Автор: admin
Қазақстан президенті Қысым-Жомарт Тоқаев жарлығына сай, Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық биыл жеті адамға берілмек. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлына, мәдениеттанушы – «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін;Ақсұңқар Серікке, ақын – «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін;Есім Ғарифоллаға, жазушы – «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін;Жолдасбеков Мырзатайға, әдебиеттанушы – «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін;Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлына, ақын – «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін;Мұқанова Роза Қажығалымқызына, драматург – «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін;Нұрмағанбетов Тынымбай Нұрмағанбетұлына, жазушы – «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін берілсін.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2021 жылды чемпиондық жекпе-жек өткізуден бастағысы келеді. Бұл туралы боксшының өзі Twitter парақшасында жазды. Ол өз жазбасында промоутері Боб Арум мен менджері Эгис Климасқа қайрылған. «Боб Арум, мен барлық чемпионның тас-талқанын шығаруға дайынмын! +1 чемпион жасайық! Мурата, «Канело», Чарло, Андраде? Оңай жұмыс! Эгис Климас, 2021 жылды чемпиондық жекпе-жектен бастайық» – деп жазды Әлімханұлы твиттердегі парақшасында. Әлімханұлы жұдырықтасатын орта салмақтағы танымал чемпиондық белубеулер төрт боксшыға тиесілі. Олар: мексикалық Сауль Альварес (WBA Super және WBC Franchise), америкалық Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO) және қазақстандық Геннадий Головкин (IBF және IBO). 27 жастағы Жәнібек Әлімханұлы 2016 жылдан…
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Аркадий Ни «Нұр-Отан» партиясынан шығарылды. Бұл ақпартты «Нұр-Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы хабарлады. Кеше бірнеше БАҚ Нидің қылмыс жасап ұсталғанын хабарлаған. «Мәслихат депутаты Аркадий Ни заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталған соң партиялық бақылау комиссиясы оны партия билетінен айыру мәселесін қарауды ұсынды. Облыстық саяси кеңес бюросының қаулысымен Аркадий Ни партия қатарынан шығарылды» делінген партия филиалының хабарламасында. Нидің нақты қандай қылмыс жасағаны әлі белгісі. Ақтөбе облысының полиция департаменті Tengrinews.kz сайтына Аркадий Нидің қандай қылмысқа қатысты күдікке ілінгенін былай түсіндірген: «Жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасағаны үшін Ақтөбе тұрғынына қатысты (ред. департамент депутаттың аты-жөнін атамаған) сотқа дейінгі тергеу жүріп…
Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының тұрғыны хабарласып, ертемен жоғалған жылқысын іздеуге кеткен 55 жастағы жолдасының үйіне оралмай жатқаны туралы айтып, көмек сұраған. Егде кісінің аязды күні адасып, үсіп қалу қаупін ойлаған полицейлер шұғыл түрде шара қабылдап, іздеу жұмыстарына кіріседі. Аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Алметов 5 жол талғамайтын көлік пен 10 полиция қызметкерінен тұратын жедел-іздестіру топтарын құрып, тез арада нұсқаулық беріп бағыттама бойынша жібереді. Нәтижесінде, жоғалған жылқысын іздеймін деп адасып, астындағы аты әбден қалжырап, өзі қатты тоңып қалған малшыны полицейлер түнгі сағат 23.00 шамасында Шымкент тас жолының бойындағы Түркістан ауылдық учаскесі маңынан табады. Оның жоғалып кеткен малын іздеп ауылдан алыстай…
Тәуелсіздік алғалы бергі 30 жылға жуық уақытта еліміздің қаржы жүйесі қалыптасқанымен, тұрғындардың қаржылық сауаты артып кете қоймады. Бастапқыда көпшілігі нарықтық талаптарды түсіне алмады. Себебі посткеңестік елдерде «жеке меншік» ұғымының өзі санаға жат саналатын. Құлаққа түрпідей тиетін. 80 жылдай «ортақ мүлік», «ортақ қазына» деген солақай идеология халықтың бойындағы кәсіпке бейім қабілетті жойды. Қазіргі тілмен айтқанда, төскейге төрт түлігін өрбітіп, айналасындағыларды да жұмыспен қамтып отырғандарды «малшы», «жалшы» ұстады деп айыптаған соң, бара-бара «Ақша ең маңызды мәселе емес» деген қағида қалыптасты. Әйтпесе, «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» дейтін қазақ жалдамалы еңбекті қызмет көрсетудің бір саласы деп қарағаны анық. Жалпы қаржы жүйесінің…
Оппозиция белсендісі, оппозициялық «Дат» газетінің құрылтайшысы, журналист Ермұрат Бапи Ринат Заитовтың Youtube арнасындағы «Азаматтық пікір» бағдарламасына сұхбат беріп, ЖСДП (Жалпыұлттық социал демократтар партиясы) төңірегінде болып жатқан дау туралы айтты. Оның айтуынша, ЖСДП шетелге қашып кеткен Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтың қолына өткен және қазір бұл саяси ұйым ҰҚК-ның бұйрығын орындайды. Сонымен қатар Ермұрат Бапи Рысқали өткен жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «тоқалын ұстап алып», сол арқылы экс-президентке қоқан-лоққы көрсетіп, өзінің дүние-мүлкін қайтарып алған.
25 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. Бұл ақпаратты Бүкіләлемдік бокс ұйымы (IBO) Twitter парақшасында хабарлады. Ұйымның мәліметінше, Ахметовтың жекпе-жегі 18 желтоқсанда Холливуд (Флорида штаты, АҚШ) қаласында қазақстандық Геннадий Головкин мен польшалық Камиль Шеремета кездесуінің андеркартында өтеді. Оның қарсыласы — 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора. Гонгора кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 13-інде қарсыласын мерзімінен бұрын ұтқан. Ал Әли Ахмедов кәсіпқой бокста 16 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыласынан басым түскен. Қос боксшы арасындағы чемпиондық жекпе-жек екінші орта салмақта (76 килограм) өтеді. Он екі раундқа жоспарланып отыр.
Берік Бегалиев Меркі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Берік Дүйсенбайұлы 1989 жылы 17 наурызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы дүниеге келген. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маманының көмекшісі болып бастаған. 2010-2012 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар орталығының кеңесшісі қызметін атқарып, 2012-2013 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметінде болды. 2013-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар орталығы директорының орынбасары қазметін атқарды. 2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа…
Ел арасында «Сары Алмаз» лақап атымен танылған Несіпбай Нәсеновтың әкесі Болатбек Нәсенов Ринат Зайытовтың Youtube арнасындағы «Азаматтық пікір» бағдарламасында алғаш рет ұлы жайлы көлемді сұхбат берді. Болатбек Нәсеновтың айтуынша, Несіпбай – өзінің бірінші әйелінен туған ұлы. Сөзінше, ұлы туған соң бірнеше айдан кейін әйелімен ажырасқан, Нәсіпбай шешесінің қолында өскен. «Несіпбайды қатты жақсы көрдім. Айырылысып кеткеннен кейін күнде барып тұратынмын. Барсам, ана әйел ( ред. Өзінің әйелін, яғни Несіпбайдың шешесін айтып отыр) «мынау ішіп алған» деп милицияны шақырып келеді. Мен ішпеймін. Милиция мені иіскеп, «ішпегенсіз ғой» деп айтады. Мен ол кезде 23-24 жастағы баламын ғой. Бір күні қалалық милиция басқармасының бастығы шақырды.…
Өзін Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «бас жауымын» деп атайтын қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов парламент сайлауында өз жақтастарын «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырды. Бұл туралы ол 1 желтоқсан күнгі тікелей эфир кезінде мәлімдеді. Ол не себепті «Ақ жол» партиясын қолдауға шақырып жатқанын былай түсіндірді: «Не үшін Ақжол? Себебі, оның аймақтарда бөлімшелері бар, адамдары, ғимараты бар. Біз ЖСДП-ны қолдауға шақырған кезде бөлімше жетекшілері жан-жаққа бытырай қашып, тығылып, тек Алматы мен астанадағы бөлімшелерін ғана таба алдық. Көп адам өтініштерімен жүріп, қайда өткізерін білмеді. «Біз нені көздеп отырмыз? «Нұр Отан» партиясының айтарлықтай көп дауысынан айырылып, көп адам басқа партияға дауыс…