Автор: admin
Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейі мен №1 орта мектебінің тарих және география бірлестігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өскелең ұрпақпен елі үшін, жері үшін жанын берген батыр бабаларымыздың бірі Барақ Сатыбалдыұлына арналған «Бабалар аманаты» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада мектеп оқушылары Барақ Сатыбалдыұлының өмірбаяны мен жасаған ерліктері туралы баяндады,сонымен қатар батырдың ұрпақтарынан аманат болып жеткен шапаны таныстырылды. 2014 жылы Абылай ханның шапаны Ұлттық музейге қойылды дегенде, араға үш жыл салып қазақтың төбе биі Төле бидің шапаны табылды дегенде қуанбаған қазақ болмаған шығар.Енді бүгін қазақ елінің тарихында белгілі батырлардың бірі Барақ Сатыбалдыұлының шапаны табылғанын жар сала отырып, дүйім жұртқа көрсеткелі отырмыз. Алдымен Барақ Сатыбалдыұлының…
Тараз қаласында 37 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде 21 тұрғын үйден 1 091 пәтер пайдалануға берілген. Өңірлік коммуникация қызметінде өткеп брифингте Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев осылай мәлімдеді. Бұдан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 34 жаңа тұрғын үйдің құрылысына 8,9 млрд теңге бөлінсе, қыркүйек айында 26 тұрғын үйдің құрылысына 7 млрд теңге түскен. Сондай-ақ, осы жылы онкологиялық орталық бой көтерген. Бұл да қаладағы сан жылдардан бері келе жатқан өзекті проблеманың бірі болатын. Заманауи құрал-жадықтармен жабдықталған диспансерде дұрыс ем қабылдауға бар жағдай жасалған. «Биыл Таразда сақалды құрылыстар мен қызыл сызық бойында тұрған нысандар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілді. Бүгінде құрылысы…
«Қоғамдық көлік тасымалдаушы мекемелермен автобус парктерін жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда, «City-bus» ЖШС 10 бірлік «Golden Dragon» маркалы үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алды. Қараша айында «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан 10 бірлік, «City-Bus» ЖШС тарапынан 50 бірлік автобус жаңартылады. Қыркүйек айынан бастап қалалық автобус бағыттарының жұмыс уақыты ұзартылып, бағыттарға қосымша автобустар қосу арқылы олардың жүру аралықтары қысқартылды. Бүгінде қаладағы базарларды ретке келтіру жұмыстары да назарда. «Мыңбұлақ» шағын ауданында «Зарина», «Гауһар» сауда орталықтарының маңында орналасқан бутиктерді алдық. Бұрынғы бутиктердің орнын абаттандырып жатырмыз. Ал, саудагерлерге «Айрылмас», «Жібек жолы» базарларынан орындар берілді», — деді Ержан Жұматұлы. «Ауыл Береке» базарында өртке қарсы қауіпсіздікті зерделеу үшін жоспардан тыс…
Жамбыл облысындағы көпсалалы балалар ауруханасында дәлізде жатқан балалар видеоға түсірілді. Бас дәрігердің орынбасары Сейдахмет Чинибеков тұрығындар наразылығына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желіде тараған видеоға аурухана дәлізі түсірілген. Дәліздегі орындықтарға төсек жапқыш жабылған, онда балалар мен ересек пациенттер жатқаны көрінеді. Сонымен қатар, дәлізде науқастар жатқан бірнеше төсек тұр. Сейдахмет Чинибековтің айтуынша, науқастар палатада санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуіне байланысты дәлізде күтіп отыр. «Күз-қыс мезгілінде жедел респираторлық аурулар көбейеді. Күніне бөлімшеге 100-130 науқас жүгінеді. Стационарлық емдеуді қажет ететін балалар саны артып барады. Ауруханаға жатқызылған баланың бәрі ПТР-сынамасын тапсырады. Сынама теріс нәтиже көрсетсе, бала мамандандырылған бөлімшеге ауыстырылады.Бірақ палатада әр науқастан кейін санитарлық…
Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейі «Жамбыл ауданының қасиетті орындары» атты экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияға аудандық кітапхана қызыметкерлері мен аудан жастар қатысты. Қасиетті Жамбыл жерінде тарихы тереңнен басталып, аңызы мен ақиқаты ұштасып жататын әулиелі жерлер мен кесенелер, қалашықтар өте көп. Олардың барлығы да көне заманның күмбірінде күй толғап, өңірдің сән-салтанатын келтір тұр. Солардың бірін және бірегейі атақты Айша бибі кесенесі. Айша-бибі кесенесі Бабаджа хатун кесенесімен бірге мемориальды культтік кешенді құрайтын республикалық дәрежедегі мемлекеттік тарихи және мәдениет ескерткіштер санатында. Ұлы Жібек жолының бойында ірі саяси экономикалық орталықтардың бірі ретінде белгілі Бектөбе қалашығы VII-XII ғ.ғ Қалашық Жамбыл ауданы Бектөбе ауылының батыс шетінде орналасқан. Бектөбе қалашығы пішіні…
Биыл 10 қыркүйек пен 20 қазан аралығында орта білім беру ұйымдары арасында республикалық «Ұлы дала өркениеттері» байқауы өтті. Байқауға қатысуға еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан 138 өтінім келіп түскен. Байқау 10 қыркүйекте бастау алып, 20 қазан күні аяқталды. Қатысушы мектептер байқау талаптарындағы іс шараларды өткізгені үшін балл жинады. Ең жоғары балл жинаған білім беру ұйымына 1 млн теңге, екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 300 мың, 4-6 орын алғандарға арнайы номинациялар қаралып, 100 мың теңге, 7-9 орын алғандарға демеуші арқылы 50 мың теңге берілді. Байқаудың мақсаты Қазақстан халқының сабақтастығына мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға…
Ел тәуелсіздігін алған жылдары Түлкібас ауданы Састөбе кентіндегі үйлер қаңырап бос қалып, тұрғындар жұмыссыздықтың салдарынан жан-жаққа көшіп кеткен болатын. Содан бергі 30 жылда Састөбе кенті қайта жанданып, бүгінде аудандағы алдыңғы қатарлы округтердің қатарына қосылды. Көшелер жөндеуден өтіп, көпқабатты тұрғын үйлер қайта қалпына келтіріліп, қаншама азамат баспанамен қамтылды. Кенттегі Састөбе зауытының да жұмысы қайта жанданып, бүгінде қаншама жергілікті тұрғынды еңбекпен қамтып отыр. Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры сыздаған састөбеліктер ауыра қалса, аудан орталығы – Түлкібас ауылына сабылады. Ал аудан орталығы 40 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Осыны ескерген аудан әкімдігі биылғы жылы Састөбенің орталығынан бірден 75 адамды қабылдай алатын емхананың құрылысын жүргізуді қолға…
Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» жобасы шеңберінде Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының мүмкіндігі шектеулі балалары арасында Аудандық «Көкейімде бар әлем» атты қолөнер, қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты балаларды тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы балалардың өнерін насихаттау, қолдау көрсету болып табылады. Көрмеге балалардың ұстаздарымен бірге жасаған әртүрлі туындылары қойылды. Көрмеге қатысқан барлық балаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.
“Орта білім беру ұйымдары арасында өткізілетін «Ұлы дала өркениеттері» атты байқауы аясында 138 білім беру ұйымы өтінім берді. Осы шараның басы қасында жүрген Исламбек Дастанның айтуынша, аға буын мен жасөспірімдердің арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тартуды басты міндетке айналдыруымыз қажет. Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды. Сыйлықақы бағалау талаптарына сай ең жоғары ұпай жинаған үш ұйымға беріледі. І орынға бір миллион теңге, ІІ орынға…
Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға барды.Қазақстанның Тұңғыш Президенті алдымен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді.Жамбыл облысының әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы, сондай-ақ аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар туралы баяндады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңір басшылығының жұмысына оң баға берді. Кездесуден кейін Елбасы «Әлжан ана» тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті сондай-ақ ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Бұл Мәдениет үйінде кітапхана…