Автор: admin
Биыл 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында Жамбыл облысы аумағында “Қауіпсіз жол» айлығы жүргiзiлуде. Осыған орай, Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі алаңында жол қозғалысы тәртібін сақтау үшін жұмылдырылатын полиция қызметтері мен бөліністерінің саптық жиыны өтті. Аталмыш жиында департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ербол Тайбеков жол қауіпсіздігін сақтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру кезіндегi негізгі ережелер туралы жеке құрамға нұсқаулық өткізді. Жалпы, «Қауіпсіз жол» айлығының мақсаты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің назарын жол ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару болып табылады. Полиция қызметкерлері акция басталғалы 17 713 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады. Мас күйінде көлік құралын басқарған 63 жүргізуші…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалінің қатысушыларымен кездесті. Аймақ басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығына тоқталып, оның тарихы терең Тараз төрінде өтуі үлкен мәртебе екендігін атап өтті. — Тәуелсіздік жылдары қаншама қандас бауырларымыз елге, Отанға оралып, мемлекет қамқорлығына алынды. Оның 79,3 мыңы біздің облысқа қоңыстанды. Ағымдағы жылдың өзінде өңірге қоныс аударған 350 отбасының 474 адамына қандас мәртебесі берілді. Бүгінде сырттағы ағайын-бауырлармен мәдени-рухани байланыстарды жандандырудың түрлі жолдары қалыптасуда. Оның бір дәлелі – өздеріңіз қатысқалы отырған «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі. Фестивальге әлемнің 9 елінен 35 өнерпаз бауырымыз қатысуда. Былтыр аталған фестиваль Кереку жерінде ұйымдастырылса, биыл Әулиеата…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте кірістерді қалыптастыру мәселесі қаралды. Жиында 2022-2023 жылдарға арналған жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту, қосымша резервтерді қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жоспарының орындалу барысы талқыланды. Алғашқы болып сөз алған ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Уалихан Әлібеков ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығы бойынша бюджеттің кірістері туралы баяндады. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың алты айының қорытындысына сәйкес рейтингтік көрсеткіштерді (10 индикатор) жүргізу кезінде Жамбыл облысы Республикадағы өңірлер арасында жалпы 77,44 баллмен екінші орынға тұрақтаған. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет жоспарының орындалуы 117,6 пайызды, республикалық бюджет 102,6 пайызды, ал жергілікті бюджет жоспарының…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен Шу қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Шағын қаланың шырайын кіргізіп, болашағын жарқын ету мақсатындағы жасалып жатқан бүгінгі қадамдар мен жүйеленуі тиіс жұмыстар зерделенген жиында аудан әкімі Сәкен Арубаев баяндама жасады. 38 230 тұрғыны бар Шу қаласы 8 алқаптан тұрады. Тұрғындарға «Темір жол су» ЖШС және «Ауыз су» кәсіпорны ауыз су жеткізумен айналысады. Аудан әкімінің мәліметіне сай қала тұрғындарының 70 пайызы таза ауыз суға қол жеткізген. «Ендігі кезекте «Қант зауыты», «Жанкулиев», «Жайсан», «Горгаз» аталатын 4 тұрғын алқабын ауыз сумен қамту қажет. Биылға «Қант зауыты» тұрғын алқабына қаржы бөлініп, мердігер анықталуда, нысан келесі жылға…
Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында бірқатар инвесторлардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды, — деп хабарлайды Тarazy.kz порталы. Нақтырақ айтсақ, «Korcem» ЖШС бас директоры Станислав Щербаков «Жамбыл облысы Қордай ауданында жылдық қуаттылығы 1,2 миллион тонна цемент зауытының құрылысын жүзеге асыру жобасымен таныстырды. Ал, «НұрХим» ЖШС директоры Нұржамал Нұрманалиева аралас кешенді минералды тыңайтқыштар және киім тігін бұйымдары өндірісінде, «Qazaq Soda» ЖШС бас директоры Ибраимов Рамазан кальцийлендірілген сода өндіру зауытының құрылысына қатысты мәселелерге назар аудартты. Аймақ басшысы аталған жобалар жүзеге асқанда ашылатын жұмыс орны, өндірілетін өнім көлемі және оның өткеру нарығы, түсетін инвестициялардың ауықымына айрықша көңіл бөлді. Нұржан…
Жамбыл облысының Гвардейск полигонында минаатқыш есептоптар арасында Халықаралық әскери ойындар шеңберінде өтетін сайысқа қатысушы командалар қазақстандықтар тарапы дайындаған әскери техниканы қабылдады. Сайысқа жарамды техника, толық тексеруден өткен МТЛБ (жеңіл брондалған көп мақсатты тартқыштар) конкурсқа қатысушылар арасында жеребе тастау арқылы бөлінді. Нәтижесінде Армения мен Қазақстан Қарулы күштерінің командалары көк түсті тартқыш техникада өнер көрсетеді. Әзербайжан, Беларусь және Тәжікстан құрамаларына бөлінгені жасыл түсті. Қызыл түсті техника Венесуэла мен Қырғызстан командаларына берілді. Ресей мен Зимбабвенің зеңбірекшілері тапсырмаларды сары техникада орындайды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Әскери медиа (@as_media2022) Бөлінген техниканың жай-күйіне қатысушы елдер өкілдерінің шағымдары жоқ. – Техниканың бәрінің күй жақсы,…
Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындарынан алаяқтық дерегі бойынша арыз түсті. Олар пәтер алу үшін кезекті алдына жылжытып беремін деп айтқан азаматшаға сеніп, қомақты қаражат ұсынған. Азаматша қала тұрғындарынан қажетті соманы алған соң мүлдем байланысқа шықпай, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып отырған. Келтірілген шығын сомасы 14 миллион 95 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін қауіпсіздік шараларын естен…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды. Алғашқы болып сөз алған энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев қысқы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, зерделеулер кезінде орталық және автономды қазандықтар мен әлеуметтік нысандардың дайындығы, техникалық жай-күйлері, негізгі және резервтік отын қорларымен қамту мәселелері бойынша бірқатар кемшіліктер анықталған. Бүгінде оларды реттеу үшін тиісті тапсырмалар беріліп, жұмыстар жүргізілуде. Басқарма басшысы штабтың жұмыс тобымен қыркүйек айынан бастап аталған жұмыстардың орындалуы зерделенетіндігін жеткізді. Облыс әкімі қазандықтарды дайындыққа келтіру жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс екендігін ескертті. Сондай-ақ, тұрғындар көмір тапшылығы және баға…
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен КАЛЕНДЕРОВ НҰРЖАН СӘБИТҰЛЫ Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Нұржан Сәбитұлы 1976 жылы Тараз қаласында туған. Ол 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған. Әр жылдары Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, облыс әкімдігінің қаржы басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған. 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, 2013 жылдың маусым-желтоқсан аралығы Қордай…
Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов Меркі ауданына іссапармен барып, ондағы бірқатар өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Алдымен Аспара ауылында болған аймақ басшысы елді мекендегі 220 орынды №2 мектептің жағдайын көрді. Ертеректе жатақхана болып, кейінірек білім ордасына айналған оқу ошағында қазір екі ауысымда 300-ге жуық бала білім алуда. Бұған қосымша, мектептің бір бөлігінде 50 бүлдіршін тәрбиеленуде. Мектеп директоры Бауыржан Мамырбаевтың айтуынша, іргетасы 1986 жылы қаланған ғимараттың орнына 150 орындық жаңа мектеп бой көтерсе, бұл нысан болашақта балабақша ретінде пайдаланылмақ. Келесі кезекте Нұржан Нұржігітов Ақермен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ауылдықтар көкейлеріндегі өзекті сауалдарын жолдап, жауаптар алды. — Облыс аумағындағы барлық елді мекендерге,…