Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Талас ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Талас ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Өңір тынысы 20.09.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Талас ауданының әкімі болып Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы тағайындалды.

    Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

    Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы, 1981 жылы туған. Білімі жоғары. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану», 2007 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «қаржы», 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2003 жылы облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы болып бастаған.

    Әр жылдары «Қазақстан Республикасы дзю-до федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалында жаттықтырушы, облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп- интернатында тәрбиешінің көмекшісі «Сұңқар-2002» ЖШС-нің инженері, «КМГ-Жайық» ЖШС-нің маманы, «Қазтеміртранс» АҚ Президентінің көмекшісі, «ЧД cz» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «Корпорация Сенім» ЖШС-нің шебері, 2011-2014 жылдары №4 велосипед және су спорты түрлерінен облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары, «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы, №7 облыстық күрес түрлерінен олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, «Қазақ күресі клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерін атқарған. 

    2017 жылғы қыркүйектен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.

    Аймақ басшысы ауданның әлеуетін тимді пайдаланып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді арттыру, инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру, жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларды тиісінше дамытудың маңыздылығын атап өтті.

    Сонымен қатар, халықтың табысын арттыру, тұрмысын жақсарту, кері байланысты нығайту, өзекті мәселелерді барынша жедел шешуге ден қою, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін айтып, ол бойынша ауданның жаңа әкіміне нақты тапсырмалар берді.

    Өз кезегінде Нұрбол Жүнісбеков артылған сенімді ақтауға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.