Автор: admin
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бесінші орынбасарын тағайындады. Бұған дейін қаланың Алатау ауданын басқарған Азамат Қалдыбаев енді Досаевтың орынбасары, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Азамат Қалдыбаев Алатау ауданына 2020 жылдан бастап әкім болды. Еңбек жолын 2007 жылы Бостандық ауданындағы #2 сотта жетекші маман болып бастаған. Әр жылдары Ұлттық Банк бөлімшелерінде, “Самұрық-Қазына” қорында, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясында қызмет еткен. Ерболат Досаевтың Асқар Амрин, Әсем Нүсіпова, Бейбіт Шаханов және Әлішер Әбдіқадыров сияқты төрт орынбасары бар. Алматы әкімдігіндегі тағы бір өзгеріс — Жетісу ауданының әкімі болып Ләззат Жылқыбаева тағайындалды. Жылқыбаева бұл қызметке дейін қаланың білім басқармасын басқарды. Ол лауазымда 2019 жылдан бері еңбек…
Грек прокуратурасы 21 маусымда Идра аралындағы өрт шыққан кезде жеке яхтаның жолаушысы болған сегіз қазақстандыққа айып тақты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат «Катимерини» газетіне сілтеп. «Яхтада 10 қазақстандық болған, кәмелетке толмаған екі жолаушыға айып тағылған жоқ. Грекия билігі Қазақстаннан көмек сұрады, өйткені яхтаны жалға алушылар тергеуге дейін Грекиядан кетіп қалды. Айып жаңа дәлелдердің табылуына байланысты тағылды, оларды прокурор өрт болған жерде тергеу барысында анықтады. Өрт сөндірушілер өрт шыққан шығанақта отшашу қалдықтарын тапты», — деп жазады газет. Айта кетейік, өрт 21 маусым күні кешке Идра аралының Бисти ауданындағы орманда басталды. БАҚ хабарламаларына сәйкес, өрттің себебі яхтадан атылған сигнал ракетасы немесе отшашу болды. …
Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылында сұранысқа ие болатын мамандықтарды жариялады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған дерекке сенсек, Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттар қабылдау басталды. Жаңа оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 145 мың абитуриент қабылданады деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға көп. — Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық, яғни геология, машина құрастыру, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б. мамандықтар бойынша көбейтілді. Сонымен қатар биыл үшінші жыл қатарынан колледж абитуриенттерді жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша қабылдауда. Бұл жыл сайын еңбек нарығының сұранысына сай мамандықтарға 10 мың…
Алматыда 6 шілдеге дейін «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында субұрқақтар маңын жинау мен тазалау жұмыстары жүреді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Алматыда 150 субұрқақ бар, оның 66-сы коммуналдық (60-ы штаттық режимде, 6-ы қайта жаңартылып жатыр) және 84-і жеке аумақта. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Әлинұр Бәкеновтың айтуынша, коммуналдық меншік иелігіндегі субұрқақтар 1 мамырдан 25 қазанға дейін күн сайын сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін профилактикалық іс-шаралар (тазалау, жабдықтарды тексеру) кезінде өшіріліп, кестемен жұмыс істейді. Субұрқақтарды ай сайын кестеге сәйкес жиналады. Жабдыққа ревизия жасалады, тостағандар арнайы құралдармен жуылады. Кейде коммуналдық субұрқақтар апаттық-қалпына келтіру жұмысын жүргізу және ағымдағы жөндеу…
Сот алқасы экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. Апелляциялық шағымда Бишімбаевтың ісін судьялар Шынар Ерғалиева, Нұрлан Баяхметов және Роза Нұрмұханова кірген сот алқасы қарады. Қаулының қарар бөлігін төрағалық етуші судья Шынар Ерғалиева оқыды. «Сот алқасы Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді», – деді судья. Еске салайық, бүгін Астанада Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты аппеляциялық сот отырысы болды. Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов «сот үкімді заңсыз шығарды» деп атап өтті. Айта кетейік, 13 мамырда Астанада судья Айжан Құлбаева…
«Қазтелерадио» алаяқтардың тұрғындарға хабарлама жіберуі жиілеп кеткенін еске салып, сақтық шараларына шақырды. Белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға немесе қоңырауларға жауап бермеу керегін айтты, деп хабаралайды Tarazy ақпарат. «Компанияның барлық жұмыскерлері мен серіктестерін қырағылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз. Қоғам басшыларының атынан белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға немесе қоңырауларға жауап бермеңіз. Қоғам басшылығынан немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (министрліктің) жұмыскерлерінен келіп түсуі мүмкін сұрау салулар бойынша құпия деректерді, құжаттарды немесе ақшалай қаражатты олардың өзіңізге белгілі нөмірлері арқылы жеке әңгімелесу барысында алдын ала келісіп алмай, жібермеңіз»,- делінген хабарламада. Компания осындай хабарламалар мен қоңыраулар алған жағдайда нөмірді бұғаттауды және бұл туралы Қоғамның Қауіпсіздік қызметіне мына байланыс нөмірі…
Елімізде 1 наурыздағы уақыт ауысуынан кейін жұмыс күні бір сағат ерте басталуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. БАҚ өкілдері министрден: «Еліміздің бірқатар өңірінде уақыт белдеуінің ауысуына байланысты жұмыс уақытын бір сағатқа ерте бастауға қатысты ұсыныстар түсіп жатыр. Өйткені қыстыгүні қараңғы ерте түседі. Осы ұсынысқа қалай қарайсыз? Еңбек министрлігінің жоспары қандай?», деп сұрады. «Министрлікке осы мәселеге қатысты хаттар түсіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеу үшін жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін…
Алматыда тұңғыш рет БАҚ қызметкерлері күніне орай журналистер арасында «BAQ TOGYZQUMALAQ” атты турнир өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Assyl Tas қорының қолдауымен ұлттық құндылықты дәріптеу, тарихы терең зияткерлік ойынды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарының БАҚ өкілдері қатысты. Ойыншылардың көбі тоғызқұмалақты алғаш рет ойнады. Сол себепті 2 күнге жоспарланған жарыстың бірінші күні тәжірибелі жаттықтырушылар шеберлік сабақтарын өтіп, журналистерге тоғызқұмалақтың қыр-сырын үйретті. Турнирге жалпы саны 40 қатысушы тіркелді. Тілшілер мен редакторлар, блогерлер мен телерадио саласының қызметкерлері турнирде топқа бөлініп сынға түсті. Жарыс төрешілері ойын барысын қадағалап, турнирдің тоғызқұмалақ федерациясы бекіткен…
Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында Қазақ-Қырғыз арасындағы достық жалауы желбіреді. Грек-рим және Еркін күрестен халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бишкекте Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Канат Бегалиев пен Нұрбақыт Теңізбаевтың құрметіне жастар арасында грек-рим және еркін күрестен халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Екі ел арасындағы достық пен ынтымақтақтасты нығайту мақсатында аталған жарысқа қос елден 10 салмақ дәрежесінде 300-ден астам спортшы қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатына қазақ елінен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевты қолдауға Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков бастаған спортшының достары мен қолдаушылары арнайы келді. Өз кезегінде Ерболат Сарабеков Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің…
Қазақстан Республикасы Парламентіндегі “Бір ел — бір мүдде” депутаттық тобы ел бірлігін арттыруға ықпал етер жаңа жобаны таныстырды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысында, артынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбындағы отыз үшінші сессиясында Мемлекет басшысы іргелі ұлттық құндылықтарды, негізгі идеологияларды және ұлт имиджін айқындайтын базалық бағдарларды ілгерілету бойынша бірқатар міндеттер қойған болатын. Аталған тапсырмаларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентіндегі «Бір ел — бір мүдде» депутаттық тобының өкілдері ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобаға бастамашылық жасады. Бұл Жобаның мақсаты — мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, сондай-ақ барлық…