Close Menu
    Оқылып жатыр

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 19 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

      19.03.2026

      Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

      19.03.2026

      Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

      19.03.2026

      Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

      19.03.2026

      Ақүйден Ақордаға жеткен хат

      19.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстан Президентінің сайлауына жеті кандидат қатысады

    Қазақстан Президентінің сайлауына жеті кандидат қатысады

    Саясат 07.05.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Президентінің сайлауына жеті кандидат қатысатын болды. Орталық сайлау комиссиясы кеше үш үміткерді кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде ресми түрде тіркеп, кандидат куәлігін тапсырды. Бұған дейін төрт үміткер кандидат куәлігін алған еді.

    ОСК мүшесі Ақылбек Ихда­новтың айтуынша, «Ауыл» ха­лық­тық-демократиялық пар­тиясы ұсынған Төлеутай Рахым­беков заң бойынша барлық құ­жатын тапсырды. Лингвис­ти­ка­лық комиссия отырысында мем­лекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді.

    – Президенттікке кандидат Төлеутай Рахымбековтің кірістері мен мүлкіне қатысты декла­ра­ция­ны тапсырғаны туралы мем­ле­кеттік кірістер органының анық­тамасы бар. Оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды берілді. Аумақтық сайлау комис­сия­ларының канди­дат Төлеутай Сатайұлын қолдап жиналған аза­маттардың қолын тексеру нәти­жесі туралы хатта­малар ұсынылды: Қазақстанның барлық өңірінен 122 309 аза­маттың қолы жиналды. Соның 120 754-ті расталды, – деді А.Ихданов.

    Кандидат куәлігін комму­нис­тердің үміті – Жамбыл Ахмет­беков те алды. ОСК мүшесі Бақыт Мельдешов осы уақытқа дейін Ж.Ахметбековтің барлық құжаты тапсырылғанын, лингвистикалық комиссия оның мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растағанын жеткізді.

    – Жамбыл Ахметбековты қолдап Қазақстанның 16 өңірінен 138 294 азаматтың қолы жиналды. 135 506 қол расталды. ОСК қаулысы бойынша кандидатты қолдайтын қажетті қол саны кемінде 118 140 болуы шарт», – деді Б.Мельдешов. ОСК қау­лысына сәйкес, Жамбыл Ахмет­беков те 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде тіркелді.

    «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозға­лысы­ның мүшесі, журналист Әміржан Қосановтың кандидаттық куәлігі де кеше тапсырылды. Комиссия мүшесі Ақылбек Иқданов Орталық сайлау ко­мис­сиясы Ә.Қосановты да заң­ның барлық талабына сай деп таны­ғанын атап өтті.

    – Хаттамалардың нәтиже­сіне сәйкес, Әміржан Сағидрах­манұлы Қазақстанның 14 өңі­рі­нен өзін қолдайтын 131 189 аза­­маттың қо­лын жинады. Олар­дың ішінен 129 582 расталды. ОСК қаулы­сына сәйкес, Ә.Қосанов кезектен тыс Президент сай­ла­уы­на кан­дидат ретінде тіркелді, – деді ол.

    Мемлекет басқарудан үмітті тоғыз үміткер болған, оның бірі кандидатурасын өз еркімен алып тастаса, енді бірі лингвистикалық комиссиядан өте алмады.

    ҚР Президенті Сайлау 2019

    Оқылып жатыр

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Әшімбаев вице-президент бола ма? Сенат төрағасы жауап берді

    19.02.2026

    Тәжікстан президентінің денсаулығына қатысты түрлі болжам айтылуда

    16.02.2026

    Соғыс кезінде өсім: Назарбаевқа тиесілі ресейлік банк пайдасын 10 есеге арттырды

    13.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

    19.03.2026

    Ақүйден Ақордаға жеткен хат

    19.03.2026

    Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

    18.03.2026

    Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

    18.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.