Автор: admin
2026 жылғы 27 наурызда Ғылым ордасында «Қазақстанның жазба мұрасын сақтау және қалпына келтіру: заманауи тәсілдер мен ғылыми тәжірибе» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар аясында еліміздің тарихи жәдігерлерін сақтау ісін жаңа деңгейге көтеруге арналған бірегей шеберлік сабақтары өткізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz Іс-шараның басты мақсаты — тарихи құнды жәдігерлерді сақтау және қалпына келтіру саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және реставрация бағытындағы озық технологияларды таныстыру болды. Семинардың екінші күні ұйымдастырылған шеберлік сабақтарына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 40-тан астам маман — реставраторлар, кітапханашылар, архив және музей қызметкерлері қатысты. Іс-шарада «Ғылым ордасы» Реставрация және консервация орталығының мамандары Сұлтанмұрат Амирдин «Шығыстық балық қабыршағы капталын тігу»; Амина Бақберген…
Әлемдік энергетика нарығында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Ормуз бұғазы маңындағы ахуалға байланысты мұнай дағдарысы бір айға жуық уақыттан бері жалғасуда, деп хабарлайды Tarazy.kz Bloomberg мәліметінше, мұнай бағасы күрт өсіп, әлемдік экономикалық өсім болжамдары төмендеп жатыр. Әсіресе Азия елдерінде – Тайландтан Пәкістанға дейін – жанармай тапшылығы байқала бастады. Энергетика саласының өкілдері бұл дағдарыстың әлі бастапқы кезеңінде екенін ескертуде. Сарапшылардың айтуынша, егер Ормуз бұғазы жабық күйінде қалса, әлем елдері мұнай мен газ тұтынуын айтарлықтай қысқартуға мәжбүр болады. Алайда бұл үдеріс бағаның шарықтауынан кейін ғана іске асуы мүмкін. АҚШ үкіметі мен Уолл-стрит сарапшылары мұнай бағасы бір баррель үшін 200 долларға дейін жетуі ықтимал екенін жоққа шығармай…
Түркістанда бейнебақылау камераларын әдейі бүлдірген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қылмыс бейнебақылау жүйелерінің көмегімен ашылған. Оқиға қала көшелерінің бірінде тіркелген. Белгісіз екі адам 4 камераны қасақана сындырған. Салдарынан 700 мың теңгеден аса материалдық шығын келген. Тергеу барысында оқиға түнгі сағат 01:00 шамасында болғаны анықталды. Беттерін маскамен жасырған екі жігіт ұзын ағашпен камераларды істен шығарған. Полицейлер қылмысты ашу кезінде жақын маңдағы бейнебақылау жүйелерінің жазбаларын мұқият зерделеген. Нәтижесінде күдіктілердің қозғалыс бағыты анықталып, жедел іздестіру шаралары арқылы қолға түсті. «Бұл оқиғаға қатысты бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметке сәйкес…
Алматы қаласында ер адамның жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасағаны видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Tarazy.kz Оқиға кезінде медицина қызметкерлері шақырту бойынша науқастың үйіне барған. Алайда оларды мас күйдегі ер адам қарсы алып, агрессивті әрекет танытып, пышақпен қорқыта бастаған. Мәліметтерге сәйкес, ол дәрігерлерді пәтерде қамап ұстап, кейін олар сыртқа шыққан кезде қуып, пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен. Дәрігерлер қауіпсіздік үшін жедел жәрдем көлігіне кіріп, полиция шақыруға мәжбүр болған. Полицияның хабарлауынша, күдікті науқастың ұлы болып шықты. Ол оқиға орнында мас күйінде болып, айналасындағыларға қауіп төндірген. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 380-3-бабы – медицина қызметкерлеріне қатысты қорқыту немесе зорлық-зомбылық көрсету фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Істе…
Тараз қаласында банк бөлімшелерінің бірінің маңынан 35 жастағы кәсіпкер Елнұр Маймақовтың мәйіті табылды. Оның басынан оқ жарақаты анықталған, деп хабарлайды Tarazy.kz Полиция мәліметінше, марқұм оқиға алдында танысының үйінде болған. Екеуінің арасында қарыз мәселесіне байланысты жанжал туындаған. Жанжалдан кейін олар сыртқа шыққан. Сол кезде ер адам қару шығарып, қарсыласына қарай екі рет оқ атқанымен, ешкім зардап шекпеген. Арада бірнеше минут өткен соң тағы бір оқ дауысы естілген. Кейін кәсіпкердің денесін оның танысы тапқан. Ол марқұммен бірге таңғы намазға бармақ болған. Белгілі болғандай, қайтыс болар алдында ер адам досына хабарласып, өзін жақын маңдағы дәмханадан алып кетуін сұраған. Оқиға орнынан тіркелмеген травматикалық тапанша тәркіленді.…
Қазақстан мұнайы жаңа нарыққа бет алмақшы. Енді ол Жапония нарығына бағытталуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Жапонияның ірі INPEX компаниясы Қазақстан мен Әзербайжаннан өндірілетін мұнайды сатып алушыларға басымдықпен жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Әңгіме Каспий теңізіндегі Қашаған және Азери-Чираг-Гюнешли кен орындарының мұнайы туралы. Қазір бұл көлемдердің басым бөлігі Еуропаға экспортталады, алайда сұраныс артса, бір бөлігі Жапонияға бағытталуы мүмкін. Жапонияның Қазақстанға қызығушылығы Таяу Шығыстан келетін мұнай жеткізіліміне тәуелділікпен байланысты. Қазіргі таңда ел мұнайының 90%-дан астамын осы өңірден алады. Ормуз бұғазы арқылы тасымалдауға қатысты тәуекелдер Токионы балама көздер іздеуге итермелеп отыр. Алайда негізгі мәселе – логистика. Қазақстан мұнайын Жапонияға жеткізу үшін айналма маршруттар қолданылуы…
Атырау облысында бір отбасының өліміне қатысты іс бойынша басты күдіктіге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Адвокаттардың мәліметінше, тергеу айыпты ауырлатқан. Күдіктіге екі және одан да көп адамды өлтірумен қатар, бірнеше рет жасалған кісі өлтіру, ұрлық және алаяқтық баптары тағылып отыр. Заңгерлердің айтуынша, қылмыстың ауырлығы мен сот тәжірибесін ескере отырып, сот өмір бойы жаза тағайындауы ықтимал.
Алматыда әлеуметтік желіде тараған даулы мәлімдемеден кейін діни тұлға жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Полиция мәліметінше, Ахмет Құрбанали сұхбат барысында «әйелін шәкіртіне беру» туралы айтқан, бұл қоғамда резонанс тудырған. Құқық қорғау органдары оның сөздері заңнамаға қайшы және қоғамдық сана мен конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Нәтижесінде ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша айыппұлға тартылды. Сонымен қатар оның ресми діни қызметкер емес екені анықталған. Сондай-ақ сұхбат алған тұлға да жауапкершілікке тартылды. Полиция заңсыз контент үшін оны жасаушылар ғана емес, таратушылар да жауап беретінін еске салды.
Алматы облысында жолшылар Ұлыстың ұлы күнін ерекше сән-салтанатпен тойлады. «Жол активтері Ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалы ұйымдастырған мерекелік іс-шараға Алматы қалалық, Жетісу, Жамбыл облыстық филиалдары мен Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы мекемесінің қызметкерлері белсене қатысып, берекелі бірліктің үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Tarazy.kz Алатау баурайындағы әсем табиғат аясында өткен думанды тойға жиналған қауымды қазақтың ақжарма дәстүрімен шашу шашып қарсы алып, ақ дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылды. Бұл – ырыс пен молшылықтың, татулық пен жаңарудың белгісі. Күн мен түн теңесіп, табиғат түлейтін қасиетті шақта ұлттық рухты дәріптеген ойындар да кеңінен көрініс тапты. Жігіттер жағы күш сынасып, қой көтеріп, арқан тартысты.…
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру саласындағы әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретіндегі мәртебесін тағы да растады. Университет «QS World University Rankings by Subject 2026» рейтингінде «Білім беру және оқыту» (Education & Training) бағытындаәлем бойынша 41-орынды иеленіп, ТОП-50 қатарына енді, деп хабарлайды Tarazy.kz ҚазҰПУ осы бағыт бойынша ТОП-50-ге енген Қазақстандағы жалғыз университет және Орталық Азиядағы көшбасшы атанды. Бұл нәтиже университеттің заманауи педагогиканы дамытудағы және жаңа буынның халықаралық деңгейдегі мамандарын даярлаудағы стратегиялық рөлін дәлелдейді. QS аймақтық директоры Сергей Христолюбовжаңа пәндік рейтингтерде Орталық Азияның жоғары білім беру жүйесі үшін тарихи жетістікке қол жеткізілгенін атап өтті. Оның ішінде, Абай…