Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

    13.01.2026

    Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

    13.01.2026

    «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    13.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 13 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

      13.01.2026

      Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

      13.01.2026

      «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

      13.01.2026

      Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

      13.01.2026

      Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау жөніндегі ғылыми кездесу өтті

      13.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясына жаңа басшы сайланды

    Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясына жаңа басшы сайланды

    Жаңалықтар 20.01.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті болып Әкім Тұрсұн сайланды. Ал бұған дейін республикалық федерацияны басқарған қоғам қайраткері Алихан Байменов ұйымның Құрметті президенті болып бекітілді. Сонымен бірге Алихан Байменов Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті қызметін жалғастырады.

    Астанада өткен республикалық федерацияның жиынында Алихан Байменов осы күнге дейін ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы вице-президенті қызметін атқарған Әкім Тұрсұнды федерация басшысы қызметіне ұсынды. Отырысқа қатысқан өңірлік федерация жетекшілері, тоғызқұмалақ қайраткерлері және федерация басшылық құрамы ұсынысты қолдап, Тұрсұнды ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы президенті лауазымына сайлады.

    Айта кету керек,  Алихан Байменов республикалық федерацияны 2004-2025 жылдар аралығында басқарды. Сондай-ақ, бұл басқосуда республикалық федерацияның вице-президенттері лауазымына Батырбек Құлекеев, Шолпан Қадырова, Мақсат Шотаев, Дәулет Әбдікәрімов сайланды. Мақсат Шотаев вице-президенттікпен бірге Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясында бас хатшы қызметін атқарады. Федерацияның құрметті президенті, президент, вице-президент және бас хатшы қызметтері — қоғамдық негіздегі жұмыс. Ал ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы PR директоры лауазымына журналист Ришат Асқарбекұлы тағайындалды.

    Отырыс барысында Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов жиналғандарға 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен шаралардың есебі бойынша ақпарат берді. Өткен жыл ұлттық зияткерлік ойынның ерекше даму жылы болғанын және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны елдегі тарихи оқиғалардың бірі екенін атап өтті. Бұл жылы дәстүрлі жүздеген шарамен қатар  тың және  ірі жаңалықтар мол болды (қосымшада берілген-авт.)

    Бұл шаралар Дүниежүзілік және ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы мен өңірлердегі тоғызқұмалақ федерацияларының, ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Спортты қолдау қорының және жергілікті әкімдіктердің, спорт басқармаларының тығыз әріптестігімен тоғызқұмалақ жанашырлары, демеуші кәсіпкерлердің қолдауы арқасында жүзеге асырылды.

    Алихан Байменов Әкім Тұрсын Тоғызқұмалақ тоғызқұмалақ спорты тоғызқұмалақ федерациясы

    Оқылып жатыр

    Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

    13.01.2026

    Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

    13.01.2026

    «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    13.01.2026

    Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

    13.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

    13.01.2026

    Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы тағы өседі

    13.01.2026

    «Қымбаттап кеткен». Журналист Шымбұлақта қазақстандықтар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынды

    13.01.2026

    Шымкентте жас қыздың өліміне күдікті азамат ұсталды

    13.01.2026

    Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау жөніндегі ғылыми кездесу өтті

    13.01.2026

    Алматы тұрғыны бір бөлмелі пәтеріне 109 адамды тіркеген

    13.01.2026

    «Пайдалы тағам қымбат». Қазақстандағы фастфуд нарығы өсіп келеді

    13.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.