 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Теориядан тәжірибеге: болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика нәтижелері» атты бітіруші курс білім алушыларының қорытынды конференциясы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Ауқымды жиынға педагогикалық мамандықтардың студенттері, өндірістік іс-тәжірибе жетекшілері, орта білім беру ұйымдарының директорлары мен мұғалімдері, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Жиынды Мансап орталығының басшысы Рақымберді Жетібай модератор ретінде жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — 2025–2026 оқу жылының екі семестрін қамтыған ұзақ мерзімді өндірістік іс-тәжірибенің нәтижелерін саралау, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау және университет пен мектеп арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту болды. Жиын барысында Абай университетінде педагогикалық тәжірибелердің бекітілген академиялық күнтізбе негізінде жоғары деңгейде…
Қалада жол, мектеп, LRT сияқты ірі жобалар көбейген сайын ескі үйлерді сатып алу жағдайлары жиілеп жатыр. Мұндай кезде үй иелері «бізге қанша өтемақы беріледі?» деген сұраққа жиі жауап іздейді. Осы мәселеге қатысты құрылыс саласының сарапшысы Диляра Сейтнұрова пікір білдірді, деп хабарлайды Tarazy.kz Кейінгі жылдары Алматыда инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Соның әсерінен кейбір аудандар реновация аймағына кіріп, ескі үйлердің орнына жаңа нысандар салу жоспарланып жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, тек 2026 жылдың алғашқы үш айында мемлекет мұқтажы үшін 1400-ден астам нысанды алу жоспарланған. Бұл – қалада жаңарту жұмыстарының күшейгенін аңғартады. Сонымен қатар жеке құрылыс компаниялары да белсенді әрекет етіп жатыр. Әсіресе, қала…
11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.
Forbes Woman Kazakhstan алғаш рет елдегі ең бай 25 әйелдің рейтингін жариялады. Тізімге енгендердің жиынтық байлығы шамамен 8 млрд доллардан асады, деп хабарлайды Tarazy.kz Forbes.kz ұсынған мәліметке сәйкес, рейтинг көшін 5,4 млрд доллар байлығымен Динара Құлыбаева бастайды. Ол Halyk Bank-тің ірі акционері және Altynalmas алтын өндіру компаниясымен байланысты. Екінші орында шамамен 640 млн доллар капиталы бар Мукадасхан Ибрагимова тұр. Оның негізгі активі – Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы үлес. Үшінші орынды 550 млн доллармен Дариға Назарбаева иеленген. Оның активтері медиа саласына тиесілі. Атап айтқанда, Khabar агенттігі және бірқатар телерадио жобаларға басшылық етеді. Төртінші орында 250 млн доллар шамасында байлығы бар Анжела…
Алматы облысында 15 жастағы жетім қызға қатысты ауыр қылмыс дерегі тіркелді, деп хабарлайды Tarazy.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеп. Алдын ала мәлімет бойынша сегіз күдікті екі ай бойы жасөспірімді қорқытып, зорлық көрсеткен. Телеарна мәліметінше, олардың екеуі ауыл мұғалімдерінің балалары екені айтылып жатыр. Жәбірленуші қысым мен бопсалауға байланысты бұл туралы жақындарына айта алмаған. Күдіктілер түрлі бейнежазбаларды жариялаймыз деп қорқытқан. Оқиға туралы қыздың отбасына мектеп директоры хабарлаған. Кейін бірден прокуратураға арыз түсірілген. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қайда екені және олардың жауапкершілікке тартылуы бойынша ресми органдарға сұрау салдық. Алматы облыстық полиция департаменті екі күдіктіні ұстапты. Қоғамда үлкен шу тудырып, елді…