Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 15 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026

      Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды

    Жамбыл облысында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды

    Өңір тынысы 15.09.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында жыл басынан бері 15,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 3,5 мыңы тұрақты жұмыс орындары. Бұл туралы аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

    Басқосуда облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ағымдағы жылдың сегіз айында атқарған жұмыстары қаралды.

    Аталған басқарма басшысы Еркін Келесов баяндама жасап, қалыптасқан көрсеткіштер мен өзекті мәсәлелерге тоқталды.

    — Негізі халықты жұмыспен қамту мәселелері биылдан бастап Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (ары қарай – Ұлттық жоба) аясында іске асырылуда. Биыл Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49 500 адам тарту жоспарланған болатын.

    Жыл басынан жоспар 96,9 пайызға орындалып, 47 983 адам белсенді шараларға тартылды. Алайда, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспары Мойынқұмда бар болғаны 71,8 пайызға, Таласта — 79,8 пайызға, Сарысуда 82,2 пайызға ғана орындалды,-дейді Еркін Келесов.

    Басқарма басшысының айтуынша, жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 40 337 адам болса, есепті кезеңге 31 249 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 77,5 пайызға орындалған.

    «Алғашқы жұмыс орны» жобасы 101,6 пайызға орындалса, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы 51,7 пайызға, «Күміс жас» жобасы 75,1 пайызға орындалған.

    — «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқыту жұмыстары ағымдағы жылдың 25 шілдесінен басталды. Есепті кезеңге облыс бойынша онлайн оқыту курстарына 14 460 адам жолданып, 10 881 адам оқуларын аяқтады. Сонымен қатар, Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлікті дамытуға 2 630 адамға 400 АЕК мөлшерінде 3 345,4 миллион теңге мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды беру қарастырылды. Есепті кезеңге облыс бойынша 396 адамға 485,2 миллион теңге қайтарымсыз гранттар берілді.

    Ал облыстағы 8 367 отбасындағы 43 807 адамға 2,5 миллиард теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Сол секілді, қаңтар-тамыз айларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12 195 бала қамтылған,-деп атап өтті басқарма басшысы.

    Облыс әкімі көрсеткіші төмен аудандардың жауаптарын тыңдады.

    — Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектер нақ қажет ететін адамдарға жетуі тиіс. Бұл тұрғыда бақылау, үйлестіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асқаны маңызды.

    Әр отбасының әлеуметтік ахуалы назарда болуы керек. Отбасылық цифрлық карта бойынша жұмыстарға немқұрайлы қарамаңыздар,-деді Нұржан Нұржігітов.

    Облыс әкімі ардагерлерге сауықтыру-демалыс орындарына жолдама беру, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін тұрақты түрде ұйымдастыру, әлеуметтік осал топқа кіретін отбасыларға газ бағасын 20 пайызға төмендету бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрады.

    Жиын қорытындысымен жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Тапанша тарту еткен Түркия: Ердоғанның сыйлығын әлем басшылары әртүрлі қабылдады

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.