Автор: admin

Қазақстанда қарттар үйлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтарға жаңа формат енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына өзгерістер әзірледі. Құжатта қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы әрі инклюзивті орта қалыптастыру көзделген. Жоспарға сәйкес әмбебап дизайн қағидаттарына негізделген шағын үйлерді дамыту ұсынылады. Мұндай формат тұрғындардың өзін жайлы сезінуіне және жеке қажеттілігін ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі бөлімшелер ашу қарастырылған. Бұл өзгерістер жобасы 2 ақпанға дейін «Ашық НҚА» порталында көпшілік талқылауына шығарылды.

Read More

Алматы мектептерінде полиция күшейтілген режимде кезекшілік атқарып жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Мессенджерлерде Алматыдағы мектептерге шабуыл жасалуы мүмкін деген хабарламалар тарағаннан кейін оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасы мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, сабақтарды тоқтатуға немесе қашықтан оқытуға көшуге негіз жоқ. «Қаланың құқық қорғау органдары жағдайдан хабардар және оны бақылауда ұстап отыр. Олармен бірлесіп білім алушылар мен білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша алдын алу шаралары қабылданды», – деп жазылған басқарма таратқан хабарламада. Сондай-ақ, білім басқармасы өкілі Алматыдағы білім беру ұйымдары қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Жауаптылар ата-аналар мен қала тұрғындарын сабыр сақтап, тек ресми…

Read More

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшылары бар. Күдіктілер тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе жасанды түрде қымбат сатып алынған жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан. Байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлінген. «Осы схема аясында университет басшылығы нарықтағы құны 200 мың теңгеден аспайтын бір орындықты 20 млн теңгеге сатып алған. Күдіктілер тозған тауарлық-материалдық құндылықтарды балансынан есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды…

Read More

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы аударылып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy.kz Апат 16 қаңтарға қараған түні Ақтау – Бейнеу бағытындағы тасжолда болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, автобус жолдан шығып кеткен. Оқиға орнында төрт жолаушы көз жұмды, тағы үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Автобуста барлығы 50 адам болған. Көлік техникалық тексерістен өткен, жол жамылғысы да қалыпты жағдайда болғаны хабарланды. Апат қараңғы уақытта тіркелген. Қазіргі таңда полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Read More

Шымкентте ер адам кәмелетке толмаған қызды өз еркінен тыс алып қашқан. Бұл туралы жәбірленуші мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz EGov.press телеграм арнасы ұсынған мәліметке сүйенсек, Шымкент қаласының 17 жастағы тұрғыны өзіне қатысты ауыр қылмыс жасалғанын мәлімдеген. Айтуынша, өзін бұрын-соңды көрмеген ер адам бірнеше серігімен жол бойынан күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып қашқан. “Мүлдем танымайтын ер адам алып қашты. Кейін оның мақсатын түсіндім, мені әйел қылып алмақ болған. Артынша мені Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына алып барғанын білдім. Үйге кірген кезде олардың туыстары мен жеңгелері орамалдарын ала жүгіріп, балалары отшашу атып жатты. Алып қашу сәтін камераға түсіріп жүрген адамдар да көп болды. Сол кезде бұл…

Read More

Астанада марқұм Ақнәр Хамиттің анасы мен тағы екі жастың аналары полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы алғашында заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, қайтыс болған жастар – Сана Мерланның, Ақанова Әделдің және Ақнәр Гүлстанның аналары Президент Әкімшілігінің кеңсесі ғимаратына барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұжымдық өтініш тапсыруды көздеген. Өтініштің мақсаты – балаларының өліміне қатысты қылмыстық істердің объективті, тәуелсіз және толық тергелуін талап ету болған. Алайда аналар ғимаратқа кіріп үлгермей, полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, белгісіз бағытқа алып кетілгені хабарланды. Заңгердің сөзінше, бастапқыда олардың нақты қай полиция бөлімінде екені белгісіз болған. Кейінірек бұл…

Read More

Түркістан облысында қарт әкесін қорлаған ер адам сотта елден кешірім сұрады, деп хабарлайды Tarazy.kz Жетісай аудандық сотында әкесін ұрды деген күдікке ілінген ер адамның ісі аяқталуға жақындады. 15 қаңтарда айыпталушы соңғы сөзін сөйледі. «Барлығынан кешірім сұраймын. Барлық қазақ халқынан. Өз әрекетіме шын жүректен өкінемін. Туыстарымнан кешірім сұраймын. Ашуға берілдім. Өмір бойы өкінемін. Қателестім. Барлық мұсылман халқынан кешірім сұраймын. Мені түсініп, кешіруін сұраймын. Кінәмді толық мойындаймын», – деді айыпталушы сотта. Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындады. Ол қылмысты есінен танып қалған күйде жасағанын айтты. Садақбаев сотта эмоцияға беріліп, көз жасына ерік берді және жазасын жеңілдетуді сұрады. Ол өзінің кәмелетке толмаған балалары бар…

Read More

Шымкентте үндістандық студентке тиісіп, телефонын тартып алған базар күзетшісі жазаланды, деп хабарлайды Tarazy.kz Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Х.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғаны: Х. 2026 жылдың қаңтар айының 11 күні қаланың «Қырғы базарында» Үнді Республикасының азаматы С.-ны дөрекі сөздермен балағаттап, ұялы телефонын қолынан жұлып алып, қоғамдық орында мазасын алып қоғамдық ортаны  сыйламаушылық танытқан.     Тараптардың позициясы: Х. сотта өз кінәсін мойындап, өкінетінін соттан өзіне қатаң жаза…

Read More

Астанада 82 жастағы зейнеткер 7 жасар шөбересін зорлаған, деп хабарлайды Tarazy.kz Ол 20 жылға сотталды. Бұл туралы НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook парақшасында мәлімдеді. Мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға баланың туған күнін атап өту кезінде, туыстар түгел жиналған үйде болған. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы куәгерлердің айғақтары мен сот-медициналық сараптама қорытындыларымен толық дәлелденген. Сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Дина Таңсәрінің айтуынша, баланың анасы қорға 2025 жылы сәуірде, қызын сараптамаға апарған сәтте хабарласқан. Сонымен қатар, отбасы ішінде айыпталушының жасы үлкен екенін алға тартып, істі сотқа жеткізбеуді…

Read More

АҚШ-тың CBS News арнасының хабарлауынша, Иранда өтіп жатқан жаппай наразылықтар барысында кемінде 12 мың адам қаза тапқан, ал құрбандар саны 20 мыңға дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz The New York Times басылымының дерегінше, елдің кейбір өңірлерінде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) жауынгерлік қару қолданған. Салдарынан қаза тапқандар саны көбейіп, мәйітханалар лық толған. Ал марқұмдардың жақындары оларды тану үшін кезек күтуге мәжбүр. Алайда ИИРС басшылығы қаза тапқандарды наразылыққа қатысушылар емес, «террористер» деп сипаттады. Осы арада халықаралық деңгейде жағдай ушыға түсуі мүмкін деген қауіп бар. Ақпарат көздерінің мәліметінше, Пентагон АҚШ президенті Дональд Трампқа Иранға соққы берудің бұрын айтылғаннан да кең ауқымды…

Read More