Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Болашаққа бағдар: инклюзивтік білім берудің гуманистік бастаулары

    Болашаққа бағдар: инклюзивтік білім берудің гуманистік бастаулары

    Ел іші 04/05/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақ ұлттық дүниетанымының бастауы болған фольклордың қазіргі дүниетанымымызбен сабақтастығын шынайылықпен танытар кезеңі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен тығыз байланысты деп санаймыз. Елбасымыздың: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», — деген сөздері инклюзивті білім берудің гуманистік бастауларын тануда ұлттық тамырымыздан нәр ала білудің маңыздылығын дәлелдейді.

    Қазақстандық қоғамдағы инклюзивті білім беру мәселесін гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастыра отырып, денсаулығына байланысты мүмкіншіліктері шектеулі тұлғалардың да өмірдің өзі таңдаған саласында оқып, жұмыс жасап, табысты болуына мүмкіндіктер жасалуы тиісті екендігінде. Еліміздің тарихына үңілсек, ата-бабаларымыз жетімді жылатып немесе мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәбір көрсетіп, қоғамдық ортадан шеттеткен емес. Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеті де осы әлеуметтік қамқорсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолжетімді орта қалыптастыру болып табылады..

    Инклюзивті білім беру — жалпы білім берудің даму үдерісіндегі әр түрлі қажеттіліктерге ие балаларға қарай бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуына қол жеткізу. Ол, инклюзивті білім беру ортасы – дамуында ерекшелігі бар балалардың әлеуметтенуге және білім, біліктер мен дағдыларды игеруге деген дербес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылатын құндылықты-бағдарланған орта. Осы орайда, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің стртагеиялық жоспары бойынша инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндетін орындау жұмыстары да кең көлемде жүзеге асырылған. Ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға толыққанды кәсіби білім алуына қолжетімді орта қалыптастырылған, шаруашылық есебінен оқитын студенттерге әр түрлі жеңілдіктер қарастырылған, оқу бітіргеннен кейінгі постдипломдық кезеңде қолдау көрсету жолдары да жүйеленген.

    Болашақ педагогтардың инклюзивті сауаттылығын қалыптастыру мақсатында 3 курста барлық мамандықтарда «Инклюзивті білім беру» пәні жүргізіледі.  Бұл ерекше білімді қажет ететін тұлғалармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің болашақ педагогтардың даярлығын көрсетеді.

    Сонымен қатар,  «Арнайы педагогика» кафедрасы  Тараз қаласындағы №25 мектептегі Инклюзивті білім берудің ресурстық кабинеті (Дара қоғамдық қоры), № 32 орта мектептегі Инклюзивке қолдау көрсету орталығы (Болашақ корпоративті қоры) және «АСАР» мүгедек жастар қоғамдық бірлестігі, «Нұрбала» жобасы бойынша екі жақты меморандум жасалған. Оның мақсаты университетет тарапынан орталықтарға ғылыми-әдістемелік бағытта қолдау көрсету болса, екінші жағынан сол мекемелердің тәжірибесімен танысу арқылы студенттер болашақ кәсіби қызметіне даярлығын қалыптастыру барасында инклюзивті орта туралы теориялық білімдерін тәжірибеде шыңдау болып табылады.

    Мамандықтың волонтер-студенттері үздіксіз қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады. «АСАР» мүгедек жастар қоғамы қоғамдық бірлестігінің ұжымына, балалар мен қарттар үйіне қамқорлық қол ұшын созады, мерекелік іс-шаралары жасап отырады.

    Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Арнайы педагогика» кафедрасының оқытушысы Кәдірбай Әсел

    білім

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Абай университеті: 98 жылдық білім мен ғылым шежіресі

    01/10/2026

    Алматы әкімдігі биыл ашылған Келешек мектебінің оқыту тіліне қатысты жауап берді

    23/09/2026

    Абай университетінде Ақпараттық технологиялар және ЖИ факультеті ашылды

    11/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.