Close Menu
    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23.10.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 1 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

      23.10.2025

      «Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты

      18.10.2025

      Астанада Абай университетінің институты ашылды

      17.10.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Шетелдіктер Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімі еске түсуі керек

    Шетелдіктер Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімі еске түсуі керек

    Өңір тынысы 27.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Қытай дегенде Лао-цзы мен Конфуций, Ресей дегенде Достоевский мен Толстой, Франция дегенде Вольтер мен Руссо бірден ойға келеді. Сол сияқты шетелдіктердің бәрі бірдей Қазақстан дегенде бірден Абайдың есімін атайтындай дәрежеге жетуіміз керек» – деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдады, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі орталығына сілтеме жасап.

    Еліміздің болашағы ретінде – біз жастар Президент үндеуін қолдап, жүзеге асуын қамтамасыз етуіміз парыз. Өйткені, саяси билік мәселесінен бастап, ел экономикасы мен салт-дәстүр Абаймен тығыз байланысты. Президенттің алғашқы мақаласы Ұлы кемеңгер Абай Құнанбайұлының шығармасы мен сол Абайдың сүйіп өткен халқына арналды.Егеменді ел болып қалыптасуда Абайдың жолымен жүрген абзал. «Әділетті қоғам», «Толық адам» идеялары ізгілікке жетер мемлекеттің негізін құраушы факторлар. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолында да ұлтымыздың маңдайына біткен кемеңгер бабамыздың өсиеті кәдеге жарары сөзсіз.

    Абай Құнанбаев, қазақ әдебиетіне ғана емес, қазақ мәдениетіне, тарихына да бұрын белгісіз жаңа поэтикалық формаларды енгізді. Қазақ тілін меңгерудің негізгі қағидаларын ұстана отырып, ана тілінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға жаңа жолдар ашты.Ақын шығармалары әлемнің 60 тіліне аударылған. Оның аяқталмаған поэмасы мен 45 қара сөзі кез-келген оқырман ашып оқи алатын шығарма емес. Философиялық тағлымы терең, мәнісі зор туындылар. Абайды дәріптеу қазақ халқының рухани аренада ойып орын алуына тигізер септігі зор екенін Президент атап айтты. Ендігі жаңа бренд – Абай. Халықтың санасындағы шикізатқа тәуелділіктің жойылуы тиіс екенін, жаңа білім үйреніп жаһандану заманында қайта жаңғыруды негізге алды. Абай шығармаларын бірнеше тілге профессионалды тұрғыда аударылуын Президентіміз де талап етті.Бұл мемлекеттің билік тарапынан тапсырған шаралары болса, жастарымыздың ойы қандай екен? Осы орайда не істей алады?Жоғарыда атап айтқандай, ел болашағы – өскелең ұрпақ.

    Әрбір азамат осы ойға жауапкершілікпен қарай алса, ел ертеңі үшін алаңдаудың қажеті болмас. Мәселен, ұлт тарихын толық меңгерген, әдебиетіндегі батырлар мен ұлылардың өсиетін оқыған, мәдениетін сақтай білген, бойында адамзатқа деген сүйіспеншілігі мол жас өреннің болашақ үшін қиянат жасамасы анық. Абай атамыз жазғандай үлкенге де, кішіге де, қазаққа да, басқасына да бір жөн бағыт – «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп!».

    #АБАЙ175

    Абай Құнанбаев

    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

    28.09.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23.10.2025

    «Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты

    18.10.2025

    Астанада Абай университетінің институты ашылды

    17.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    Президент кеңесшісі жасанды интеллект туралы дәріс оқыды

    10.10.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.