Автор: admin
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 26,8 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл қаражаттың негізгі бөлігі Ұлттық банктің басқаруында, нақтырақ айтқанда 25,8 трлн теңге сенімгерлік басқаруға берілген. Сонымен қатар 877 млрд теңге жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары ретінде жинақталған. Ұлттық банк басқаратын активтердің кейінгі 12 айдағы табысы 11,39% болған. Қор қаражаты әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланған. Соның ішінде ең үлкен үлес Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына тиесілі. Бұдан бөлек, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары да портфельде маңызды орын алады. Активтердің едәуір бөлігі индекстік басқару арқылы орналастырылған. Валюталық құрылымына келсек, зейнетақы жинақтарының басым бөлігі…
Air Astana әуе компаниясының бас директоры ауысты, деп хабарлайды Tarazy.kz Компанияны ұзақ жыл басқарған Питер Фостер қызметінен кетті. 1 сәуірден бастап оның орнына Ибрахим Жанлыел тағайындалды. Басшылық ауысатыны туралы өткен жылы-ақ хабарланғанымен, шешім енді ғана ресми түрде күшіне енді. Компания мәліметінше, жаңа CEO негізгі назарды операциялық тиімділікті арттыруға және тұрақты өсімді қамтамасыз етуге бағыттайды. Ибрахим Жанлыел бұл тағайындауға дейін 2017 жылдан бері қаржы директоры қызметін атқарған. Жалпы алғанда, ол 14 жылдан астам уақыт бойы компанияның даму стратегиясын айқындаған басқарушы команда құрамында болды.
әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған танымал блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Ведомство мәліметінше, Алматы қаласы Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. «Соттың қаулысымен бұрын тонау қылмысын жасаған күдіктіге қатысты 10 тәулік мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді», — деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі. Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан қамауға алынғаны хабарланды.
Қырғызстанда жемқорлық ісі аясында бұрынғы парламент депутаты Шаирбек Ташиев ұсталды. Ол ақпанда қызметінен кеткен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиевтің туған ағасы. Бұл туралы Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Tarazy.kz Ведомство мәліметінше, ұсталу «Қырғызмұнайгаз» кәсіпорнындағы қаржы жымқыру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жүзеге асқан. Тергеуді бастауға Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік салық қызметінің материалдары, сондай-ақ аудиторлық тексеріс қорытындылары негіз болған. ІІМ өкілдері тергеу амалдары жалғасып жатқанын, әзірге егжей-тегжейлі ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді. Бұған дейін «Қырғызмұнайгаздағы» заңбұзушылықтар ісі бойынша бірнеше адам, оның ішінде Ташиевтердің жиені Байғазы Матисақов та ұсталған. Ол аталған кәсіпорынмен байланысты компанияны басқарған. Шаирбек Ташиев Жогорку Кенештің…
Алматыда өткен «Қазіргі заманғы қазақ романы» байқауында жазушы Жүсіпбек Қорғасбек бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Tarazy.kz Жеңімпазға 15 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды. Бас жүлде жазушының «Кельндегi көкжал» романына берілген. Шығармада үш ұрпақтың тағдыры, сондай-ақ шетелге сатылған қазақ баласының өмір жолы көркем түрде суреттеледі. Романда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – бала саудасы тақырыбы қозғалған. Айта кетейік, байқау аясында жарық көрген кітап демеушілердің қолдауымен басылып шыққан.
Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өсіп, халықтың базалық өмір сүру шығындарын көрсететін көрсеткіш артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанында ол 64 155 теңге болды, деп хабарлайды Tarazy.kz Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш бірден 22,2%-ға артқан. Сонымен қатар, сома халық санатына қарай өзгереді. 18 жастан асқан ер адамдар үшін күнкөріс деңгейі 76 382 теңгеге жетсе, әйелдер үшін – 60 649 теңге. Зейнеткерлер мен егде жастағы адамдарға айына шамамен 60 208 теңге қажет, ал 14 жасқа дейінгі балалар үшін бұл көрсеткіш 50 885 теңгені құрайды. Ең жоғары көрсеткіш жасөспірімдер арасында тіркелген: 14–17 жастағы ұлдарға орта есеппен 81 304…
«AI Sana» мемлекеттік бағдарламасы аясында және елдегі цифрлық трансформацияны қолдау мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «AI Sana – Digital Kazakhstan: Projects of the Future» атты республикалық студенттік жобалар конкурсы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Студенттердің цифрлық инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған республикалық конкурс елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Конкурстың іріктеу кезеңінен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 14 командасы финалға өтті. Олардың қатарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Satbayev University, Yessenov University және басқа да оқу орындарының командалары бар. Конкурстың ашылу салтанатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев студенттердің цифрлық технологиялар мен ЖИ саласындағы бастамалары…
Биыл Алматы облысында 1100 шақырымға жуық жолды диагностикадан өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 477,5 км жол Алматы облысында, ал 606,2 км жол Жетісу облысында орналасқан. Диагностикалық жұмыстар жолдарды күтіп ұстаудағы учаскелерде де, кепілдік мерзіміндегі учаскелерде де жүргізіледі. Осылайша, күтіп ұсталатын жолдардың 358 км бөлігінде және ұзындығы 725,7 км болатын кепілдік учаскелерде диагностика жасалмақ, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы облыстық филиалы хабарлады. Сөйтіп, алынған деректер мен елді мекендердің көше-жол желісін диагностикалау жұмыстарының нәтижесі «E-Joldar» автомобиль жолдарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасына енгізілетін болады. Мұны ҚР Президентінің цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізуге бағытталған саясатына сәйкес Көлік…
Өскеменде бұрынғы қала әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің экс-орынбасары Жақсылық Омарға қатысты соттың екінші отырысы өтті, деп хабарлайдыTarazy.kz YK News басылымына сілтеме жасап. Сотта ол алаяқтық жасады және пара алды деген айыптар бойынша жауап беруде. Мемлекеттік айыптаушы соттан жаза тағайындау кезінде жеңілдететін жайттарды ескеруді сұрады. Атап айтқанда, айыпталушы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және жеті баланың әкесі. Ал ауырлататын мән-жай ретінде мемлекеттік қызметкер антын бұзғаны аталды. Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан айыруды ұсынды. Ал жәбірленуші, керісінше, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Тергеу деректеріне сәйкес, іс…
Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга кентінде болған жаппай төбелеске Қазақстан азаматтарының да қатысы бары ресми түрде расталды. Әлеуметтік желіде “қазақтарға шабуыл жасалды” деген ақпарат кең тарағанымен, құзырлы органдар жанжалды ұлтаралық қақтығыс емес, жұмысшылар мен күзет қызметкерлері арасындағы тұрмыстық жанжал ретінде бағалады. Оқиға қалай өрбіді, қанша адам ұсталды және жағдай немен аяқталды? Dalanews.kz редакциясы мән-жайды жан-жақты саралап, саясаттанушы Асылбек Ізбайыровтың пікірін жазыпты. Оқиға қалай басталды? 26 наурыз күні Усть-Лугадағы вахталық қалашықта жұмысшылар мен күзет қызметкерлері арасында жанжал туындаған. Бұл нысанда түрлі елден келген жұмысшылар еңбек етеді, оның ішінде Қазақстан азаматтары да бар. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда бірнеше адамның жиналып, қақтығыс болғаны көрінеді. Кейбір…