Автор: admin

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Президент қол қойған жаңа заңда қандай өзгерістер барын түсіндірді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат Dalanews.kz-ке сілтеме жасап. Жаңа заң дарынды жастарды қолдап, мемлекеттік тілді дамытуға мүмкіндік жасап, жасанды интеллектпен үйлестіріп, білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған. Енді ең беделді халықаралық ғылыми жарыстарда жеңімпаз атанған оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік грантпен университетке түсе алады. Бұл олардың елде білім алып, Қазақстанның дамуына үлес қосуына жол ашады. Бұрын мұндай мүмкіндік тек олимпиада жеңімпаздарына ғана берілетін. «Болашақ» бағдарламасы кеңейтіліп, енді бакалавриат деңгейінде де беріледі. Бұрын «Болашақ» стипендиясы тек магистратура мен докторантураға арналған болса, енді халықаралық олимпиада жеңімпаздары бакалавриат деңгейінде де оқу мүмкіндігіне ие…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл бастама – еңбек адамдарының мәртебесін арттыруға, олардың қоғамдағы орнын айқындауға және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосуға бағытталған. Осыған орай біз еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, өз ісімен үлгі болып жүрген азаматтарды таныстыруды жалғастырамыз. Теміржолшылардың қажырлы еңбегі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Хантау ауылы. Мұнда теміржолшылардың еңбегі ерекше маңызға ие. Солардың бірі – темір жол саласында 20 жылдан аса уақыт тер төгіп жүрген Бөлдешов Жаңабек Амангелдіұлы. Жаңабек Амангелдіұлы теміржол саласына арнайы курстарды тәмамдап, Хантау ауылындағы станцияға электромеханик болып жұмысқа орналасқан. Қазіргі таңда ол ШЧ-35 мекемесінде электромеханик қызметін…

Read More

Соңғы айда қоғамда ең көп талқы болған тақырыптың бірі — ақша аудару. “Шекті мөлшерден асса — күдікке іліну, аударым саны асып кетсе — салық органдары теесереді” деген ақпар желдей ескен.  Үш ай бойы әртүрлі адамнан ай сайын 100-ден астам төлем түссе, ол шоттың иесі «күдікке ілігеді» деп еді. Демек, ол адам кәсіппен айналысады, салық төлеуге міндетті деп саналуы керек болатын. Сосын 255 мың теңге шекті сома белгіленеді деп те айтылған еді.  Енді Қаржы министрлігі ол шекті соманы 1 млн теңгеден асатын мөлшерде бекітуді көздеп отыр.  «Бұл — 12 ең төменгі жалақы, яғни 1,02 млн теңге (айына 333 мың теңгеден астам).…

Read More

Алматы қаласында ALT University-де Жол активтері сапасының ұлттық орталығының ұйымдастыруымен “Автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде жұмыстардың сапасын бақылау және қабылдау” тақырыбында оқыту семинары өтуде, деп хабарлайды Tarazy ақпарат.  Семинарға зертхана меңгерушілері мен кәсіпорын филиалдарының бөлім басшылары қатысып, жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарындағы сапаны бақылау бойынша өз білімдерін жетілдіруде. Іс-шара аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, жол құрылысындағы заманауи технологиялар мен бақылау әдістерін талқылауда. Мекеменің Алматы қалалық филиалының бөлім басшысы Айдар Бейіспеков мұндай жиынның жұмыс өнімділігіне пайдасы зор дейді. “Екі күнге жалғасатын семинар барысында жол құрылысында қолданылатын материалдар мен олардың сапасын бағалау әдістері, сондай-ақ халықаралық тәжірибелер негізінде тиімді басқару жүйелері қарастырылуда. Әр…

Read More

Тарихты тарихқа жалғаған атаулы қойылым, ел жүрегі мен санасын бір дүр сілкіндірді.Сахнада сынған домбыра, қыз мұңы, зар илегенжазықсыз жандар, Сал серінің айта алмай кеткен назы мен ішкі арпалысы осының барлығы «Теміртас» реквиемінде сахналанды. Спектакльді белгілі театр режиссері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Фархад Молдағали қойды. Бұл жерде Біржанныңөмірі емес, өнерінен сыр шерткен аспап, қимыл, жан сөйледі. Күллі қазақ халқының сол дәуірдегі тұрмыс тіршілігі айтылды. Қазақтың ұлттық әрі классикалық өнерінің жарық жұлдызының асыл мұрасы: «Теміртас» әні – жыршының жан жүрегінен шыққан ең әсерлі туындыларының бірі десек болады. ХІХ ғасырда өмір сүріп, Арқаның әншілік мектебінқалыптастырып, қазақ музыкасын жаңа шыңға көтерген сазгердің шығармашылығы…

Read More

Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды. Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған қоғам қайраткері Алихан Байменов ұйымның Құрметті президенті болып бекітілді. Сонымен бірге Алихан Байменов Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті қызметін жалғастырады. Астанада өткен республикалық федерацияның жиынында Алихан Байменов осы күнге дейін ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы вице-президенті қызметін атқарған Әкім Тұрсұнды федерация басшысы қызметіне ұсынды. Отырысқа қатысқан өңірлік федерация жетекшілері, тоғызқұмалақ қайраткерлері және федерация басшылық құрамы ұсынысты қолдап, Тұрсұнды ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы президенті лауазымына сайлады. Айта кету керек,  Алихан Байменов республикалық федерацияны 2004-2025 жылдар аралығында басқарды. Сондай-ақ, бұл басқосуда республикалық федерацияның вице-президенттері лауазымына Батырбек Құлекеев, Шолпан…

Read More

Respublica партиясының Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Алматы облысында жұмыс сапарын жалғастырып, бірқатар маңызды нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Жергілікті еңбек ұжымдарымен кездесу барысында депутат денсаулық сақтау және құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, дәрігерлік амбулаториялар, аудандық емханалар және жұқпалы аурулар ауруханаларын қайта жаңарту жобалары қаралды. Кездесулерде көтерілген негізгі мәселелердің бірі — медициналық мекемелердің жеткіліксіз қаржыландырылуы мен көппрофильді аудандық ауруханаларда арнайы қаржыландыру жүйесінің тиімсіз қолданылуы болды. Депутат бұл мәселелерді шешу үшін құрылысқа қажетті қаражат көлемін арттыру мен медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстарын айтты. Медициналық мекемелерді қаржыландыру жүйесінде әр бөлімше жеке-жеке қаржыландырылады. Мұндай жүйе арнайы талаптары бар медициналық бөлімшелерді…

Read More

Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Алматы қаласындағы “Қарасай” шекара басқармасына барды.  Мәжілісмен Respublica партиясы Алматы филиалының төрағасы Сұңғат Райымбек, қалалық мәслихаттың депутаттары Әкім Тұрсын және Салтанат Серіковамен бірге арнайы мақсаттағы мобильді іс-қимыл бөлімінің жұмысымен танысып, оқу орталығы мен оқу-өндірістік зертханада болды, басшылықпен әскери қызметшілерді даярлау, «Қарасай» ШБ инженерлік-желілік инфрақұрылымының қызметі мәселелерін талқылады. Кездесу барысында шекара учаскесінің қазандықты реконструкциялау, сумен жабдықтау және кәріз мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің азаматтық өмірге оралғаннан кейін пайдалана алатын мамандықтарды алу мүмкіндігі туралы мәселе көтерілді. «Мемлекет шекарада қауіпсіздікті қамтамасыз етуі үшін жасанды интеллектті қолдана отырып, техниканың соңғы жетістіктерін – сапалы…

Read More

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған юниорлық рейтингін жариялады. Онда қазақстандық 17 жастағы Әмір Омарханов жеке рейтингте 10 сатыға көтеріліп, қазір 4-орынды иеленіп отыр, деп хабарлайды Tarazy ақпарат қазақстандық теннис федерациясына (КФТ) сілтеме жасап.  Өткен маусымда Омарханов Пекинде өткен J300 жеке турнирін және жұптық сайыста үш ірі жарысты, соның ішінде бейресми әлем чемпионаты саналатын Orange Bowl турнирін жеңіп алды. Әлемдік юниорлық рейтингте Заңғар Нұрланұлы да жоғарылады. 16 жастағы қазақстандық 36 позицияға көтеріліп, қазір 38-орында. Нұрланұлы 2024 жылы Измирде өткен J100, Шымкенттегі J200 және Латвиядағы J100 турнирлерінде үш ірі жеке титулға қол жеткізді. Дамир Жалғасбай ТОП-100 қатарына жақындап қалды. Қазір ол 112-орында…

Read More

“Астана–Петропавл” республикалық маңызы бар тасжолында болған ірі жол-көлік оқиғасынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. 3 қаңтар күні жолдың белгілі бір учаскесінде бірнеше ондаған көліктің қатысуымен жаппай апат болды. Кейінірек зардап шеккен көлік саны 95-ке жеткені хабарланды. «Жаппай жол апаты салдарынан Бұланды аудандық ауруханасына әртүрлі жарақаттармен 11 адам жеткізілді, оның төртеуі ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі және «ҚазАвтоЖол» мамандары апат салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр», — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полицейлер 400-ге жуық көліктен құралған колоннаны астана бағытына қауіпсіз түрде алып жүруді ұйымдастырған. Олар жүргізушілерді патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын…

Read More