Close Menu
    Оқылып жатыр

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 8 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

      06.11.2025

      «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

      06.11.2025

      Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

      06.11.2025

      Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

      06.11.2025

      Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

      03.11.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ислам даму банкі Қазақстанмен жүйелі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

    Ислам даму банкі Қазақстанмен жүйелі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

    Ел іші 02.06.2019
    Сурет ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) саммитінің 14-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Ислам Даму Банкі (ИДБ) тобының президенті доктор Бандар Хаджармен кездесуі өтті, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі.

    Тараптар еліміздің ұлттық инвестициялық жобаларына Банктің одан әрі қатысуы мәселелерін талқылады. Қазақстан ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдық интеграциясын көздейтін «Исламдық инфрақұрылымдық интеграция» Стратегиялық бағдарламалық құжатын әзірлеу туралы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын іске асыру шеңберінде ИДБ-мен ынтымақтастыққа мүдделі.

    Банктің Қазақстанның экономикалық даму бағдарламаларына қатысуы оның біздің елмен ынтымақтастықты дамытуға деген нық ниетін көрсетеді.

    «Біздің мақсатымыз Қазақстанмен ынтымақтастықты күшейту және сіздің еліңізде исламдық қаржыландыру тетіктерін дамыту. Қазақстанды Люксембургтегі Сукук ислам бағалы қағаздары бойынша халықаралық конференцияға қатысуға шақырамын және мамандарды Банктің арнайы стипендиялық бағдарламалары бойынша оқуға жіберуге шақырамын», — деді Бандар Хаджар.

    Сонымен қатар, сұхбаттасушы 500 миллион АҚШ доллар көлеміндегі бастапқы капиталдандырумен ИДБ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі фондын құру туралы хабардар етті.

    Қазақстан тарапы ИДБ Президентіне Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық іс-шараларға, атап айтқанда 2017 жылғы қыркүйекте ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ашылу салтанатына және 2018 жылғы шілдеде «Astana Finance Days» форумына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.

    Бандар Хаджар АХҚО-ның Орталықты басқару кеңесінің мүшесі бола отырып, банктің АХҚО-мен ынтымақтастығы мәселелерін жеке талқылады. ИДБ мен АХҚО арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум ТМД аймағында исламдық қаржыландыруды дамытуға ықпал етеді және ИДБ-ның осы саладағы құнды тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік береді.

    Қазақстан тарапы ИДБ-ны АХҚО базасында исламдық қаржы қызметтері индустриясын дамытуға белсенді қатысуға және басқа исламдық қаржы институттарын осы қаржы орталығымен, оның ішінде ИДБ құрылымдарын оқшаулау және АХҚО биржасында Сукук ислам бағалы қағаздарын шығару жолымен ынтымақтастыққа тартуға жәрдем көрсетуге шақырды.

    Сондай-ақ, Қазақстанның ИЫҰ елдеріне экспортты дамыту үшін елеулі қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндік беретін исламдық қаржыландыру жөніндегі Халықаралық Ислам корпорациясының Жарғысын ратификациялау рәсімін жеделдетіп аяқтауына назар аударылды.

    Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бүкіл әлем үшін өзекті болып табылады. Қазақстан осы салада белсенді жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты Ислам Даму Банкіне көрсетілген қолдау үшін, оның ішінде штаб-пәтері Нұр-сұлтан қаласында орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы аясында алғысын білдірді.

    Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында АҚИҰ Атқарушы кеңесінің екінші отырысын және Джидда қаласында Бас Ассамблеяның екінші сессиясын ағымдағы жылдың тамыз айында өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

    Анықтама: ИДБ халықаралық қаржы институты болып табылады және өз қызметін 1975 жылдың 20 қазанында ресми түрде бастады. Банктің штаб-пәтері Джидда қаласында орналасқан. ИЫҰ-ға барлық 57 мүше мемлекет ИДБ-ға мүше болып табылады.

    Банк үлестік инвестициялар арқылы ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында перспективалы экономикалық жобаларды іске асырумен айналысады, жеке және мемлекеттік секторларда іске асырылатын кәсіпорындар мен бағдарламаларды несиелейді, сондай-ақ қызметіне банктің мүшесі болып табылмайтын елдердегі мұсылман қауымдарына көмек көрсетуге бағытталған арнайы қорларды құру және басқару функциясы кіреді.

    ИДБ құрылған сәттен бастап ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумағында жалпы сомасы 1331,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын жобалар мақұлданды. 2018 жылы ИДБ Африка, Еуропа, Латын Америкасы және Азия елдеріндегі жобаларды қаржыландырды.

    Біріккен Араб Әмірліктері Ислам Даму Банкі Қазақстан ҚР СІМ

    Оқылып жатыр

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Қазақстандық оқушылар Таиландтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғады

    05.07.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025

    Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

    06.11.2025

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.