Автор: admin
Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда сайты. «Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген Жарлықта.Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған. 2019 жылдың тамызынан бастап Байзақ ауданының әкімі қызметін атқарған.1991 жылы Ленинград ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы, Горький атындағы колхозда механизатор болып бастаған.
Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Ақорда сайтына сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада. Еске салайық, 2020 жылдың ақпанынан бері Жамбыл облысының әкімі қызметін Бердібек Сапарбаев атқарған болатын.
Жауынгерлер Жамбыл облысындағы әскери қоймада қалып қойған қауіпті оқ-дәрінің көзін жояды. Қорғаныс министрлігі бұл үшін әлгі қойма аумағына арнайы пештердің орнатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Кейбір снарядтарды арнайы жабдықталған алаңға шығарып жарып жіберу көзделген. Министрлік өкілдері сол маңдағы елді мекен тұрғындарына еш қауіп төнбейді деп сендірді. Ең жақын ауылдың өзі бір жарым шақырым қашықтықта орналасқан дейді. Сондықтан бұқараның алаңдауына еш негіз жоқ дейді. Оқдәріні ашық алаңда жою жұмыстары басталған кезде тұрғындарды хабардар етпек. Айта кетейік, былтыр тамыз айында Жамбыл облысындағы әскери қойма жарылған еді. Апаттан 17 адам қаза тапқан. Тағы бір адам сол күйі із-түзсіз жоғалып кетті.
Цирк жанында өтіп жатқан акцияны ұйымдастырушылар елорда әкімдігінің рұқсатын алған. Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, акцияға бірнеше ондаған адам қатысуда. Наразылық акциясына қатысушылар арасында жастар көп, бірақ аракідік қарт адамдар да, балалар да кездеседі. Сурет: Zakon.kz Демонстрантқа шығушылардың талаптары — әлеуметтік желілерге деген емін-еркін қолжетімділік және пікір білдіруге мүмкіндік беру. Сурет: Zakon.kz Сурет: Zakon.kz
101 тонна бекіресі қырылып қалған Атыраудағы «Луговой жылқы зауытына» тағы қауіп төнді. Балықшылар ақпан айының аяғында екі күн бойы су бетінде май тәріздес сұйықтықтың қалқып жүргенін байқаған. Іле-шала алынған сынамадан су құрамында екі есе көп хлорды анықтапты, — деп хабарлайды Астана арнасы. Зауыт басшылығы ол кезде балықтардың судың тереңінде, яғни «қыстақта» болғанын айтады. Егер жағдай қайталанса, бағалы балықтарды өлтіріп аламыз ба деп алаңдаулы. «Біз кеше «қыстақтан» көтердік. Ол дегенің балық судың бетінде жүреді. Ол маймен балық өзіне суды алатын болса, тағы проблема болуы мүмкін. Қырылып қалу қаупі бар. Жасыратын ештемесі жоқ. Біздің өзіміз тапсырған кезде хлордың мөлшері екі есе көп болды», -…
Таразда мейрамханадан шығып, сол күйі үйіне оралмаған ер адамның арықтан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 наурыз күні болған. «Түнгі сағат 3.30 шамасында Тараз қаласының тұрғыны 102 нөміріне хабарласты. Ол түн ортасы кезінде мейрамханадан шығып, үйіне оралмаған әкесі 1945 жылы туған Құрсатбек Бақбергеновті табуға көмек сұрады.Мән-жайды анықтау барысында Қ. Бақбергеновтің 25 наурыз күні әйелімен бірге «Сәтті» мейрамханасында өткен шараға келгені анықталды.Келесі күні таңертең сағат 08:20-да полицияға жедел жәрдем көлігінен Бақбергеновтың мәйіті Алчовая көшесінің бойындағы каналдан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті», — делінген ПД хабарламасында. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.…
Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Александр Лисиченко Zakon.kz тілшісіне бомба қойылғаны туралы жалған қоңырау үшін қандай жаза бар екенін айтып берді. Жауапкершілікке келетін болсақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сай жауапкершіліктің ең қатаң шарасы – бес жылға дейін бас бостандығынан айыру. Дегенмен айыппұл түріндегі балама жаза да бар.Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Александр Лисиченко Заң бойынша мұндай әрекеттер үшін айыппұл мөлшері 5 000 АЕК (немесе 15 315 000 теңге) көлемінде. Онымен қоса жалған хабарламаларға әрекет жасау кезінде кеткен мемлекеттік шығындарды өтеу бар. Ол – бөлек әңгіме. Ол дегеніміз: арнайы қызметтің сол орынға баруы, кез келген құқық қорғау органдарының жеке құрамының тартылуы.…
Мұндай мәліметпен британдық басылымға бункер мен паналаушы орын сияқты қорғаныс құрылымдарын салуға маманданған rising S компаниясының басшысы Гари Линч бөліскен, деп хабарлайды Zakon.kz. Сұраныстың артынуа, негізінен, геосаяси тұрақсыздық себеп екені айтылады, деп хабарлайды РИА Новости. Линч наурыз айында өз компаниясының бункер сатып алғысы келетіндерден үш мыңнан астам сұраныс келіп түскенін айтты. Ақпан айында ғана компания жүз өтінімді тіркеген. Бункерлердің құны 70-тен 240 мың долларға дейін (32 млн-113 млн теңгеге дейін) барады. Бизнестің осы саладағы басқа да кәсіпкерлері сұраныстың артқанын растайды. Сонымен қатар, интернетті пайдалана отырып, өздігінен бас сауғалайтын орын салып алуды жөн көргендер де пайда болған. Америкалықтардың мамандандырылған ресурстарында «ядролық», «радиацияға…
Оқ-дәрі бөлшектері арнайы жабдықталған жер асты пештерінде өртеледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасы аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған құрылғылар жабдықталған. Барлық жұмыстар қауіпсіздік нормалары мен талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар мен маңайдағы шаруа қожалықтарына төнетін қауіп жоқ. Оқ-дәрі қоймасындағы оқиғалардың салдарын жою жұмыстары туралы ақпараттандыру жүргізіліп, жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланды.ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігін арнайы жабдықталған алаңға шығарып, жою жоспарланған. Ол орындар жергілікті биліктің шешімімен елді мекендерден де, шаруа қожалықтарынан да жырақ орналасқан. Ең жақын деген шаруа қожалығы бір жарым шақырым…
ТЖМ басшысының мәлімдеуінше, бүгінде Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр, деп хабарлайды Zakon.kz. ТЖМ басшысының хабарлауынша, бүгінде Қазақстанда 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Су басуға үш нәрсе себеп болды. Бұл – қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген сулар. Қазіргі таңда су басу қаупі еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде сақталып отыр.ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі Елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 2017 жылы 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы әзірленіп, бекітілді. Жол картасы аясында 2021 жылы жүзеге асыру жоспарланған 68 іс-шараның 33-і орындалды және 4-і мерзімінен бұрын орындалды. Жалпы еліміз бойынша су тасқыны қаупі бар 1010…