Close Menu
    Оқылып жатыр

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026

      Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

      10/11/2026

      Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

      10/11/2026

      Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

      09/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Биыл Жамбыл облысында 24 су қоймасы ағымдағы жөндеуден өтті

    Биыл Жамбыл облысында 24 су қоймасы ағымдағы жөндеуден өтті

    Өңір тынысы 31/08/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында суармалы алқаптарды қайта қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz. Кезінде каналдардың бұзылып, тоғандардың талқандалуынан суармалы алқаптардың азайып кеткені белгілі.

    Аймақтағы суармалы егістік алқаптарын арттыру – өнім көлемі еселеудің негізгі тетігі. Бүгінде бұл бағытта жамбылдықтар алғашқы нәтижелерге қол жеткізе бастады. Мәселен, өңірде өткен жылы құрылған «мехотряд» 99 шақырымды құрайтын 27 канал мен 5 су қойманы тазалап, 6,6 мың гектар суармалы алқапты айналымға қосты.

    Бұл ретте «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты 106 су қоймасы бар. Ондағы 61 қоймаға жиналған су арқылы шаруақожалықтар өздеріне тиесілі 10800 гектар алқапты суаруда. Жалпы алғанда, биыл облыс бойынша 24 су қоймасы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 1 су қоймасы қайта қалпына келтірілмек.

    Ал «Талас-Аса» КММ жыл басынан бері ұзындығы 68 шақырым болатын 12 каналды тазаласа, жыл соңына дейін 25 шақырымдық 5 каналды іске қоспақ. Осылайша, олар биыл облыста барлығы 8 мың гектардан астам суармалы алқапты айналымға енгізуді жоспарлап отыр.

    «Алайда, өткен жылғы түгендеу бойынша, өңірде 552 шақырымды құрайтын 112 каналдың тозығы жеткендігі анықталған. Бұл қарқынмен жұмыс жүретін болса, каналдарды тазалау жұмыстары 5-6 жылға созылмақ. Асқар Исабекұлы бұл мәселеге айрықша назар аударып, барлық каналдарды қалайда 2 жылда тазалап, іске қосу керектігіне көңіл бөліп отыр. Ол үшін барлық қажеттіліктер қарастырылмақ. Өз кезегінде өңір басшысы мекеменің техникалық базасын нығайтып, жұмысты күшейте түсуді тапсырды. Сонымен қатар, өңірдегі барлық тазалауды қажет ететін каналдардың саны мен ұзындығын қайта анықтау керектігін, ол үшін түгендеу мен есептеу шараларын мұқият жүргізуді жүктеді», — дейді облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы Нұрадин Рақай.

    Қазіргі таңда «Талас-Аса» су шаруашылығы ұзындығы 62 шақырым су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, 19 каналды тазалап, жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.

    Ал жыл аяғына дейін Талас ауданындағы Тамды суару жүйелері алқабындағы 16 шақырым каналды да тазалап қалпына келтірмек.

    су қоймасы

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026

    Жылыту маусымының уақыты өзгеруі мүмкін

    10/11/2026

    Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

    09/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

    09/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.