Автор: admin

Қазақстанның Қаржы министрлігі мобильді аударымдар саны мен сомасы шектен асқан жағдайда автоматты түрде айыппұл немесе санкциялар қолданылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, егер бір адам 100-ден көп аударым жасап, жалпы сомасы 1 млн теңгеден асып кетсе, салық органдары алдымен түсініктеме сұрап, хабарлама жібереді. «Біз әрдайым айыппұл қолданбайтынымызды айтып келеміз. Алдымен хабарлама жіберіп, түсініктеме беру мүмкіндігін береміз. Мүмкін, осыдан кейін салық төлеуші өздігінен жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы өтініш береді», – деді Біржанов. Хабарламаға жауап болмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексере бастауға құқылы. Тексеру қорытындысында расталған бұзушылықтар анықталса, салық міндеттемелері есептеледі. «Тек салықтық тексеру барысында барлық құжат…

Read More

Прокурор Абай облысындағы Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында балаларды қағып кеткен жүргізушіні 9,5 жылға соттауды сұрады, деп хабарлайды Tarazy.kz Кезекті сот отырысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға 9 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұған дейін прокурор сотта жаңартылған айыптау актісін ұсынған. Онда айыпталушының кінәсін толық мойындауы жеңілдететін мән-жай ретінде көрсетілген. Ал қылмыстың кәмелетке толмағандарға қатысты жасалуы жауапкершілікті ауырлататын жағдай ретінде бағаланған. Еске сала кетсек, 19 тамызда Абай облысының Үржар ауданында 55 жастағы жүргізуші үйдің қақпасы маңында ойнап жүрген алты баланы көлікпен қағып кеткен еді. Сол сәтте үшеуі — екі, бес және сегіз жастағы балалар оқиға орнында қаза тапты.…

Read More

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы қызметкерлері Шымкентте Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің басшысы Батырбек Мырзагелдиевті 20 млн теңге пара алған жерінен ұстады, деп хабарлайды Tarazy.kz EGov.press телеграм арнасының мәліметінше, бұл ақша алаяқтық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға делдалдық жасаудың “сыйақысы” ретінде берілген болуы мүмкін. “Алдын ала мәлімет бойынша, істегі залал мөлшері шамамен 200 млн теңгені құрайды. Қол түскен сома осы қаржының шамамен 10 пайызына тең екені айтылып отыр”, — дейді дереккөз. Қысқа уақыт ішінде бұл аудандық полиция бөлімі басшыларына қатысты тіркелген екінші ұстау дерегі. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, өзге мәліметтер процессуалдық мақсатта жария етілмейді.

Read More

Оның ең бастысы – жазда ғана облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Данияр Уахитовтың істі болуы. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қызметіне кіріскеннен соң 4 айдан кейін Данияр Уахитовты аудан әкімінің орынбасары лауазымынан бірден басқарма басшысы деңгейіне көтерген болатын. Екеуі бұрын Ұлан ауданында бірге қызмет атқарған. Нұрымбет Сақтағанов – аудан әкімі, Данияр Уахитов – осы ауданға қарасты Таврия ауылдық округінің әкімі болды. Тағайындау барысында өңір басшысы «Данияр Асқарұлы 17 жылдық еңбек өтілі бар, 9 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеген мол тәжірибесі бар. Оған жолаушылар көлігінің үздіксіз қозғалысын, жолдардың мерзімінде және сапалы жөнделуін, өңірде жаңа жол магистральдарын салуды…

Read More

КХДР басшысы Ким Чен Ын Әскери-теңіз күштеріне қарасты нысанға барып, ядролық қозғалтқышы бар, салмағы шамамен 8700 тоннаны құрайтын стратегиялық сүңгуір қайықтың құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы  ЦТАК агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Агенттік мәліметінше, Ким Чен Ын сүңгуір қайықтың құрылысын жеке өзі қарап, қазіргі кезең бойынша баяндама тыңдаған. Онымен бірге кеме жасау саласының басшылары мен қорғаныс ғылымының өкілдері болған. Аталған сүңгуір қайық басқарылатын зымырандарды ұшыруға арналған стратегиялық атомдық кеме ретінде сипатталады. Жоба Кореяның Еңбек партиясының VIII съезінде бекітілген елдің қорғаныс әлеуетін дамытуға бағытталған бес негізгі міндеттің қатарына кіреді. Ким Чен Ынның айтуынша, мұндай сүңгуір қайықты салу – КХДР-дың дербес қорғаныс саясатын іске…

Read More

25 желтоқсан күні Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің кіреберіс есігінен жігітті тоқ соғып, ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Оқиға Протозанов көшесіндегі №31 үйде болған. Тұрғындардың айтуынша, аталған үйдің домофонынан шамамен бір ай бойы адамдарды тоқ соғып келген. Алайда мәселе дер кезінде шешілмеген. Куәгерлердің сөзінше, соққан тоқтың күші соншалық, ер адамды бірнеше метрге дейін лақтырып жіберген. Тұрғындар бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген кезде жігіттің жүрегі тоқтап қалғаны анықталып, реанимациялық шаралар жүргізілген. Кейін ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Тұрғындар жағдайға алаңдаушылық білдіріп, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етуде. Олардың айтуынша, үйде қарт…

Read More

Алматы мен өзге де сейсмикалық белсенді өңірлерде құрылыс жүргізу тәртібі өзгереді. Бұл туралы 2025 жылғы 25 желтоқсанда Сенат кулуарында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, өзгерістер жер сілкінісі қаупін ескеретін микроаймақтандыру карталарына байланысты. Аталған карталарды Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты ұйым әзірлеп жатыр. Қазіргі таңда мұндай карта Алматы қаласы бойынша бар. «Бас жоспарларды іске асыру кезінде осы микроаймақтандыру карталары міндетті түрде ескеріледі. Картада жер жарылымдары мен сейсмикалық қауіпті аймақтар белгіленген. Мұндай жерлерде тіпті бес қабатты тұрғын үй салуға болмайды. Сондықтан ғылыми негізде ол аумақтарды рекреациялық аймақтар ретінде – саябақтар, скверлер және демалыс орындарына айналдыру туралы шешім…

Read More

“Руың кім?” фильмінен кейін Tiger films кинокомпаниясы жұмысын тоқтатты. Бұл туралы кинокомпания продюсері Алмат Шадмат мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz “Құрметті әріптестер, серіктестер және көрермен, біз Tiger films компаниясының кино өндірісі саласындағы қызметіне қатысты маңызды шешімімізді ресми түрде мәлімдейміз. Осы сәттен бастап Tiger films кино түсіру жұмыстарын толығымен тоқтатады. Бұл шешім бір күнде қабылданған жоқ, жағдайды жан-жақты сараптаудың нәтижесі. Қазіргі киноиндустрия тұрақсыз, болжап болмайтын, үлкен қаржылық және репутациялық қауіптері бар сала екенін тәжірибе жүзінде көрдік. Қалыптасқан жағдайда кино өндірісті жалғастыруды экономикалық және стратегиялық тұрғыдан тиімсіз деп санаймыз”, — дейді ол. Айтуынша, енді компания қызметінің бағытын өзгертеді. Бұдан былай Tiger Films кәсіби кинотехника…

Read More

Қаржылық мониторинг агенттігі «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ның құқықтық мирасқоры саналатын Qarmet компаниясының мүлкін жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде «АлбаСтройДор» ЖШС директоры Сергей Ким танылып, оған кәсіпорын өнімін 1,8 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз шығарды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz АФМ-нің БАҚ сұрауларына берген жауабына сәйкес, тергеу металлургиялық зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды ұрлау фактісі бойынша жүргізілуде. Қылмыстық схема қалай жүзеге асқан? 2015 жылы «АрселорМитталТеміртау» АҚ мен «АлбаСтройДор» ЖШС арасында домна шлагын қайта өңдеу туралы келісімшарт жасалған. Алайда құжатта қайта өңдеу қалдықтарына иелік ету немесе оларды өткізу құқығы қарастырылмаған. Соған қарамастан, тергеу дерегінше, Сергей Ким өндірістік нысандарға…

Read More

Түркістан облысында жантүршігерлік қылмысқа қатысты сот үкімі шықты. Мектеп оқушысы алты жастағы қызға азғындық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz «31 каналға» сілтеме жасап. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде жеткіншектің зорланғаны толықтай дәлелденген. Қыздың қорлық көргенін білген жақындары бірден полицияға арызданып, ақыры алыстан келмеген жау құрықталған. Сотта азғын өз кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Өкініш те білдірмеді. Судья психологиялық соққы алған жәбірленушінің туыстарына 8 миллион теңге моральдық шығын өндіруді де міндеттеді. «Сотталушы және оның заңды өкілі жәбірленуші тараптан ешқандай кешірім сұраған жоқ. Аталған сотталушының кәмелетке толмаған азаматтың кінәсі іс-құжаттарына тіркелген материалдармен, куәгерлердің көрсетулерімен, сарапшылардың қорытындыларымен және өзінің ішінара мойындауымен толықтай…

Read More