Автор: admin
Астанада ерекше балаларға қатысты даулы видеодан кейін блогер ұсталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Әлеуметтік желіде блогер ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз сөздер айтқан видео тараған, ал полиция әкімшілік іс қозғады. «Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», — деді полиция. Астана Полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертті. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Гүлнәр Оразалина атты блогер даулы мәлімдеме жасады. Ол ерекше балалардың өмірге келу себебі аналары жүргіш болғандықтан екенін айтты. «Жүргіштердің жазасын алатын кезі…
ҚР Жоғары аудиторлық палатасы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметін және олардың өңірлердің дамуына әсерін тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Тексеру ӘКК құрылымдарында проблемалар мен кемшіліктер жинақталғанын көрсетті. Мұндай жағдай олардың жұмысын тұтас үйлестіру мен регламенттеудің, Ұлттық экономика министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті реттеудің болмауына байланысты қалыптасып отыр. Мәселен, ӘКК мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграцияланбаған. Олардың даму жоспарлары номиналды сипатқа ие және сыртқы бағалауға жатпайды, ал қызметі әкімдіктердің тиімділігін бағалауға әсер етпейді. Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы ҚР ҰЭМ уәкілетті мемлекеттік орган ретінде ӘКК жұмысында тәртіп орнатуға тиіс екенін атап өтті. «ӘКК нақты немен айналысуы керек екенін анықтап, бірыңғай тәсіл әзірлеу…
1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүргендерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл талапты бұзса, жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Қайталанса, айыппұл 20 АЕК-ке (78 640 теңгеге) дейін өседі. 2026 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңге болады, сондықтан айыппұл мөлшері де артады. Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сай 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жазғы дөңгелекпен жүруге болмайды. Бұл ереже Қазақстанның Жол жүрісі қағидаларында да бекітілген, оны бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Министр Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Tarazy.kz Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. 1999–2002 жылдары — Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы. 2002–2004 жылдары — Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы. 2004 жылы — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы. 2004–2005 жылдары — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары. 2005–2006 жылдары — Алматы қаласынның ішкі…
Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан «Каспий» тұрғын үй кешенінің ауласында орын алған оқиға жұртшылықтың назарын аударды. Куәгерлердің айтуынша, балалар арасындағы сөзталас ересектердің араласуына ұласқан, деп хабарлайды Tarazy.kz Ер адам аулада ойнап жүрген баланың біріне күш қолданды деген ақпарат тарады. Оқиға барысында ер адамның жұбайы да келіп, зардап шеккен баланың әжесімен сөзге келіп қалғаны хабарланды. Зардап шеккен баланың туыстарының айтуынша, аталған отбасы өз тарапынан болған әрекетті мойындамай отыр. Сондай-ақ, учаскелік инспектор тарапынан оларды «татуластыру» жөнінде ұсыныс болғанын, ал оны жүзеге асыру үшін күдіктілер медициналық шығынды өтеуі керектігі туралы ақпарат та тарады. Алматы Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді. «Әлеуметтік желілерде ер адамның тұрғын…
Депутат Бақытжан Базарбек заңсыз берілген жер телімдеріне қатысты басталған тексерістерді тоқтатуға және қысым көрсетуге талпынып жүргендерге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы ол өзінің ресми мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz Базарбектің айтуынша, тексерістерге “жоғарыдан телефон соғу”, жеке өтініштер немесе шағым жазумен әсер етуге тырысатындар өз жағдайларын ушықтыра түседі. “Егер біреу маған қысым көрсетіп, тексерістерді тоқтата аламын деп ойласа, бұл бос әурешілік әрі өте қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жұмысымa кедергі келтіруге тырысқандардың жағдайы тек нашарлай түседі. Мұндай ниетпен маған жоламауды ескертемін”, – деді депутат. Оның сөзінше, 2025 жылдың мамыр айынан бері ол Бас прокуратураға бірнеше рет ресми өтініш жолдап, КУЗР МСХ мен МВРИ-мен бірлесіп 14…
Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтар ісінде маңызды жаңалық бар. Бұл туралы оның адвокаты Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz «Бас прокуратура қылмыстық істі толық өз өндірісіне алып, барлық материалды жан-жақты қайта зерделейтінін мәлімдеді. Президенттің тікелей тапсырмасынан кейін бұл іске жаңа серпін беріліп отыр. Енді біз Ербаян Мұхтар ісінде әділдік орнайтынына, ал Ербаянды осы күнге жеткізген кінәлі адамдар жауапқа тартылатынына сенеміз», — деді адвокат. Айта кетейік, Ербаян Мұхтар 2024 жылы желтоқсанда ауруханаға түсті. Ұлттық ұланның әскери бөліміндегілер ата-анасына оның әжетханада құлап, басын соққанын айтқан. Алайда олар бұл нұсқаға сенбей, Ербаян соққыға жығылғанын дәлелдеуге тырысты. Бұған дейін бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат…
2025 жылы 28 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, түркі әлеміне танымал тұлға, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Мерейтой аясында академиктің ғылыми мұрасы мен тұлғалық болмысына қатысты құнды пікірлер мен естеліктер ортаға салынды. Шарағапрофессор Жамал Айтқалиқызы Манкеева,филология ғылымдарының кандидаты Майра Шорақызы, саясаттанушы Жанұзақ Әкім, сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, тележүргізуші, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының “Даму және БАҚ”бөлімінің орынбасары, Қарагөз Сүлейменова Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың қазақ тіл біліміне қосқан өлшеусіз үлесін, оның…
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов әлеуметтік желілерде тараған «басшылық пен топ-менеджерлер 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы алды» деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды және қате түсіндірілген. «Желілерде тараған біз 1,7 млрд сыйақы алғанбыз деген ақпарат рас емес. Өйткені 1,7 млрд – ол толық жалақы қоры. Оның ішінде еңбекке жарамсыздық парағы, оқыту шығындары, еңбек демалысына төлемдер бар. Яғни бұл сома — сыйақы емес», – деді Сүлейменов. Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, аталған қаражат басшылыққа арналған бонустар немесе жеке сыйақылар емес, ол жұмысшылардың еңбекақысын және әлеуметтік төлемдерді қамтиды.
Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаев Қаңтар оқиғасы кезіндегі өзінің рөлі мен сол сәтте бастан кешкен күйі туралы алғаш рет кеңінен тоқталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Журналист Ботагөз Омароваға берген сұхбатында ол өзіне қатысты айып сезінбейтінін жеткізді. Оның айтуынша, сол уақытта өңір басшысы ретінде де, қарапайым азамат ретінде де қолдан келгеннің бәрін жасаған. Оқиға күндері қорқыныш болды ма деген сұраққа Ноғаев жасырмай жауап берді: «Иә, қорқынышты болды», — деді ол. Оның айтуынша, ең ауыр сезім — халықтың сенімін ақтап, өңірде қайғылы жағдайға жол бермеу мүмкіндігіне деген алаңдаушылық болған. «Құдай сақтасын, бір нәрсе болып қалса — өзімді кінәлі сезінер едім. Менің әлсіздігімнен ауыр жағдай орын…