Автор: admin
Абай облысында әскери қызметкер полигонда болған оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy.kz Dalanews.kz сілтеме жасап. 2026 жылғы 5 наурызда Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, қаза тапты. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Оларға белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетіледі.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді қарастыратын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Құжатқа сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау, әдепсіз әрекеттер жасау және олардың жыныстық қол сұғылмаушылығын бұзудың кез келген түрі үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қырғызстан билігі де балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар үшін өмір бойына түрме жазасын енгізуді ұсынған. Бұған дейін президент Садыр Жапаровтың әкімшілігі педофилия және зорлаумен қатар жасалған кісі өлтіру қылмыстары үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды енгізу туралы заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарған. Қазақстанда заң бірнеше рет қатаңдатылды. Қазір кішкентай балаларға қарсы ауыр сексуалдық қылмыстар…
Қазақстандағы шағын және микробизнес субъектілерінің салық бойынша берешегі 273 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенде» өткен семинарда Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаменті қарыздармен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, жалпы алғанда қазақстандық кәсіпорындардың салық бойынша берешегі 1 трлн теңгеден асып кеткен. Соның ішінде шағын және микробизнес субъектілерінің қарызы 273 млрд теңгеге жеткен. Қайсар Арынның сөзінше, бұл соманың 176 млрд теңгесі – негізгі салық қарызы, 90 млрд теңгесі – өсімпұл, ал шамамен 7 млрд теңгесі – айыппұл. Сонымен қатар ол егер кәсіпкерлер ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін негізгі салық сомасын төлесе, онда…
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді тестілеуге тіркеліп, бірақ емтиханға келе алмаған талапкерлер ҰБТ-ны кейінгі күндердің бірінде тапсыра алады. Мұндай мүмкіндік бос орын болса және дәлелді себеп болған жағдайда беріледі. Тиісті бұйрыққа ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қол қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Мұндай себептер қатарына ауру немесе ауруханаға жатқызылу, жақын туысы қайтыс болуы, республикалық не халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға қатысу, сондай-ақ, төтенше жағдайлар жатады. Мұндай жағдайда Ұлттық тестілеу орталығының директорына өтініш жазып, растайтын құжат тапсыру қажет. Құжатта тестілеуге тіркелу мерзімдері де көрсетілген. Өтінішті онлайн түрде 20-30 желтоқсан, 15-25 ақпан, 10-25 сәуір және 25 шілде-5 тамыз…
Иранға тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) Нахичевань маңындағы әуежай аумағына құлаған. Бұл туралы Әзербайжанның Trend және APA агенттіктері мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz APA агенттігінің мәліметінше, Иран дроны Нахичевань маңындағы әуежай аумағына құлаған. Сонымен қатар тағы бірнеше ұшқышсыз аппараттың басқа жерлерге де құлағаны туралы ақпарат тараған. Әзербайжанның ресми ведомстволары әзірге тұрғындар мен әуежай қызметкерлері арасында зардап шеккендер бар-жоғы туралы мәлімет жариялаған жоқ. Сондай-ақ дронның нақты түрі мен оның қандай мақсатпен ұшырылғаны анықталып жатыр. Бұл оқиға аймақтағы геосаяси жағдайдың күрт шиеленіскен кезеңінде болды. Соңғы уақытта Таяу Шығыстағы ахуал ушығып тұрғаны белгілі. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Иран тарапынан аймақтағы бірнеше елдің бағытына жаппай дрон…
Болат Назарбаевтың бұрынғы жұбайы Майра Құрманғалиева алаяқтық фактісі бойынша құқық қорғау органдарына арыз түсірді, деп хабарлайды Dalanews.kz. «Чиновник» телеграм арнасының мәліметінше, арызда марқұм Болат Назарбаевтың өзі және оның айналасындағы бірқатар адам көрсетілген. «Майра Құрманғалиеваның айтуынша, 2011 жылы ол Қазақстан аумағында болмаған кезде, Болат Назарбаевтың айналасындағы адамдар оның сенімін пайдаланып, Алматы қаласындағы бірнеше жылжымайтын мүлік нысанын иемденіп алған», — дейді дереккөз. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті органдарға өтініш жолданғаны белгілі болды. Істің мән-жайы нақтыланып жатыр.
Сенатта журналистер ішкі істер министрінің орынбасарынан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов нақты қай колонияда жазасын өтеп жатқанын сұрады. Алайда нақты жауап берілмеді, деп хабарлайды Tarazy.kz «Оның қайда екенінен тек туыстары мен адвокаттары хабардар. Қазір ол бас бостандығынан айырылғандар мекемесінде», — деді Санжар Әділов қысқаша. Сондай-ақ, журналистер неге бұл ақпарат жасырын сақталатынын сұраған. Өйткені өзге сотталғандарға қатысты мұндай мәлімет кейде ашық айтылады. Бірақ Санжар Әділов бұл сұраққа нақты жауап бермеген.
2026 жылы Президент Іс басқармасының тапсырысы бойынша марапаттар мен медальдар дайындауға 1,4 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Келісімшартты орындаушы — Қазақстан Ұлттық банкінің Монета сарайы, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл сомаға ең жоғары мемлекеттік наградалардың бірі — «Халық қаһарманы» атағынан бастап, көпбалалы аналарға берілетін «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілеріне дейін кіреді. Айта кетейік, 2025 жылы бұл мақсатқа шамамен 1 миллиард теңге бағытталған болатын. Дереккөздер мәліметінше, кейінгі үш жылда Президент Іс басқармасының марапаттарға жұмсайтын шығыны айтарлықтай артқаны байқалады.
Қазақстанда бір адамның атында 1015 пәтер тіркелген, деп хабарлайды Tarazy.kz 27 ақпандағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметі бойынша елдегі пәтер иелігі былай бөлінеді: 172 236 адамның екіден көп пәтері бар; 11 072 адамның бестен көп; 1 267 адамның оннан көп; 281 адамның жиырмадан көп; 74 меншік иесінің елуден аса пәтері бар. Ең таңғаларлығы, бір жеке тұлғаның атына 1015 пәтер тіркелген. Жалпы Қазақстан бойынша 3 470 289 пәтер есепке алынған. Ал халық саны — шамамен 20,5 миллион адам. Елдегі баспана қоры барлық отбасын толық қамтуға жеткілікті деп айту қиын. Себебі тұрғын үйлердің едәуір бөлігі бірнеше пәтері бар адамдардың қолында шоғырланған.…
Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі болып қаза тапқан аятолла Әли Хаменейдің 56 жастағы ұлы Моджтаба Хаменеи тағайындалды, деп хабарлайды Tarazy.kz DW агенттігіне сілтеме жасап. Мұндай шешімді шиит дінбасыларының жоғары өкілдерінен құралған 88 мүшелі Сарапшылар кеңесі қабылдаған. Әзірге Иран билігі мен мемлекеттік БАҚ бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Алайда дереккөздер бұл шешім Ислам революциясы сақшылары корпусының қысымымен қабылдануы мүмкін екенін айтады. Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін елді уақытша үш адамнан тұратын алқалы кеңес басқарып отыр. Оның құрамына президент Масуд Пезешкиан, сот билігінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи және Конституцияны қорғау кеңесінің мүшесі аятолла Әлиреза Арафи кірген. Аятолла Әли Хаменеи Иранды 1989 жылдан бері…