Автор: admin
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз бен Шымкенттен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін анықтады, — деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. «2022 жылғы 30 маусымда ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірге Тараз және Шымкент қалаларында «А» және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жұмылдырылуымен ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті», — делінген хабарламада. Тексеріс барысында қылмыстық топ мүшелерінің тауар-материалдық құндылықтарды аса ірі мөлшерде ұрлауға және кәсіпкерлерден ақша бопсалауға қатысы бар екені туралы дәлелдер жиналған. «Арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 14 басшысы мен белсенді қатысушылары ұсталды.Процессуалдық іс-шаралар барысында қару-жарақ арсеналы, қомақты ақша сомасы, сондай-ақ, тергеу үшін қызығушылық тудыратын құжаттар табылып, тәркіленді», — делінген ҰҚК хабарламасында. Соталды тергеу жүргізіліп…
Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірде жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендету, ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру, мал шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды. Жиынға бейнеконференция байланысы режимінде аудан әкімдері де қатысты. Кеңес барысында Нұржан Молдиярұлы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың тиімділігіне кезең-кезеңмен талдау жүргізу, сондай-ақ әрбір ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығы жерлерінің картасын әзірлеу бойынша міндеттер қойды. Аудан әкімдеріне жайылым тапшылығы мәселесін шешу үшін бес негізгі бағыт бойынша шаралар қабылдау жүктелді. Жиында алдымен облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосынов ағымдағы жағдай мен биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. — Бірінші…
Заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 27 маусымы мен 4 шілдесі аралығында Жамбыл облысының аумағында «Заңсыз көші-қон» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Полиция қызметкерлері Қордай ауданында қызмет атқару кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту дерегін анықтады. Тексеру барысында Қырғызстан Республикасының 28 жастағы тумасында ҚР аумағына келу туралы ақпарат жоқ екені анықталды. Күдіктінің айтуынша, 2020 жылдың наурыз айында «Қарасу АВТО» өткізу пунктінде ол анықталмаған адамның көмегімен базада тіркеусіз мемлекеттік шекараны кесіп өткен. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. -…
ROI тұтынушылар кооперативінің 3 жылдығы қарсаңында шымкент пен түркістандықтардан 100-ші отбасы үй алды деп newsroom.kz хабардайды. ROI кооперативінің 3 жылдық мерейтойына орай шымкенттік мүмкіндігі шектеулі жан мен көпбалалы ана және жеке кәсіпкер баспана мен көлік кілтін алды. Жалпы, 2019 жылдан бері ROI тұтынушылар кооперативі арқылы 2000-ға жуық үлескер жалпы құны 13 млрд теңгеге үй және көлік алған. Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша бүгінге дейін ROI кооперативі арқылы 100 пәтер мен көлік берілді. Олардың ішіндегі 3 үлескер қарызын уақытынан бұрын жапты. Айта кетерлігі, қазіргі таңда кооперативте республика бойынша 17 мыңға жуық үлескер бар.
Жыл басынан бері 7,4 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. «2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7 415 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды», — делінген хабарламада. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2 пайыз) Өзбекстаннан, 10,4 пайызы — Қытайдан, 7,4 пайызы — Түрікменстаннан, 3,2 пайызы — Моңғолиядан және 8,8 пайызы басқа елдерден қоныс аударғаны айтылды. Этникалық қазақтар негізінен мына өңірлерге қоныстанған: Алматы облысы (31,6 пайыз),Маңғыстау облысы (18,3 пайыз),Түркістан облысы (9,8 пайыз)Жамбыл облысы…
Тараз кинотеатрында мектеп оқушылары мен колледж студенттері есірткі заттарының қауіптілігі туралы «Тұздар мен Спайстар», «Ешқайда жол жоқ» фильмдерін тамашалады. Аталмыш кинокөрсетілімді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Облыстық кино орталығы және Білім басқармасының қолдауымен Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Фильмде нашақорлармен жұмыс істейтін мамандар синтетикалық есірткіге тәуелділіктің қандай зияндылықтар әкелетіні туралы өмірден нақты мысалдар келтіре отырып баяндайды. — Бізге жастардың назарын нашақорлық мәселесіне аудару маңызды. Әрбір жасөспірім, шын мәнінде, қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін. Бүгінгі таңда синтетикалық есірткі үнемі әр түрге өзгеріп отырады. Жастар өздерін және басқаларды тек қызығушылық деп алдайды. Алайда наркологтар бір…
Аймақ басшысы алдымен Бәйтерек ауылындағы «Егізбай» шаруа қожалығының егіс алқабында болып, жайқалған картобын көрді. Қожалық жетекшісі Нұрлан Егізбаевтың айтуынша, шаруашылық пиязды — 45, картопты — 75, сəбізді — 6 гектар алқапқа орналастырған. Бұдан бөлек, шаруашылықтың 30 гектар бидайы, 10 гектар алқапқа орналастырылған жоңышқасы бар, мал азығын да осы алқаптардан дайындауда. Бұл дақылдарды сеуіп жинайтын техникасын қожалық сайлап та қойған. — Картоп қазу жұмыстарын жаңа бастадық. Күніне 2-3 гектар алқаптың өнімін жинаймыз. Оның əр гектарынан орта есеппен 300-350 центнерден өнім жинау жоспарлануда. Алқапқа 240 тонна картопты Қарағанды облысынан алып, отырғыздық. Бүгінде алқапта картоптың галандиялық «Буррен» жəне «Пикассо» сұрыптары өсірілуде. Жиын-терінге 40-50…
Жамбыл облысындағы кәсіпорында қайғылы жағдай болды. Екі жұмысшыны фосфор ұнтақтайтын қондырғы турап тастаған, — деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қайғылы оқиға «Қазфосфат» серікітестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болды. «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеу кезінде ол іске қосылып кеткен. Ішінде бес адам болыпты. 35 және 28 жастағы екі қызметкер сол жерде жан тапсырды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, құрылғы екеуінің денесін кескілеп, бөлшектеп тастаған. Қаза тапқандар дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеген екен. Өзге үш адам жеңіл жарақатпен құтылды. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Алдымен аймақ басшысы «Qazaq soda» кальцийленген сода өндіру зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Бүгінде Сарысу ауданында еліміздегі алғашқы кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жоба «Yildirim Holding» түрік компаниясының еншілес кәсіпорны «Qazaq Soda» ЖШС-не тиесілі. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі. Жоба 1 300 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Нысан құрылысына 400 миллион АҚШ долларын инвестициялау жоспарланып отыр. «Yildirim Holding»-тің бас директоры Исмаил Джейлан мұнда қалдықсыз өнім өндірілетінін атап өтті. И.Джейлан қызметкерлерге арналған жатақхана салу, кәсіпорын төңірегінде жасыл аймақ құру жоспарлары бар екенін де айтты. Бас директордың айтуынша, мемлекет…
Тұрғын Дулат Әлиев Жамбыл облысында айыптұраққа қойылған автокөліктердің жұмбақ жағдайда жоғалуының жиілеп бара жатқанын айтады. Екі жылдан бері жолаушылар автобусын таппай жүр. Айтуынша, прокуратура мен полиция күдікті белгілі болса да, іске көз жұма қарап отыр. Сол себепті мемлекеттік автотұрақтан көлік ұрлау әлдекімдердің бизнесі ме деп күдіктенеді, деп хабарлайды 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасы. «Мен көлікті досымның не туысымның үйіне қойған жоқпын. Мемлекеттік айыптұрақ – арнайы алаңға қойдым», – деді Дулат Әлиев. Тараз тұрғыны Дулат Әлиев екі жыл бұрын банктен несие алған досына кепіл болған. Алайда досының банкке берешегі кешіккен соң, жолаушы таситын екі автобусын полицейлер тоқтатқан. Кейін жолаушыларды түсіріп, айыптұраққа өзі…