Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

    09/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

    09/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 10 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

      09/11/2026

      Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

      09/11/2026

      Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

      09/11/2026

      Жазғы дөңгелекпен жүрсеңіз, жазаланасыз!

      09/11/2026

      Түркия президенті Әзербайжанға ресми сапармен барды

      09/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бірлікпен бұл дертті бірге жеңеміз — Ректор

    Бірлікпен бұл дертті бірге жеңеміз — Ректор

    Өңір тынысы 27/04/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін, 27-сәуір күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кезекті мәлімдемесін жасады. Бұл мәлімдеме бүгінгі хәл-ахуалымызға, карантин кезінде атқарылып жатқан жұмыстарға арналды.

    16-наурыздан бастап еліміз төтенше жағдай режиміне көшкені белгілі. Сол уақыттан бері біраз қызмет түрлері қашықтықтан қызмет көрсетуге көшті. Оның ішінде білім беру саласы да бар. Орта және жоғары білім беру орындары қашықтықтан оқытуға көшіп, қарқынды жұмысты жалғастырып келеді. Әрине, төтенше жағдай режимінен зардап шеккендер де бар. Мемлекет осы қиын-қыстау кезеңде ел азаматтарын қолдаусыз қалдырмады. Қазіргі таңға дейін 4 млн 250 мың адамға қаржылай көмек көрсетілген екен.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Біргеміз» қоры құрылып, мұқтаждарға көмек көрсетіліп келеді. Президент өз мәлімдемесінде шағын және орта бизнес өкілдеріне, ірі компанияларға жасалған жеңілдіктер жайын да атап өтті.Жұқпалы ауру — COVID-19 пандемиясымен біздің еліміз, әлемдегі озық елдердің тәжірибесіне сүйеніп күресіп келеді. Оқшаулау шаралары өз нәтижесін беріп отыр. Дегенмен, толықтай еңсердік дей алмаймыз. Сондықтан, елдегі карантин 11-мамырға дейін ұзартылып отыр. Осы жағдайда қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалау аса маңызды.

    Сондай-ақ, мәлімдемеде карантин талаптары біршама жеңілдетілетіні жайлы айтылды. Дегенмен, дизенфекциялық шаралар, адамдардың ара қашықтықты сақтауы өз өзектілігін жоймайды. Ал білім беру саласы қашықтықтан оқытуды жалғастырады. Студенттеріміз бұл оқу жүйесіне бейімделіп қалды, жаңа технологиялардың мүмкіндігін көріп, бұл жүйенің тиімді тұстарын да байқады. Карантин жағдайына сәйкес жақында басталатын аралық және қорытынды емтихандардың форматыда өзгерді. Еліміздегі қиындықпен күресу бәріміздің ортақ міндетіміз. Жауапкершілік, сабырлылық, аса үлкен сақтық танытсақ бұл қиындықтан шығар жолды бірге табамыз. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» демекші бірлікпен біз бұл дертті бірге жеңеміз.

    ЖОО Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз

    Оқылып жатыр

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

    09/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

    09/11/2026

    Жазғы дөңгелекпен жүрсеңіз, жазаланасыз!

    09/11/2026

    Түркия президенті Әзербайжанға ресми сапармен барды

    09/11/2026

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.