Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    11.11.2025

    Саяси элитадағы ағайындылар

    10.11.2025

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 15 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университетінде агробиостанция ашылды

      11.11.2025

      Саяси элитадағы ағайындылар

      10.11.2025

      Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

      06.11.2025

      «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

      06.11.2025

      Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

      06.11.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бердібек Сапарбаев Тараздағы бірқатар мектептерді аралады

    Бердібек Сапарбаев Тараздағы бірқатар мектептерді аралады

    Өңір тынысы 15.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар білім беру нысандарын аралады. Жұмыс сапары барысында білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмиля Бекбатырова және Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев еріп жүрді, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алдымен «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатына ат басын бұрған өңір басшысы ондағы оқу кабинеттері, жатақханалар, акт және спорт залдарымен танысты. Оқу ордасында үш жүзге жуық оқушы білім алуда. Олардың білім көрсеткіштері үнемі жақсы деңгейде. Түлектердің көпшілігі Қазақстанның жоғары оқу орындарында және шетелде грант бойынша білім алуда.

    — Лицейде оқыту ісі тиісті деңгейге қойылғаны белгілі. Мұндай оқу орындарын біз кеңейтіп, оқушылар контингентін арттырып, балалардың санын 400-ге дейін жеткізуіміз керек. Лицейдің Назарбаев Зияткерлік мектебінің баламасы болуға әлеуеті жетеді. Ол үшін бәсекеге қабілетті болу, материалдық-техникалық базаны жақсарту, оқу процесін жетілдіру қажет, — деді Бердібек Сапарбаев лицей директоры Нұрбақыт Болтаевқа.

    Бұдан соң аймақ басшысы Тараз қаласындағы №2 орта мектептің жай-күйімен танысты. Оқу ордасының негізгі ғимараты 1924 жылы бой көтерген десек, бүгінде оның әбден тозығы жеткен. Бердібек Сапарбаев бұл орайда қала әкіміне жаңа мектеп ғимаратын салу үшін жобалық-сметалық құжаттарды уақыт созбай әзірлеуді тапсырды.

    — Құрылысты тез арада бастап, осы жылы аяқтау керек. Дизайн мен қала құрылысының заманауи талаптарына сай келетін мектеп салу керек. Құрылыс кезінде іргелес аумақтағы барлық ағаштарды сақтап қалу маңызды, — деді облыс әкімі.

    Мектеп директоры Светлана Гурскаямен әңгіме барысында облыс әкімі мектеп түлектерімен жақсы байланыс орнату, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде ата-аналар комитетінің рөлін күшейту қажеттігіне назар аударды.

    Осы орайда білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмила Бекбатыроваға да бірқатар тапсырма жүктелді. Қазір оқушылар қашықтан  білім алып жатқандықтан, облыс мектептерінде жөндеу жұмыстарын алдын ала бастай беру мүмкіндігі ескерілді.

    Сондай-ақ, өңір басшысы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектепте болды. Мектеп директоры Зәуре Дүзенова оқу кабинеттерімен таныстырып, білім ордасының қызметі туралы әңгімеледі. Қазіргі уақытта мұнда жетінші сыныптан бастап оқитын 490 бала білім алуда. Негізінен олардың көбі Тараз қаласының тұрғындары.

    Өңір басшысы мектеп директорына облыс аудандарының да оқушыларын қабылдауға баса мән беру керектігін ескертті. Ал оқу үрдісінде уақыт талабына сай техникалық мамандандыруға  айрықша назар аударудың маңыздылығын жеткізді.

    Бердібек Сапарбаев мектеп Тараз

    Оқылып жатыр

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде агробиостанция ашылды

    11.11.2025

    Саяси элитадағы ағайындылар

    10.11.2025

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025

    Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

    06.11.2025

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.